14 ЖЫЛ БҰРЫН…
ЖІГЕР ЖЫРЫ
(«Таң-шолпан» журналы, №6-2006 ж.)
Замана лебін ойланып…
Тілекті тербеп отырмын.
Жүрекке сезім бойлатып,
Неліктен ерен толқыдым?
Кезеңмен бірге толқыдым,
Уайым емес өз басым.
Көңілді шерге толтырдым,
Көкейден тамып көз жасым.
Күйреуік мұңнан жүз жасып,
Дариға, Шындық қалжырап…
Қап-қара шашты күз басып,
Жылады жауын тамшылап.
Діріл де қақты шамшырақ,
Ызғары соғып заманның.
Жігердің Жыры қамшылап,
Сынады Рухын Адамнын!
Үмітін үзбес Адаммын,
Сәтті де жарқын Күндерден.
Тосылтсын тоңы Ғаламның…
Томсарып нұрсыз түндерден.
Тосыннан сынап үлгерген,
Тірліктің талай сұрағы.
Күдікке көңіл бөлмеген,
Жанымның жасыл құрағы.
Адалға ғашық кез еді,
Қыраттан еңіл гүл терген.
Жүрегім нені сезеді?
Жырларым нөсер селдеген!
Жырларым тасқын селдеген…
Қамалын алды Сенімнің.
Шыңғырған Шындық меңдеген,
Арқауы асыл тегімнің.
Ақиқат сырын теңдеген…
Аруындаймын Елімнің!
Аманат Жырын жүктеген…
Ботасындаймын Жерімнің!
Г.Төрединқызы.