ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХҮІ Ғ.)

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ (ХҮІ Ғ.)
Доспамбет – жорықшы жырау, талай шайқастарда ерлік көрсеткен батыр. Доспамбет жыраудың (ХУІ ғ.) есімі кезінде бүкіл Ноғайлы Ордасы мен Дешті қыпшаққа мәшһүр болған. Доспамбеттің тегі ноғайлыдан. Өзін «Аймедет ер Доспамбет» деп атайды. Туған жері Дон құйылысындағы Азов шаһары. Жырау кіші Орданы мекендеген билеуші әскери шонжар отбасында дүниеге келген. Өз ортасы, заманындағы білімді, тәрбиелі адам болған, Дешті Қыпшақты аралаған, Стамбул, Бақшасарйды болған. Доспамбет – жауынгер жырау. Ол 1523 жылы Астрахань түбінде қаза тапқан.
Доспамбет – «садақ толы сагез оқты бората атқан» батырды, «алты құлаш ақ найзасымен» жауын шаншыған қаһармады, Еділдің бойын ен жайлап, бейбіт тұрмыс кешкен заманды өз толғауларына өзек еткен. «Айнала бұлақ басы Тең» — бұл ұзақ толғауды өмірімен қоштасар сәтте шығарған. Толғауда жырау өз өміріне қорытынды жасайды, өзін-өзі дәріптейді. Өмірдің өтпелілігін «Дүниенің басы — сайран, түбі – ойран» деген сөздермен береді. Толғауда өмірден кетіп бара жатқан жанның ұлы арманы, ел-жұртына деген өшпес, қуатты махаббатының мұңы нәзік лиризммен беріледі. Жыраудың жалт еетіп өте шыққан жасындай өміріне риза екенін (қол бастауы, ару сүюі,тлпар мініп, дулыға киюінен) байқаймыз. Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын ақ Жайық», «Тоғай, тоғай, тоғай су» деп басталатын толғауларында жаугершілік заман келбеті айқын байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *