Шәді Жәңгіров (1955-1933)
Шығыстың озық үлгісі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір» (1911), «Назым Шәһир дәуіріш» (1913), «Қисса Бәлғәм Бағұр» (1910), «Хайбар қиссасы» (1913), «Халифа һәрун Рашит» (1917) т.б.) мән-мазмұны.
Шәдінің өзіндік төл тума шығармалырының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқманарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан щұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқынын ахуалы» (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1915), «Хикаят Орақ-Күлше» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) т.б. XX ғ.б. әдебиеттегі орны.
Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы уыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бірмолдаға» т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының XX ғ.б. әдебиеттегі эпиқалық жанрды өрістетуде ерекше орныны бар екендігі.