АУҒАН ЖЕЛІ

АУҒАН ЖЕЛІ – Әмудария өзенінің жоғарғы ағысында, оңт.-батыстан соғатын мұнарлы әрі құрғақ ыстық жел. Ол Тұран ойпатына оңт.-батыстан келетін ыстық ауа массасы мен Гиссар жотасының солт.-батысынан келетін суық ауа шебінің қосылуы нәтижесінде пайда болатын аэродинамик. үдеудің әсерінен қалыптасады. Желдің жылд. 17 – 25 м/с-қа жетеді. Жел топырақтың беткі құнарлы қабатын суырып әкетеді де ауадағы шаң-тозаңды көбейтеді. Соның салдарынан егістік алқаптары бүлінеді және ауаның ылғалдылығы төмендеп, өсімдіктерді қуратып жібереді. А. ж. Қазақстанның оңт. облыстарында жиі байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *