Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)
XX ғ.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екені. Мәшһүр Жүсіптің көп жасап, талай тарихи кезеңдерді бастан кешіруі. Өз заманының оқымыстысы болуы. Дін, өнерді қатар алып жүріп, екеуімен елге үлгі-өнеге шашуы. Мәшһүр атануының себеп-салдарлары.
«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітабында (1907) өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейтесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргешіл ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарып, өлеңдерінің қазақтын алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұщтасып жатуы. өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам сия келетбізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді» т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелетіні. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отаршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы. Өлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер, әкімдер, байлардың жағымсыз бейнелерін шебер жасауы. «Жалғанда мен өлеңді қылдым ермек», «Сенбе жанның бәрі дос еді деп» атты өлеңдерінің мәні.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұлт мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты оянуға, өнерге, оқып жетілуге, мәдениетті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Мәшһүр шығармашылығында діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көрініс табатыны. Бұның өзі ақынның дүние құбылысына өзіндік көзқараспен, алған білімнің негізінде қарайтындығының нәтижесі екендігі.
Мәшһүрдің поэма жанрының дамуына айтарлықтай үлес қосқаны. Қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрімен, шығыс әдебиетіндегі қисса-дастандар үлгісімен «Гүлшат-Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы», «Баяннама» т.б. дастандар жазуы. Бұл шығармалары арқылы қазақ поэмасында өзіндік өрнегін қалдыруы. Поэмаларында өсиет, ғибрат басымдылығы. Олардың композициялық құрылымының, жазу тәсілінің әркелкі болуы ақынның ізденімпаздығын танытатыны.