Захириддин Мұхаммед Бабыр. «Бабыр — наме»
Захириддин Мұхаммед бабыр – көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, сонымен бірге, ғажайып өлең-жырлар жазып қалдырған лирик ақын, дарынды жазушы, ғұлама-ғалым, атақты тарихшы.
Бабырдың есімін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оның аты тарих бетіне мәңгі бақи өшпестей етіп жазып қалдырған ең басты еңбегі – «Бабыр-наме» болды.
«бабыр-намеде» түркі тілдес халықтардың ертегі-аңыздары, мақал-мәтелдер, фразеологиялық сөз тіркестері, айшықты теңеу сөздері ұшырайды.Бабыр өз дәуірінің әдеби тілі – шағатай тілін осы шығармасында мейлінше ажарлап, құбылтып, айшықтап қолданады.
«Бабыр-наме»шын мағанасындағы энциклопедиялық шығарма. Мұнда ғылымның сан түрлі салалары жөнінде аса құнды мәлімметтер берілген. Қазақ халқының азаматтық тарихына, әсіресе, әдебиеті мен тіліне, этнографиясына қатысты материалдар Бабырдың осы еңбегінде мейлінше көп жинақталған.
«Бабыр-наменің» түркі тілдес халықтар әдебиеті мен мәдинеті тарихынан алатын орны мен атқаратын ролін дүние жүзінің ең көрнекті түрколог және шығыстанушы ғылымдары мейлінше жоғары бағалады.