АУҒАНДЫҚТАР — Ауғанстан халқы. 20-дан астам әр түрлі этникалық топтардан құралған. Ұлт ретінде қалыптасу процесі 17 — 18 ғасырларда аяқталды. Саны — 20 млн. 547 мың, оның ішінде 5 млн-ы Кеңес–Ауған соғысы, одан кейінгі уақытта орын алған ішкі жанжалдар салдарынан Пәкістан, Иран, сонымен қатар АҚШ, Канада және т.б. батыс елдерінде тұрып жатқан босқындар (1996). Ауғандықтадың 38(-ін пуштундар құрайды, олар дуррани, гильзай, хоттак, уәзір, африд, шинвар, моманд, юсуфзай, хужан, сафа, кака сияқты тайпалар мен тайпалық одақтарға бөлінеді. Бұлардың барлығы да Үлкен Еуропа расасының үнді-жерорта теңізі нәсіліне жатады, Үндіеуропа және дари (тәжік) тілдер шоғырының иран тобына жататын пушту (пашто) тілдерінде сөйлейді. Этногенезі толық анықталмаған, негізінен үнді, тәжік, түркі халықтарының араласуы барысында қалыптасқан. Елдің батыс және солт.-батыс уәлаяттарында тәжіктер (25(), солт-нде — өзбектер (6() мен түрікмендер, орталық бөлігінде — хазарейлер (19(), Герат, Гор уәлаяттарында — чаар-аймақтар тұрады. Қалған этникалық топтардың (нуристандықтар, белуджілер, қырғыздар, қазақтар, қарақалпақтар т.б.) әрқайсысының саны 100 мың адамнан аспайды. Ауғандықтадың 10(-і ғана қалаларда орналасқан. Халқының негізгі кәсібі — суармалы егіншілік пен көшпелі мал шаруашылығы..