Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары.
Тобы:Ортаңғы топ.
Білім беру саласы:»Қатынас»,»Шығармашылық»
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту,Сурет салу.
Тақырыбы: «Қысқы орманға саяхат»
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің ерекшелігін қысқы орманға саяхат арқылы жеткізе білу.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.Сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы балалардың эстетикалық талғамдарын дамыту.
Көрнекіліктер:Қыс мезгілі бейнеленген суреттер.
Сөздік жұмыс:қыс,орман,саяхат,қоян.
Методикалық әдіс:Түсіндіру,көрсету,ойын,сұрақ-жауап,мадақтау.
Билинггвальдық компонент:Қыс-зима,орман-лес,қар-снег.
Оқу қызметінің барысы:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Балалар шаттық шеңбер жасайық!
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты!
Алтын сәуле таратты!
Жарқырайды даламыз
Қайырлы таң апайлар
Қайырлы таң достарым!
Балалардың назарын оқу қызметіне аудару.
Тәрбиеші:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Қыс мезгілі
Тәрбиеші:Қыс мезгілінде неше ай бар?
Балалар:3 ай бар.Олар Желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар.Балалар сендердің орманға барғыларың келе ме?
Балалар:Ия
Тәрбиеші:Ендеше бәріміз паравозға мініп,әндетіп орманға барайық.(балалар әндетіп жолға шықты).
Тәрбиеші:Міне балалар орманға да жеттік.Балалар сендер не көріп тұрсыңдар?
Балалар:Шыршалар көріп тұрмыз.
Тәрбиеші:Мына шыршаның түбінде не отыр балалар?
Балалар:Ақ қоян
Қоян:Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Балалар:Сәлеметсің бе.
Қоян:Сендер орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші:Біздің балалар орманды көруге келді.
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы,орман қандай тамаша,ауасы қандай керемет,айналаның бәрі аппақ!Ал мынау ненің апаны?
Қоян:Бұл аюдың апаны.
Тәрбиеші:Балалар біз қоянға қардың суретін салып көрсетейік.Қоян сен бізбен бірге жүр,саған балалар сурет салып үйретеді.(Қоян балалармен бірге паравозға мініп топқа келеді).
Тәрбиеші:Балалар сендер жолдан шаршаған шығарсыңдар,біраз сергіп алайық.
Сергіту сәті
«Бала,бала балапан»
Шығармашылық жұмыс.
Саусақ ұшы арқылы қар ұлпаларын бейнелейді.
Дидактикалық ойын: «Аққаланың суретін құрастыру»
Қоян:Балалар,сендер өте өнерлі екенсіңдер,суретті жақсы салады екенсіңдер.Сендерге рахмет,мен енді орманға кетейін.Сау болыңдар!
Балалар:Сау болыңыз!
Қорытынды:Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізде біз қай мезгілді әңгіме еттік.Ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнады ма?Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады:Қыс мезгілінің 3 айын және қыс мезгілінің ерекшеліктерін біледі
Түсінеді:Салып жатқан суреттерінің мәнін
Қолданады:Қыс мезгілі туралы,өлең,мақал-мәтелдерді қолдана біледі.
Алматы облысы,Іле ауданы, Байсерке ауылдық округының «Ақбота»бөбекжай-балабақшасы. Смагулова Жулдыз Аятовна