ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДА ОТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ


ТАРИХИ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДА ОТАН ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бимаканова З.Ш.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ, Петропавл, Қазақстан bimakanova1956@mail.ru

Елбасы тарихи сананы жаңғырту мәселесінде: «Біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінгінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты» деп ірі жобаларды ұсынады. Онда: «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады», деп ұлттық тарихымызға терең үңіліп, түп-тамырымызды жете танып, оның күрмеуі күрделі түйінін шешуге ұмтылу – баршамызға ортақ міндет деп ескертеді [1].
«Мәдени мұра» — ақтаңдақтарды қалпына келтіріп, өшкенімізді жандырса, «Рухани жаңғыру», — ұлт тарихын таныстыратын даңғыл жол, ал «Ұлы Даланың жеті қыры» — ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге насихаттайтын төлқұжат деп қарауымызға болады.
Әрбір мемлекет өзінің дамуы барысында ең алдымен мемлекеттің тарихына мән береді. Елімізде де тарих ғылымы қоғамдық-саяси өмірдің алдыңғы қатарына көтерілді. Өйткені оның тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады. Тарихты өткен өмір ғана, — деп білу жаңсақ пікір. Шынайлықты тапқан тарих адамзаттың әлемдегі өзіндік орнын белгілеп берсе, ал бұрмаланған тарих адамзаттың өздігін жоғалтып жібереді. Мәселен, Түркияда республика құрылғаннан бастап отан тарихы ғылымын дамытуға, жетілдіруге ерекше мән беріледі. Бастама ретінде 1930 жылы түрік елінің басшысы Мұстафа Ататүрк: «алдымен ұлтқа, тарихын, ұлтының асыл екенін, барша мәдениеттің анасы – алдыңғы қатардағы ұлттың ұрпағы екенін үйретуге тиіспіз», — деп ата өтеді [2]. Міне, осындай патриоттық жолда оқытылған тарихтың арқасында қазіргі таңда түрік елінде патриоттық сезім жоғары деңгейге көтерілген. Әрбір түрік азаматы өз тарихын мақтан ететін жағдайда отыр. Яғни ұлтын қастерлейтін өз отанының тарихын ұлықтайтын ұрпақтың келешегі айқын екені дәлеледенеді.
Мемлекеттің келешегі үшін елімізде тарих ғылымын жетілдіруге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып келеді. 1995 жылы «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» қабылданса, 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», — деп жарияланды, ал «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салалар стратегиялық ұлттық жоба болып табылады. «Мәңгілік ел» идеясы, «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар», «Ұлы Дала Елінің жеті қыры» атты Елбасының мақаласы аясында көптеген іс шаралар қолға алынып жатыр. Бұл тек тарихшылардың қуанышы ғана емес, сонымен қатар ұлттық мақтанышымызды білдіреді.
Қазіргі таңда тарихшы ғалымдардың, археолгтардың, этнографтардың мойнында ауыр міндеттер бар. Өйткені, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ тарихы бұрмаланып, жазылынып келгені белгілі. Қазіргі уақытта отан тарихын оқытудағы өзекті мәселелердің бірі тарихымыз арқылы жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Мұны тарихи оқиғаның саяси бағыттарына ғана назар аудармай, рухани, мәдени, әлеуметтік, этнопсихологиялық т.б. тұстарына тоқтала отырып оқыту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл әдістің «Ұлы Дала Елінің жеті қыры» атты Елбасының мақаласында көрсетілген жобалар жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз.
Отан тарихын оқытудағы өзекті мәселелердің бірі – Қазақстан тарихын жеке жұрнақтармен емес, тұтастай қалпында қазіргі замануи ғылым тұрғысынан түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз жеткілікті деген Елбасы. Деректердегі мағлұматтардың арасындағы әртүрлілік болып табылады. Тарихшы мамандарға сол мағлұматтардың шынайлығығын анықтап, бір ізділікке жеткізу қажет деп ескертеді.
Сонымен қатар, тарихи оқиғаларды талдай отырып, тарихи хронологияға бөлу немесе дәуірлеу мәселесі отандық тарихы ғылымында ауқымды орынды алады. Бұл мәселеге қатысты ғылыми таным аясының кеңейе түсуіне орай бірқатар тұжырымдамалар ұсынылып отыр. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қозыбаев оқулары – 2018: Еуразиялық әлеует және жаҺандық сын-қатерлер жағдайындағы жаңа даму мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих факультетінің деканы,т.ғ.д., профессор
Т.С.Садықовтың «Академик М.Қ.Қозыбаев және Отан тарихын кезеңдеудегі жаңа методологиялық ұстанымы» атты баяндамасында кезеңдерге бөлу тарихқа деген дұрыс ұстаным деген. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызды терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады деген болатын [3].
Ортағасырлық отан тарихын оқытуда біріншіден, қазақ хандығының орталықтанған билік жүйесіне тоқталса. Оқулықтарда бұл мәселе жалпылама түрде аталады. Екіншіден, ортағасырлық көшпелі халықтың рухани мәдениетіне мән берілсе. Өйткені қазақ халқының хандары, билері, ақындары, жыраулары, ойшылдары мен әншілері ислам дінінің білгірлері, ислам өркениетінің өкілдері [4,414 б.].
Ортағасырлық қазақ даласы туралы мәселе көтерілгенде рухани өмірдің саясаттағы, әлеуметтік қоғамдағы ықпалы мен рөліне кеңірек тоқталса. Бұл ата-бабамыздың дәстүрлі рухани жолын, мәдени жетістіктерін Ұлы Далада пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралағаны жастардың тура жолдан адаспауына үлесін қосады.
Жаңа заман тарихында қазақ хандығының патшалық Ресейдің боданына айналу тарихы өзіндік өзекті мәселелерге толы. Ол кезде қазақ хандығына өз территориясын сақтап қалу қаншалықты маңызды болса, ал патшалық билікке экономикалық табыс көзі тиімді болды. [5.448 б.] Бұл идеология ХҮІІІ ғасырдағы ресейлік зерттеушілердің еңбектерінен анық байқалады.
Зерттеуші ғалымдар өз еңбектерінде ХҮ ғасырдың ортасынан қазақ хандығы тұтас саяси құрылым ретінде өмір сүріп, ХҮІІІ ғасырдан бастап әрбір жүз өз хандарын сайлай бастағанын тілге тиек етеді [6-96 б.]. Орталық биліктің дағдарысқа ұшырауына қандай факторлар себеп болды, неге жауға қарсы тойтарыс бермедік деген сұрақтар туындайды. Демек, бұл жағдай әлі терең зерттеуді қажетсінеді.
Патшалықтың идеологиясы халықты материалдық, әрі этнопсихологиялық тұрғыдан қысты. Идеологияның қаншалықты дәрежеде қиындық тудырғанын қазақ жерінде үнемі бой көтеріп тұрған ұлт-азаттық қозғалыстар дәлеледеп береді. Әрине, аталмыш қозғалыстардың өзіндік алғышарттары мен салдарлары болды, бірақ барлығын біріктіруші сипат азаттыққа ұмтылысы болатын.
Тарихи тұлғаларға ұлттық көзқарас мәселелері бүгінде көтеріліп жаңа қырыннан танып білуге мүмкіндік жасалуда. Бүгінде біздің жазба тарихымызда бүкіл іс-әрекеті, тарихы бұрмаланған тарихи тұлғалар аз емес.
Біреуі тарихи өлеңдерде саналған ел қаҺармандары, екіншісі ел тілегін айтып, зар, мұңын сөзбен шығарған ойшыл қария, өлеңші ақын, жырау болатын. Солардың бірі кезінде Әмір Темір «қыпшақ ханы» деп атаған, Алтын Орданың даңқын дүркіреткен Тоқтамыс хан. Кезінде орыс жерін бағынышта ұстаған тарихи тұлға кеңестік тарихнамада қаралау тұрғысынан жазылып келді. Едіге тарихына да жаңа көзқарас қажет. Қазақ зерттеушілеріне бірнеше Едіге белгілі. Біріншіден Түркі халықтарының ауыз әдебиетінде ерлігі дәріптелетін тарихи тұлға. Бүгінде тарихи ойлау еркіндік алды. Енді біздің тәуелсіз тарихымыз тәуелсіз ойлауды талап етеді. Сондықтан тарихнамада бұрын қалыптасқан тарихи көзқарасты қайта қарауды қажет етеді. Кезінде күрделі тарихи оқиғалардың бел ортасында жүрген және саяси тағдыры көптеген тарихи тұлғалардың іс-әрекетімен тығыз байланыста болғандықтан, әділ баға беру қазақ мемлекеттілігінің тарихи тамырларының маңызы мен рөлін дұрыс түсіну болып шығады. Күллі түркі жұрты батылдығына, ерлігіне, қайраткерлігіне тәнті болып, бас иген ірі тұлғаларымызға жастар соған қарап, талпынып өссе, оның қайраткерлік, отаншылдық рухқа толы бейнесінен үйренсе ұлттық тарихымыз өзінің міндетін орындаған болар еді.
Ұлттық интеллигенцияның тарихи мәселелерге қатысты тарихи көзқарастарына арнайы зерттеулер мен талдау мәселесі тарихнама ғылымында ұлттық көзбен қарап жазуында болар еді. Отан тарихын оқытуда әрбір дәуірге қатысты деректер өз кезеңіне байланысты пайдаланылса, құнды мәліметтер ұсынылсадеген пікір бар.

Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Ұлы даланың жеті қыры». «Айқын» газеті. 2018. 21 қараша.
2. Аманжолов К., Рахметов К. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1997. – 288 б.
3. «Қозыбаев оқулары – 2018: Еуразиялық әлеует және жаҺандық сынқатерлер жағдайындағы жаңа даму мүмкіндіктері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция. Петропавл қ., 2018 ж. 16 қараша.
4. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы (ежелгі және ортағасырлық кезең). Монографиялық зерттеу. Алматы: «Адамар» ЖШС, 2007. — 432 б.
5. Қазақ хандығының құрылу тарихы: Монография. Б.Б.Кәрібаев. Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014. – 520 б.
6. Омарбеков Т. Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 388 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *