Жаңа жылда, жаңа бақыт

(Залдың іші мерекеге сай безендірілген,музыка ойналып залға сайқымазақ келеді)
Сайқымазақ Алик келеді . Көрерменмен амандасады
-Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар,ата-аналар!Ой, мереке әлі басталмаған ба мен кешігіп қалған екенмін десем.Балалар қайда,Аяз ата мен Ақшақар қайда менің досым Шурик қайда
Осы кезде Шурик келеді.Досымен амандасады.
Алик -Досым, сен халықпен амандастың ба?
Шурик: Жоқ
Алик Ең бірінші халықпен амандасып ал
Шурик: ( Көрермен мен қолын беріп амандасады )
Алик: Сен не істеп жатырсың бұлай амандасатын болсаң кеш болады ғой мерекемізді қашан бастаймыз?
Шурик: Енді қалай амандасам ?
Алик : Ассалаумаалейкум деп амандасып көрсетеді
Екеуі бірге амандасады.
Шурик Ой, балалар қайда
Алик Білмеймін мен келсем әлі жоқ ,мерекені балаларсыз қалай бастаймыз
Шурик Балалар мерекеге дайындалып жатқан шығар мен барып шақырып келейін деп шығып кетеді.
Музыка ойналып ішке балалар кіреді.
Жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендерде, көрмеген де арманда,
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып ағайын.
Жаңға шуақ, бойға қуат әкелген
Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
-Сәлеметсіздер ме ,құрметті қонақтар ,ата-аналар және балалар !
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
-Балалар сендер қандай әдемісіңдер,біз мерекеге дайынбыз ба?
Сайқымазақтар: –Сәлеметсіздер ме балалар Мерекелерің құтты болсын бізде сендермен мерекені тойласақ қалай қарайсыңдар
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе әрине болады бізбен бірге мерекені тойлап балалардың көңілін көтеріңдер.Олай болса мерекемізді бастайық.
Балалар тақпақ айтады.
(Осы кезде музыка ойнап түлкі бауырсақты қуып келеді)
Бауырсақ: –Құтқарыңдар,түлкі мені жеп қояды деп шыршаны айналып жүгіреді.
Түлкі: –Тоқта бауырсақ,мен сені жемеймін сенің әніңді дұрыс естей алмай қалдым ,тағы бір рет айтып берші деп қуа жөнеледі.
Жүргізуші: –Тоқтаңдар сендерге не болған бізде бүгін мереке болып жатыр сендер неге мерекенің сәнін бұздыңдар.Сендер де келіңдер бізбен бірге мерекені тойлаңдар Аяз ата мен Ақшақарды бірге қарсы алайық.
Түлкі: қуланып Жарайды ендеше мерекені бірге тойласақ тойлайық менде Аяз атадан сыйлықтар алғым келіп тұр.
Бауырсақ -Алақай менде мерекге қатысып көңіл көтергім келеді.
Жүргізуші –Балалар олай болса мерекемізді әнмен жалғастырайық.
Балалар ән айтады.
Жүргізуші Балалар мерекеміз басталып кетті Аяз атамен Ақшақар неге келмей жатыр екен
Бауырсақ –Балалар Аяз атамен Ақшақар келгенше бір билеп көңіл көтеріп алайық.
Бауырсақпен балалар би билейді.
Жүргізуші –Балалар бір дыбыс естілетін сияқты мүмкін Аяз ата мен Ақшақар шығар келіп қалған.
Осы кезде залға мыстан кемпір кіреді.Сыпырғысымен ұшып келеліп құлап түседі.
Мыстан – Мына жерде не болып жатыр а, мен ұшып бара жатыр едім төбеден мына балаларды көріп әдейі келдім.Бұнда не болып жатыр?
Сайқымазақтар –Ой ,әже сен қандай әдемі едің,бізде бүгін Жаңа жыл мерекесі, балалар Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отыр, оларға арнаған тақпақтары бар сен балаларға тиіспе келіңіз оданда мерекені бірге тойлайық ,біз сіздің көңіліңізді көтеру үшін сиқыр көрсетейік .
Мыстан –Менің көңілімді көтересіңдер ме,көрейік егер көтермесеңдер мына мерекелеріңнің шырқын бұзам.
Сайқымазақтар сиқыр көрсетеді.
Мыстан Қарқылдап күліп көңілденеді.Менің көңілім көтерілді енді мен сендерге би билеп берейін деп би билейді.
Мыстан балаларға би билеп береді.
Жүргізуші –Әже сіз қандай әдемі би билейсіз .Әже сіз жолда Аяз атмен Ақшақарды көрмедіңіз ба ,Олар кешігіп жатыр.
Мыстан -Жоқ көрмедім,Ой ,балалар сендер сондай жақсы балалар екенсіңдер мен сендерге Аяз ата мен Ақшақарды шақырып келейін.
Мыстан сыпырғысымен ұшып залдан шығып кетеді.
Жүргізуші –Балалар Мыстан әжеміз Аяз ата менАқшақарды шақырып келгенше мерекемізді жалғастыра берейік
Балалардың тақпақтары
Осы кезде залға Аққала көңілсіз келеді
Аққала-Сәлеметсіздер ме балалар,мені кешіріңдер сендерге Аяз атасыз Ақшақарсыз келддім. Біз сыйлықтарыңды алып келе жатыр едік бізді жолда қарақшылар ұстап алып Аяқз ата мен Ақшақарды қамап қойды ,мен әзер қашып шықтым.Олар мен қуып келе жатыр.
-Балалар көмектесіңдер.
Бауырсақ: –Кел Аққала досым қорықпа біз саған көмектесеміз.Кел міз сені жасыпып қоямыз деп Аққаланы жасырып қояды.
Музыка ойнап залға Қарақшы кіреді.Балалардың үстін қарап қазына іздеп жүреді.
-Қайда, қайда әлі Аққала осында келді оны тауып беріңдер.
Жүргізуші: –Сәлеметсіз бе қарақшы мырза.Бізде бүгін жаңа жыл мерекесі.
Қарақшы: — Мені неге мерекеге шақырмайсыңдар ә,Аяз ата мен Ақшақарды күтіп отырсыңдар ма ,олар келмейді, мен оларды қамап қойдым.
Жүргізуші: Сіздің бұл жасағаныңыз дұрыс болмады.Біз мерекеге көп дайындалдық,Аяз ата мен Ақшақарға дайындаған тақпақтары әндері бар еді.Енді не істейміз.
Түлкі: –Қарақшы мырза,сіз сондай жақсы адамсыз,келіңіз сізде бізбен бірге жаңа жылды қарсы алыңыз,көңіліңізді көтеріңіз.
Қарақшы: –Жоқ,маған қазына керек,ақша керек,менің мереке тойлайтын уақытым жоқ.Сендердің мерекелерің бәрібір болмайды Аяз ата мен Ақшақарды мен қамап қойдым,қалай тойламақсыңдар.
Түлкі: –Ой,мырза кел бізбен ойын ойнасаң қайтеді,көңіліңді көтерерсң көңілің көтерілсе Аяз ата мен Ақшақарды босатасың.
Қарақшы:-Ол қандай ойын,көрейік егер көңілім көтерілсе көреміз.
Қарақшымен бірге ойын ойнайды
Қарақшы: –Балалар сендер менің көңілімді көтердіңдер.Жарайды сендерге мен Аяз ата мен Ақшақарды босатайын деп залдан шығып кетеді.
Жүргізуші: –Балалар,жақсы болды Қарақшы Аяз ата мен Ақшақарды босататын болды .Аққала сенде тығылма шыға бер бізбен көңіл көтер .
Аққала – Рахмет балалар мені құтқардыңдар,сендермен менде жаңа жылды қарсы алатын болдым.Аяз ата мен Ақшақар келгенше біз көңіл көтеріп би билеп алайық.
Балалар аққаламен би билейді.
Әуен ойналып Аяз ата мен Ақшақар келеді
Аяз ата: Ау, амансыңба ұлдарым,
Амансың ба қыздарым.
Қандай жарқын жүздерірің
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болсын. Сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.

Ақшақар: Ал, кәнекей балалар
Ән мен жырға басайық
Той думанды жалғайық
Жаңа жылда
Шыршамызды айналып
Би билейік қалықтап
Қарап тұрма қалыс қап.
Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, жиналған қауым! Орманды көктей өтіп жеттік — ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Өздерің де жайнап құлпырып бізді тосып, отырсыңдар екен.
Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршап та қалдық. Енді бізге қай төрден орын табылады екен?
Жүргізуші :–Сәлеметсіздер ме Аяз ата,Ақшақар .Біз сіздерді асыға күтіп отырмыз.Балалардың сізге дайындаған тақпақтары әндері бар.
Сіздер алыс жолдан келдіңіздер балалардың тақпақтарын тыңдаңыздар.
Аяз ата: Ой, балалар шыршаларыңның шамы жанбай тұр ғой –Ал,балалар дайынсыңдар ма .Тыңдайық тақпақтарыңды.
Балалар тақпақтарын айтады.
Аяз ата –Балалар мен сендердің тақпақтарыңды тыңдап шаршағаным басылды енді менде сендермен ойын ойнайын.
Ойын ойнайды.
Жүргізуші :–Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдың бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар.
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Уа, халайық той бүгін,
Бақыт, шаттық мол бүгін.
Қарсы алайық Тышқан жылын
Ұ затып сап Доңызды!
Музыка ойнап ескі жыл мен жаңа жыл келеді
Доңыз жылы:
Жасампаз заман бұл заман,
Бүгіннен ертең ғаламат.
Алдыңғы сапта боларсың,
Келер жыл саған аманат.
(Қол алысып құшақтасады.)
Тышқан жылы:
Аман болсын халқымыз,
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз,
Жаңа дәстүр – салтымыз.
Доңыз жылы: Аяз ата, Ақшақар, балалар мен енді барайын. 12 жылдан кейін қайта кездесерміз. Хош сау болыңдар, балалар!
Доңыз залдан шығып кетеді
Жүргізуші : Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылда жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен
Жаңа жылда тағыда алға басамыз .
Қош келдің, Жаңа жылым төрлет. Берекелі де мерекелі жыл болсын!
Балалар ән айтады
СОҢЫ
Алматы облысы,Іле ауданы,
Байсерке ауылдық округының
«Ақбота» бөбекжай-балабақшасы.
Акакнова Айгул Калиевна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *