XIX ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ – XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
АУМАҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ
ЭТНОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУЫ
Бимаганбетова Ж. Т., Курмангалиева Ж. С.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі
06032017a@mail.ru
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың алғашқы екі он жылдығында отандық тарихтың, оның ішінде Қазақстанның ұлан-ғайыр оңтүстік өңірін қамтитын бұрынғы Түркістан өлкесі, Сырдария облысы тарихтың аса күрделі де ауыр кезеңдердің біріне жатады.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстікшығыс аймақтарының 60-70-жылдары Ресей империясының отарына айналуына байланысты 1887 жылдың бірінші қаңтарында патша үкіметінің шешімімен Сырдария облысы құрылып, оның құрамына Қазіргі Қазақстан Республикасының Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысының аумағы және Өзбекстанның Ташкент аймағы енген болатын.Бұл жыл тарихиәлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы жыл болды. 1905 жылдары бірінші орыс революциясы және оның Ресей империясының Түркістан сияқты отарлық аймақтарына тигізген әсері Орта Азия мен Қазақстанды түгелге дерлік қамтыған. 1967 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс оларға жалғасқан 1917 жылғы қос революция мен азамат соғысы және оның нәтижесінде Кеңес үкіметінің жеңіске жетуі осы кезеңнің басты саяси оқиғалары болды [1].
Жоғарыда аталған кезеңнің 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын уақыты аса өткір әлеуметтік және саяси қарама-қайшылықтарға толы болды. Дәл осы жылдары Кеңес үкіметі толық жеңіске жетіп, келешек тоталитарлық Кеңес Одағы аталған мемлекеттің негіздері қаланды, оның таптық ұстанымдары мен коммунистік идеологияға негізделген билік жүйесінің саясат, экономика және идеология салаларындағы негіздері құрылды. Қазақстанның оңтүстік аймағының Ресей империясының отарына айналуы мен оның салдары жөнінде көптеген зерттеулер жазылды. Олардың қатарына К.К.Паленнің, В.Задорскаяның, Г.Александрованың, А.И. Добромысловтың, П.Г. Галузоның, М.Шоқайдың т.б зерттеушілердің еңбектерін бірінші кезекте атаған жөн. Кеңестік тарихнама тарихының 1917-1920 жылдар аралығын қамтитын кезеңі зерттеушілер тарапынан үлкен ықыласқа ие болды. Зерттеушілердің 80-жылдардағы есеп мәліметтеріне сүйенсек, елде қазан революциясының жеңіске жету тарихына, оның ішінде Қазақстан кеңес үкіметінің орнау тарихына арналған тек қана кітаптар мен басқада қорытынды еңбектердің саны 15 мыңдай болған [2].
Өзбекстанның бір топ ғалымдары (Р.М.Абдуллаев, С.С.Ағзамходжаев, И.А.Акимов т.б.) жариялаған көлемді кітапта Түркістан өлкесінің XX ғасыр басындағы тарихтың күрделі мәселелерін ұлттық тәуелсіздік тұрғысынан қарастырды. Атап айтқанда, Түркістан автономиясының құрылуымен күштеп таратылуы, Бұқара және Хорезм Республикалары тарихының саяси және әлеуметтік — экономикалық қырлары ұлтаралық территориялық межелеу мәселелері тарихи шындыққа сай зерттелген. Алайда, бұл еңбекте 1924 жылға дейін Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген, қазақтың байырғыдан бергі ата қонысы болған. Сырдария және Жетісу облысы тарихи мәселелеріне жеткілікті мән берілмеген. Сонымен қатар Алаш және Түркістан автономиялық тағдырындағы ұқсастық пен олардың әрқайсысына тән ерекшеліктер жөнінде нақты айтылмаған.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгелі рухани өмірдегі жетістіктерінің бірі қазақтардағы ақтаңдақтардың орнын толтыруда біршама игілікті істер атқарылды. Соның өзінде жарты ғасырдан астам идеологиялық шырмауда болып келген тарих ғылымында жабулы тақырыптар әлі де баршылық. Жалпы тарихи географиялық аймақты арнайы да тереңдете зерттеу осы аймақтың өзіндік ерекшеліктерін анықтап қоймай, қазақ даласының сол кезеңде дамуына мүмкіндік бергені сөзсіз.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басындағы қазақ даласындағы патшалық Ресейдің отарлау саясаты жөнінде ғалымдардың бірлі жарым мәселе көтеріп, ғылыми еңбектер жазғанымен шын мәнінде толық зерттелмей, яғни ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала қойған жоқ. Бұл отарлау саясатының бір түрі миссионерлік саясат жөнінде жазылған тарихи еңбектер Қазақстанда жоқтың қасы деуге болады [3].
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» атты Жолдауында еліміздегі әлеуметтік демографиялық ахуалға ерекше берілгені баршаға аян. Осы жолдаудың негізінде қабылданған мемлекеттің көптеген басқа да бағдарламалары бар. «Халықтың денсаулығы», «Білім», «Қазақстан
Республикасының ана мен бала денсаулығын қорғау», «Қазақстан
Республикасының денсаулық тәрбие мен спортты дамыту» тағы басқа көптеген жүргізіліп жатқан мемлекеттік шаралар еліміздегі халықтың әл — ауқатын, денсаулығын тұрмысын жақсартуға, жұмыссыздықтарға қарсы күресу бағытталған. Қазақстанның тарихи демографиясының кейінгі кезде тез қарқынмен дамуы және аймақтар халқының өсіп-өнудегі ерекшеліктері зерттеп, талдау, демографиялық және көші-қон саясаты үшін зор маңызы бар. Кеңес үкіметі кезінде барлық халықтар біртұтас кеңес халқы, олардың арасында ерекшелік жоқ, сондықтан олардың арасындағы демографиялық даму да бір тұтас болуы керек деген түсінік ғана болды.
Соңғы жылдары туудың азаюы,өлім көрсеткішінің жоғары болуы және көші-қондық процестердің өсуіне байланысты елімізде халықтардың табиғи жолмен өсуі күрт төмендеп, ауыр демографиялық ахуал қалыптасып отыр. Қазақстан халқы тек ішкі факторлар ғана емес, сонымен қатар сыртқы күштер әсерінен де дамыды. Ол этнодемографиялық және әлеуметтік жағдайларды түбірімен өзгерістерді толық білу үшін оның жекелеген аймақтарын қарастыруымыз керек [4].
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Қазақстан халқының әлеуметтік демографиясына қатысты ірі зерттеулер қатарына Н.В.Алексенконың «Население до революционного Казахстана размещение, состав 1870-1917г.г.» атты монографиясы жатады. Онда Қазақстанның Ресей құрамасына енгенннен кейінгі тарихындағы ерекше кезең қарастырылды, автордың пікірі бойынша бұл халықтардың келешектегі дамуына жол ашып берген кез болды.
XIX ғасырдың 50-60 жылдары Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның сонымен қатар Орта Азияның патшалық Ресейдің отарына айналу процесі аяқталды. Алып империяның жаңадан қосылған бұл өңірлерін патша үкіметі тез қарқынмен метрополияның арзан шикі зат көзі мен өз тауарларын қымбат бағамен өткізетін рыногына айналдырды. Қазақстан мен Орта Азияның бүкіл Ресейдің отарына айналуы еді [5].
Түркістан генерал губернаторының құрамындағы Сырдария облысының 1887 жылғы 1 қаңтарда құрылды. Әкімшілік территориялық тұрғыдан Ташакент, Чернияев, Әулиеата, Перовск және Қазалы уездерінен тұратын облыстың жер көлемі 459 мың км тең ұлан-ғайыр территорияны алып жатыр. Бұл жердің басым көпшілік бөлігі бағзы замандардағы қазақтардың атақонысының құрамына енді. Облыс тұрғындарының құрамы көп ұлтты болғанымен қазақтар басым көпшілігін құрады.
Осыған қарамастан Сырдария облысының 1918 жылғы мамырдағы 1924 жылға дейін алғашында Түркістан генерал-губернаторының кейін Түркістан өлкесінің құрамында болып келіп, тек қана 1924 жылы Орта Азияны ұлттық территорияны межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-іне қосылды. Ресейдің отарына айналысымен әсіресе ХІХ-ХХ ғасырдың тоғысында Түркістанға капиталистік қатынастардың енуімен бірге отарлық езгі күшейе түсті. Патша үкіметінің жаңадан қосылған өңірдің отарлық сипатын түпкілікті анықтауды орнықтыруды ойластырды. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін патша үкіметі Қазақстан мен Түркістан өлкесінде оның ішінде Сырдария өлкесінде бар жүйелі түрде ХІХ ғасырдың 60 жылдары көп салалы реформаларды әкімшілік территориялық сот және діни реформаларды жүзеге асырды. Олардың нәтижесінде Қазақстан мен Түркістан өлкесін мекендеген халықтардың этникалық территориясы бөлшектенді. Сот жүйесі жалпы республикалық сот жүйесіне сәйкес қайта құрылды, жергілікті халықтардың жергілікті мемлекеттік меншік деп жариялады [6].
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік демографиялық жағдайдағы болып отырған өзгерістер ол дүние жүзінің барлық халықтарының дамуына сай келетін индустрияландыруға тікелей байланысты. Оған жататындар туудың азаюы, өлім санының артуы, халықтық жастағы кәрілік. XXI ғасырда өмір сүріп отырған халықтардың негізгі мақсатының, міндеттерінің өзі халықтың жеке басы мен және оны тез арада жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі кездегі уақыт ұттырмай шешімін күтетін мәселелер қатарына жататын ол жұқпалы аурулардан адам өлімінің көбеюін тоқтату, ана мен баланың жалпы отбасының құқығын сақтау, бала туатын жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту болып отыр.
Сырдария өңіріндегі әлеуметтік демографиялық даму тарихына тоқтала отырып мынадай қорытындылар мен тұжырымдар жасауға болады.
Ресей империясының аймағындағы отаршылық саясаты мен оның зардаптары елдегі территорияның экономикалық жағынан қайта құрулар мен аймақтағы жүргізілген экономикалық реформалар, аймағындағы саяси басқару жүйесі түрлерімен жергілікті халықты отарлыққа ұстауға негізделе отырып жүргізілді. Аймақтағы шешімін таппаған жер мәселесіндегі шиеленіс жергілікті халықтары ұлт-азаттық көтеріліс жасауға өздерінің тәуелсіздік үшін күрес жолына әкелді [7].
Қазақстан аймағында тұрып жатқан әртүрлі этникалық топ өкілдері отырықшы аймақтың, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуына да өз үлестерін қосып қана қоймай демографиялық дамуға да өз үлестерін қосып отырды. Аймақтағы көші-қон халықтарының құрамындағы өзгерістерге әсер етіп, оны көпұлтты аймаққа айналдырды.
Аймақта жүргізілген индустриаландыру негізінде халық санының құрылымында да ірі өзгерістер болып, әлеуметтік топтар арасындағы ең көп санды жұмысшы табы қалыптастырды, сонымен қатар аймақта колхозшылар мен қызметкерлер саны өсті. Зерттеліп отырған кезеңде білім деңгейі жағынан өте төмен сатыдан аймақ бірте-бірте ірі ғылым орталығына орналасқан, білім деңгейі жоғары сатыға көтеріліп мәдени экономикалық орталықтың біріне айналды.
Әдебиеттер:
1. Тулекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік демографиялық дамуы (1897-1999жылдар). — Алматы, 2003 ж. 14-17 б.
2. Тәтімов М.Демография – наука о народа населении. – Алматы, 1994ж.122123 б.
3. Проблемы социально-экономического и этнодемографического развития городов Казахстан. – Алма- Ата, 1985 г. 64-68 с.
4. Бекназаров Р. ОңтүстікҚазақстантарихыныңочеркі (XIX-XXғғ.) – Алматы, 1976 ж. 168-169 б.
5. Қозыбаев М.К. АласұрғанXXғасыр. – Алматы, 1997 ж.
6. Бекмаханова Н.Е. Многонационального население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма (60-е годы XIX в. -1917 г.) – Москва. Наука, 1986 г. 242 с.
7. Динашева Л..С. ОңтүстікҚазақстандағықонысаударушылармәселелері: жаңакөзқарас. Кандидаттықдисс. Авторефераты. – Алматы, 1999.Заорская
В., Александров Г.А. Промышленные заведения Туркестанского края. Вып. 1. Пг.,1915 г.