Ілияс Жансүгіров

Ілияс Жансүгіров (1894-1938)
Өмірі мен творчествосы. Алғашқы өлеңдері. Қазақ поэзиясында сюжетті поэма жанрының дамуына Ілиястың әсері, қосқан зор үлесі («Кәнпеске», «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер» поэмалары). Ақынның поэмаларының тақырыбы, сюжеті, композициясы, тілі. ақынның образ жасау, мінез даралау шеберлігі. Прозалық шығармалары. «Жолдастар» романы. Романдағы қазақ аулының революция алдындағы өмірі. Драмалық шығармалары («Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет», атты пьесалары). Сауық кештерге, мектеп балаларына арнап жазған бір актылы пьесалары («Мектеп», «Колхоз тойы», «Мін де, шап», т.б.). Ілияс алғашқы өлеңдерінің басым көпшілігінде жастарды оқу-білімге, өнер үйренуге мәдениет пен жаңа өмірге шақырады. («Жас бұлбұлдарға», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны», «Жазғытұрым», «Жазғы шілдеде», «Күзде», т.б.). «Исатай-Махамбет» — жазушының драматургиядағы үлкен жеңісі. Ресей отаршылары мен қазақтың хан, сұлтандарының зорлығына қарсы шаруалар көтерілісінің тарихи шындық тұрғысынан суреттелуі. Исатай мен Махамбет образының шынайы жасалуы. І.Жансүгіров – көркем аудармашы – «Гаврилада», «Евгений Онегинді» тәржімалған. Әдебиет тарихына арналған еңбектері, халық ақындарының шығармаларын зерттеуі, жинап бастыруы. І.Жансүгіров творчествосының қазақ әдебиеті тарихындағы орны, маңызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *