ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ (ХҮғ.)
Қазтуған Сүйінішұлы – қазақ әдебиетінің төлбасыларының бірі. Жырау көшпенділер аристократиясынан шыққан. Туып-өскен жері қазіргі Қызылжар қаласының маңайы, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы. Өзі қолбасы, батыр болған. Қазтуған нәр алған әдебиет – ежелгі түркі дәуіріндегі көшпелілердің поэзиясы., мұрасы бізге жетпеген Кет-Бұға, Сыпыра жыраулардың толғаулары. Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Жыраудың толғаулары номадтың табиғат туралы түсінігінен, өмірге көзқарасынан елес береді. Қазтуған нәзік лирик, әрі ірі эпик, жорық жырауы болған. Ұлы жырау шығарамларының бір кішкене үзігі ғана бізге жеткен. Сол асыл мұраның там-тұмдаған бөлігінің өзі Қазтуғанның ақындық қуатын анық танытады.
«Мадақ жыры – жыраудың өзіне арналған, мадақ сипатында шығарылған. Жырдың поэтикалық тілі сұлу, ғажайып суреттеу тәсілдері шебер. Өз бейнесін сомдауда таза, қазақи ұлттық бояуды қолданады. Мсыалы: «Мұздай көбе», «Сұлтандайын жүріс», «Қойдың көсемі», «Орданың сынығы», «Буыршынның бұта шайнар азуы» т.б.
«Алаң да алаң, алаң жұрт» — жыраудың туған жері, Отанына деген ыстық махаббат, туған жерге деген қимас сезімін бейнелеген. Толғау – лирикалық сипатта шығарылған. Толғаудың лирикалық кейіпкері – елінің бақа-шаянына дейін сүйетін хас ұлы, патриоты. Толғауда дала табиғаты соншама таза, соншама мөлдір қалпында жырланады. «Жас тайлақтың жардай атан болуы», «Жатып қалған бір тоқтының жайылып бір қой болуы» динамикамен берілген. Толғауда шаттану, мақтану, нәзік мұң астасып келеді.
Қазтуғанның қиял байлығы, суреттеу шеберлігі, ьаза ұлттық тіл, ұлттық рухы керемет. Қазтуған толғаулары – орта ғасырлық әдебиеттің алтын мұрасы – жыраулықтың тамаша үлгісі.