ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ ТІЛЕУҰЛЫ (1706-1778 Ж.Ж.)

ҮМБЕТЕЙ ЖЫРАУ ТІЛЕУҰЛЫ (1706-1778 Ж.Ж.)
Үмбетей — XVII ғасырда жасаған, ерлікті жырлап, ел тыныштығын көксеп өскен жалынды ақын. Оның жоңғарларға қарсы күресте көзге түскен даңқты батырлардың бірі Бөгенбайды жоқтап айтқан өлеңі мәлім. Ақын Бөгембайдың ерлік істерін ардақтап, оның өліміне өкініш білдіреді. Үмбетейдің сөз ғып отырған Бөгенбай батыр өлгенде айтқан жоқтауы 1925жылы «Таң» журналының 4-ші санында алғаш жарияланды. Одан кейін 1942 жылы С.Мұқановтың «Очеркіне» енген. 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқалары» хрестоматиясында, 1973 жылы «Алдаспан» жинағында басылды. Жоқтауды ол Абылай алдына келіп, бір жағы естірту ретінде толғапты.Үмбетейдің Бөгенбай туралы түсінігі тарихи шындыққа сай. Ақын батырдың тарихи ролін дұрыс танытады. Жоңғардың бетін қайтаруда қол бастаған жойқын батырдың қаһармандық істерін үлгі етеді. Оның өліміне деген халық қайғысын әсерлі сөздермен термелейді. Бөгенбай өлімін «Естірту» ретіндегі толғауында ақын Абылайдың өткен өмірін, хан болғанға дейінгі жалшылық жайын Бұқар сияқты ашық айтады.оның атын шығарған атышулы қазақ батырлары екенін,соның бірі Бөгенбай батыр болғанын атап көрсетеді. Бұдан кейін Үмбетей қазақтың бас көтерер батырлары мен билерін санап өтеді. Олардың жоңғарға қарсы күресте атқарған ерлік істерін дәріптейді. Әр қайсысының кескін, келбет, тұр – тұрпатын, ерлік мінезін сипаттап, даралай бейнелейді . Ақын, батыр өліміне деген ел қайғысын өз жеке ба сының қасіреті ретінде ауыр өкініш арқылы баяндайды. Атышулы батырлармен оны қатар ұстайды. Қазақтың атақты әйгілі батырларды мен бил ерін дәріптей келіп, солардың ішінде Бөгенбайдың тұлға тұрпатын өзгеше даралайды.
Үмбетей Қазыбекұлы Бекболат биге арнау айтқан.Оған адамгершіл ақылдар беріп, байсалды басшы болуын қалаған .Ол арнауы «Мен пайғамбардан бастасам»-деген жолдардан басталады. Өзіне тұтас әрі батыр, әрі би Ақтамберді, Қабанбай, Қазыбекұлы Бекболаттарға арнауларында да ол бейбіт өмірді көкседі. Ру арасы барымташы шапқындарға тыйым салуға үндеді. Мысалы, «Бәкеге» деген толғауында оның барымташы, сотқарлығын «Тоқымы кеппей топтанып. Ел тонауға аттанып, жылқышысын дойырлап, жаудай шапқан не сұмдық! » дейді. Елдегі өзімшіл озбырлар мен қисық-қыңырларды барынша жек көрді.Әр тұста оларды сынға алады. Жауқашар дегеннің қыңырлығын бетіне басады.
Үмбетей жоңғар басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен басқа да қолбасы туралы бірнеше жыр – толғаулар шығарған эпик ақын.Ол халық аузында сақталған ерлік жырларды қайта жырлап, қалмаққа қарсы халық өшпенділігін күшейте түскен.Оларды ерлік рухта тәрбиелеп жүрген.
Үмбетей айыпты деп жүрген елге кең тараған басқа арнаулар да бар. Олар: «Бәкеге», «Жауқашарға», «Бұқарға», «Бекболат биге», «Ақтамбердіге». Бұл арнаулар – ақынның өзі тұстас батырлар мен билерге қаратып, түрлі жайларға байланысты айтқан, адамгершілікке үндейтін мәнді шығармалары. Үмбетей өмір тәжірбиелерін қортып, талай тұспал-мақалдар шығарған.
Үмбетейдің өсиет сөз, ғибраттық нақыл ретінде келетін сөздері баршылық.Мысалы: «Үйдегі ұлың жаман болса,есіктегі құлмен тең», «Қойныңдағы қатының жаман болса, қаңтардағы мұзбен тең», «Кей сорлының қатыны күндіз ауру, түнде сау»,т.б. Үмбетей сөздерінде кейбір заман шындығын елестететін түсініктер, айшықты сөздер көп. Сүйтсе де, Үмбетейдің асқақ ақындық қабілеті айқын. Асылы, Үмбетей де өз дәуірінің беделді шешен биі,әйгілі суырып салма ақыны болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *