Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Творчестволық өмірбаяны. Ақынның алғашқы өлеңдері («Жазғы түнде», «Туған ел», «Сағыну», «Нұра», «Кім басшы», «Жайлауда», т.б.). «Асау тұлпар» атты өлеңдер жинағы (1922). Лирикалық өлеңдері («Сағындым», «Тау ішінде», «Тұлпарым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық», «Ақсақ киім», т.б.). Ақын поэмаларындағы, өршіл романтика сарыны («Аққудың айырылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясындағы, өршіл романтика сарыны («Аққудың айырылуы»). Сәкеннің қазақ поэзиясына жаңа ырғақ, соны ұйқастар әкелуі. «Көкшетау» (1929). Ақын поэмаларына негіз болған өмірлік материалдар. Ақынның халық аңызы желілеріне негіздеп жазған шығармалары, олардың жанрлық сипаты, стильдік беті. Жазушының прозалық шығармалары. «Тар жол, тайғақ кешу» атты мемуарлық ерекшеліктері. «Айша» атты повесть, әңгімелер жинағы. «Біздің тұрмыс», «Жемістер», «Жер қазғандар» т.б. повестері. Сәкен повестерінің тақырыбы мен проблематикасы, көркемдік ерекшеліктері. Сәкеннің драмалық шығармалары («Бақыт жолына», 1917). («Қызыл сұңқарлар», 1920). Пьесалардың қазақ драматургиясының дамуына тигізген әсері. Сәкен – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші. Қазақ әдебиетінің даму жолдары, әдеби мұра жайындағы еңбектері. «Қазақ әдебиеті» оқулығы. Сәкен творчествосының қазақ әдебиеттану ғылымында бағалануы.