«Таным» білім беру саласы «Салт дәстүр-асыл қазынам»атты Оқу қызмет жоспары.
Күні, айы, жылы:10.09.2019 жыл. Тақырыбы: «Жеті ата». Мақсаты: Жеті ата дегеніміз не екенін түсіндіру,өздерінің жеті аталарының аттарын атауға үйрету.Тіл байлықтарын дамыту.Балаларды қазақтың салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Тамырынан жоғары жеті атасы бейнеленген ағаш суреті,домбыра,қасиетті қамшы,ұлттық киімдер. Билингвальды компонент:жеті ата-предки,ата-дедушка. Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Шаттық шеңбері Күнмен сені сүйемін, Саған сәлем беремін. Жылу бер,бақыт бер, Мейірім бер,шабыт бер.
Қазақ халқы салт дәстүрлерінің тарихы өте бай ел.Қазақтың кейбір дәстүрлері ұмытылып барады,ал кейбір дәстүрлері бүгінгі күнге дейін маңызын жоймаған.
«Жеті ата»туралы тақпақтар жаттау . Баланың баласы, Көздерінің қарасы. Атасына немене? Әжесіне немене? Немере
Немеренің баласы, Көңілімнің санасы. Атасына немене? Әжесіне немене? Шөбере
Шөберенің баласы, Көйлегімнің жағасы. Атасына немене? Әжесіне немене? Шөпшек
Ақ шөпшіктің баласы, Саусағымның саласы Атасына немене? Әжесіне немене? Немене
Немененің баласы, Алты ауыздың арасы. Атасына қай бала? Әжесіне қай бала? Қайнама
Қайнаманың баласы, Бересі де аласы. Жаңа әулеттің ескісі, Ескі әулеттің жаңасы. Атасына туажат. Әжесіне туажат. Туажат.
Жетеуі де ірі, Жеті атаның бірі. Болмау үшін жаман,
Болмақ шін саламат. Үйленуге болмайды, Деп саламат жолдайды. Аманат.
Сергіту сәті Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң да бір жақсылық, Қайтарады саған да. Кішілерді аяла, Кісілерден аянба. Адамдығың көрінсін, Анадай жансаяда.
Балалармен вариативтік компонентті қорытындылай келе, «Теңге алу» ойынын ойнайды.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:Балалар қазақ халқының салт дәстүрерінің бірі жеті атаның мағынасын түсіне біліп,жаңғыртады. Түсінеді: «Жеті ата»туралы тақпақтарды жатқа айтып,мағынасын түсінеді. Қолданады: Балалар аталарының аттарын атап,оларды жатқа айта білуді
Алматы облысы,Іле ауданы,Байсерке ауылы
«Ақбота» бөбекжай балабақшасының
тәрбиешісі;Мугужанова А.М.