ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІНЕН ШЫҒАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІНЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІНЕН ШЫҒАТЫН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ.

Сыздыков С.Р. ТурмашевМ.Е.
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, sarsensyzdykov@mail.ru
Tbkpd@mail.ru

Сыбайлас-жемқорлық — тек әлеуметтік емес, сонымен қатар саяси құбылыс. Ол әлеуметтік өмірдің барлық саласында мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты өмір сүріп отырады. Өз кезегінде мемлекеттің жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған Қазақстанның ішкі саясаты сыбайласжемқорлық қылмыстарының жағдайына, құрылымы мен динамикасына ықпал жасап отыр. Сыбайлас жемқорлықтың ең көне және кең тараған түрлерінің бірі — парақорлық.
Жалпы алғанда парақорлық бұл — кез-келген өркениетті мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Қылмыстың бұл түрі елдегі режимге, ондағы басқару нысанына, идеологияға қарамастан кең етек жайып отыр.
Заңнамада парақорлық — қызметтік, пайда күнемдік мақсатта жасалатын қылмыстардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өзінің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз материалдық сыйақы алады.
Парақорлық — бұл сыбайлас жемқорлықтың ең көне және ең кең тараған түрлерінің бірі. Атақты орыс криминалисті В.И.Ширяевтың айтуынша: «ерекше өкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол кезден бастап пайда болды».
Басқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін — өзі басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару аппаратының, яғни мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне қарсы бағытталады.
Ал бұл аппараттың қалыпты қызмет етуінің ең басты шарты — бұл мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның қызметі үшін төленетін жалақысын заңдылық, жария — кұқықтық принциптеріне сай етіп төлеу.
Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам өз қызметін жүзеге асыру барысында қызмет мүддесін басшылыққа алып, өз қызметі үшін сыйақыны тек қана заңда көрсетілген тәртіппен алуы тиіс.
Парақорлық мемлекеттік басқару аппаратына іріткі салып, азаматтардың алдында оның беделін аяқ асты етіп, әділдікке сенімсіздік туғызып, шенеуніктердің жаппай сатылатындығы жөнінде пікір қалыптастырады.[2]
Парақорлық экономикаға, саясатқа, мәдениетке зардабын тигізіп қана қоймай, қоғамда билік ететін идеологияны, қоғамдық сананы — психология, мораль, адамгершіліктің құлдырауына әкеліп соғады.
Пара шенеунікті мемлекет қызметшісшен жеке мүдделердің кызметшісіне айналдырады, парақорлық тек құқықтық нормаларды ғана емес, мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесін бұзады.
Бұл пікірді А.М. Яковлев та қолдайды: Бұл қылмыс құқықтық тәртіпкеқол сұғады, нормативтік жүйенің сақтаушыларын, оның бұзушыларына айналдырады. Пара кез-келген заңнамалық шектеулерге, тыйымдарға кілтін таба алады.
Пара үшін тиімді контрактілер жасалады, керекті сараптамаларжүргізіледі, салықтық жеңілдіктер мен тиімді несиелер алынады, белгілі — бір кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін лицензиялар алынады.
Параны бере отырып құқық бұзушылар жауапкершіліктен жалтарады. Пара тіркелген кезде, ЖОО-на түсу кезінде, онда емтихан тапсырған кезде беріледі және алынады. Ең қатерлісі, парақорлық басқа қылмыстармен ұштасқан кезде болады олар: салықтық, кедендік, экономикалық, экологиялық және ұрлау қылмыстары. Американдық ғалым В.М. Райсмен, АҚШ — тағы парақорлық мәселесін зерттей отырып, кең тараған параның үш түрін айқындады: іскерлік пара (лауазымды тұлғаға ол өзінің қызметтік міндеттерін тезірек орындауын қамтамасыз ету үшін беріледі), тежеуші пара (тиісті жағдайда қолданылуы тиіс норманың қолданылуын тоқтата тұрғаны үшін беріледі), тікелей сатып алу (яғни белгілі бір қызметі үшін емес, қызметкердің өзін сатып алу. Ол өз жұмысында қалып, қызметін орындап, толықтай бейтараптылық білдіріп, бірақ үнемі пара берушінің мүдделерін корғап отырады).
Паралардың осы үшеуі де біздің елімізде кездеседі. Және лауазымды тұлғаны сатып алу ерекше қауіпті болып табылады. Ұйымдасқан қылмыстық топтар биліктік құрылымдардың өкілдерімен байланыстар орнатып, оларды жүйелі түрде «тамақтандырып», өздеріне тәуелді қылады.
Парақорлықпен күрес нәтижесінде кейінгі жылдары оның келесі түрлері анықталып отыр:
1) қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын — ала сөз байласпай, құқыққа сай әрекеті үшін пара алуы;
2) жоғарыда аталған жағдайларда, бірақ қызметтік міндеттерін бұза отырып пара алу;
3) қызметтік міндеттерін жасағанға дейін сыйақы алу.
Бұл жағдайларда қорқытып алушылық көптеп кездеседі, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам пара берушінің заңды мүдделеріне қайшы әрекеттер жасаймын деп немесе пара берушінің талап етуге құқылы әрекеттерді жасаудан бас тартамын деп қорқытуы;
4) Пара берушінің пайдасына заңсыз әрекеттерді жасағанға дейін-сыйақы алу;
5) Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның оның юрисдикциясындағы адамдардан жалпы қамқоршылығы және жол беруі үшін қандай да бір қызметтік әрекеті үшін алдын ала келіспей материалдық құлдылақтар немесе қызмет көрсетуді қабылдауы.
ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес парақорлық ұғымы-параны алу (366- бап), параны беру (367-бап), парақорлыққа делдал болу (368-бап) қылмыстарын қамтиды. [3]
Параны алу қылмысының аяқталуы, параны берусіз мүмкін емес. Сондайақ, параны беру қылмысының аяқталуы, параны алу орын алмаса мүмкін емес.
Бұл қылмыстардың арасындағы өзара тәуелділік заң әдебиеттерінде даудың туындауына әкеліп соқты.
Сот практикасын зерттей келе, құқыққорғау органдарының парақорлықпен күресуде нәтижелілік танытпай отырғанын анық байқауға болады. Көбінесе, қылмысты саралауда, ұқсасқылмыстарданажыратуда қателіктер кетіп жатады. Сонымен қатар бұл қылмысты дәлелдеу де өте қиын.
Практикалық және теориялақ аспектілерді зерттей келе, мынадай мәселелерді нақтылауға тура келді: лауазымды тұлға ұғымы қылмыстық құқықта толық анықталмаған, параның заты, параның төменгі мөлшері туралы, т.б.
Осы мақалада келтірілген ұсыныстар парақорлықпен күресте және құқық қолдану қызметінде қылмыстық нормаларды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін.
Мемлекеттік — биліктік құрылымдарда терең орныққан ол -қоғамдық, құқықтық сананың дағдарысына, құқықтық нигилизмге, мемлекеттік органдарға сенбеушілікке әкеліп соғады.
Парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселесін: Н.М.Абдиров,
А.Н.Ағыбаев, И.Ш.Борчашвили, У.С.Жекебаев, Р.Т.Нуртаев, Г.Д.Тлендиева,
С.М.Рахметов, ал Ресейлік ғалымдардан Б.В.Волженкин, В.В. Лунеев, С.Г.Келина, А.Н. Трайнин, А.К. Квициниа, В.И. Ширяев, Б.В. Здравомыслов,
П.И. Гришаев т.б. өз еңбектерінде зерттеген.
Көрнекті ғалымдардың бұл қылмысты толық зерттеуі, оны зерттеуге кедергі бола алмайды. Өйткені біздің заңнамада кемшіліктер өте көп.
Осы, параны алу, параны беру, парақорлыққа делдал болу мәceлeлepді қорытындылай келе мынадай шешімдерге келдім.
Әкiмшiлiк peфopмaның жeкeлeгeн бaғыттapы opтa мepзiмдi жәнe ұзaқ мepзiмдi пepcпeктивaдa oдaн әpi icкe acыpyды жәнe дaмытyды тaлaп eтeдi, aл кeйбip бacым бaғыттap бoйыншa бipқaтap пpoблeмaлapды шeшy қaжeт.
Нeгiзгi пpoблeмaлapғa мынaлapды жaтқызyғa бoлaды.
1.Нәтижeгe бaғдapлaнғaн жocпapлay жүйeciнe өтy пpoцeciнiң aяқтaмayы.
экoнoмикaлық, cтpaтeгиялық жәнe бюджeттiк жocпapлay жүйeciнiң apacындa өзapa бaйлaныcы жeткiлiкciз, нәтижeгe бaғдapлaнғaн бюджeттeyдi (бұдaн әpi —
НББ) eнгiзy пpoцecтepi тoлық aяқтaлмaғaн;
2.cтapтeгиялық жәнe бaғдapлaмaлық құжaттapдa көздeлгeн шapaлap мeмлeкeттiк opгaндapдың cтpaтeгиялық жocпapлapындa caпaлы көpceтiлмeгeн;
3.cтpaтeгиялық жocпapлapдың жeкeлeгeн бaғыттapын әзipлey бөлiмдepмeн acыpa («Вeдoмcтвoapaлық өзapa ic-қимыл», «Фyнкциoнaлдық мүмкiндiктepi», «Тәyeкeлдepдi бacқapy» бөлiмдepi) көбiнe фopмaльдi cипaтқa иe;
4.мeмлeкeттiк opгaндap қызмeтiнiң тиiмдiлiгiн бaғaлay инcтитyтының қaлыптacyы aяқтaлғaн жoқ;
5.Қaзaқcтaн Pecпyбликacындaғы мeмлeкeттiк iшкi қapжылық бaқылayдың қoлдaныcтaғы жүйeci жoл бepiлгeн бұзyшылықтapды aнықтay жәнe жaзaлay opнынa бұзyшылықтapдың aлдын aлy жәнe пpoфилaктикacын көздeйтiн xaлықapaлық пpaктикaның тaлaптapынa тoлық cәйкec eмec.
Тағы бір мәселені қылмыстық квалификациялауда көрсету жөн болады.
Пара алушының әрекетін саралайтын болсақ, егер оның пара ретінде берген заттар ұрланғанытуралы білгендігі дәлелденсе, онда ол пара алғаны үшін және көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны үшін жауап береді. [4]
Осылайша парақорлық пен ұрлықты жиынтык бойынша саралау мәселесін шешу үшін, келесі жағдайларды анықтау керек:
1) пара алушы, пара бөтеннің мүлкінен беріліп отырғандығы жөнінде білді
ме;
2) пара кімнің мүддесі үшін (өзінің бе не өзге біреулердің) берілді;
3) мемлекеттік қызметті атқаруга уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны алу барысында бөтеннің мүлкін заңсыз алуға тікелей қатысты ма.
Осы жағдайларға байланысты, жоғарыда көрсетілгендей, қылмыскерлердің әрекеттерін саралау күрт өзгеріп отырады.
Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адамның параны алмаған жағдайда да, бұл параны беру қылмысының жеке даралығын білдірмейді. Бұл жерде қылмысқа оқталу орын алады, яғни пара беруші қылмыстың обьективтік жағын орындап, өзіне тәуелді әрекеттердің барлығын жасаса да, мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам параны алмаса, онда пара беруші пара беруге оқталғаны үшін жауапқа тартылады.
Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың мынандай жекелеген түрлері бар: қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану, билікті не қызметтегі өкілеттікті асыра пайдалану, лауазымды адамның өкілеттілігін теріс пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, қызметтегі әрекетсіздік, салақтық.
Осы тақырыпты зерттей келе, біз осындай ұсыныстар енгізілгенін қалаймыз:
Уағдаласқан әрекеттерді пара үшін орындау туралы келіскен және параны берген жұмысшы пара беруге қатысушы ретінде жауапқа тартылады. Егер ол тапсырыстың сипаты туралы біліп, тек қана параны беретін болса, онда оның әрекеттері парақорлыққа делдал болу деп саралануы керек.
Пара беруді ұйымдастыратын, айдап салатын немесе параны алу-беруге көмектесуші болатын және сол уақытта делдалдық функцияларды атқаратын тұлға, параны алу мен беруге қатысқаны үшін жауап береді.
Бұл жағдайларда парақорлыққа делдал болу бойынша қосымша саралау қажет емес, деп көрсеткен. Сондықтан, ҚР ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігінің диспозициясын Жоғары сот Пленумының қаулысымен сәйкестендірген дұрыс.
Делдалды қылмыстық жауаптылықтан босатудың нормасын қарастырған жөн. Өйткені ол парақорлықпен күресті күшейтіп, парақорларды әшкерелеуге көмегін тигізетін еді және қылмыстық жауптылықтан босатудың шарты — делдалдың тек ерікті хабарламасы гана бола алады деп есептейміз.
Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.
2. .«Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі және қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғыртудың негізгі бағыттары» ғылыми-практикалық конференциясының материалдарының жинағы. /Алматы:12.03.2014ж.
3. Жаңа Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық-іс жүргізу кодексі. 2015 ж:
4. «Соттардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істерді қарау тәжірибесі туралы». Жоғарғы соттың 13 желтоқсан 2001 жылғы №18 нормативтік қаулысы.
5. Кемали Е. Актуальные вопросы реализации антикорупционной политики в Казахстане на современном этапе. //Закон и время. — №5. 2006. – С. 38.
6. Мәмет С. Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық шаруа емес. //Егемен Қазақстан. — №135-136. 2008. – Б. 2.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *