АУЫЗ СЫРНАЙ

АУЫЗ СЫРНАЙ  — қазақ халқының үрлемелі-уілдекті музыка аспабы. Халық арасында оның ауыз сырнай және қол сырнай деген екі үлгісі сақталған. Ауыз сырнайдың ұзындығы — 15 см, ені — 4 — 5 см, қалыңдығы 4 — 5 см. Екі жақтаудан тұрады. Жақтауларының сыртына күмістен немесе сүйектен ұлттық өрнектер жүргізіліп, ортасына дыбыс беретін ойықтар жасалады, оған үн беретін сапалы жұқа металдан тілшелер орнатылады. Ауыз сырнайдың жасалуы күрделі, сондықтан ел ішінде өте сирек кездеседі. Ауыз сырнай, көбінесе, жеке тартылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *