Құтб. «Хұсрау — Шырын»

Құтб. «Хұсрау — Шырын»
Құтбтың «Хұсрау — Шырын» дастанының жалпы көлемі – 120 парақ, яғни 240 бет. Дастан 4740 бәйіттен тұрады. Соның 4685 бәйіті Құтб ақынның өзі жазған жыр жолдары. Қалғандары шығарманы көшірушілер тарапынан қосылған өлеңдер болып келеді. Құтб дастаны 91 тараудан тұрады. Бұл дастанның жалғыз дана көшірмесі біздің заманымызға дейін сақталып жеткен. Қолжазба қазір Парижде кітапханада сақталып келеді.
«Хұсрау — Шырын» дастаны қазақтың лиро – эпостық жырларымен сарындас, үндес, соларға мейлінше жақын болып келеді. Мұны Құтб дастанының идеясы мен мазмұны, компазициялық құрылысы мен баяндау тәсілдері, көріктеу құралдары т.б. толық дәлелдейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *