Ахмет Иүгнеки «Хибатул-хақайық»
Ахмет Иүгнеки – XII ғасырдың орта кезі XII ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан – ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшүр ғұлама ғалым болған.
«Ақиқат сыйы» — дидактикалық сарында жазылған шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес. Бұл Дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез – құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.
Ахмед Иүгнеки — әрбір сөзді ажарлап та, құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Дастан метрикалық жүйе, яғни созымды және созымсыз буындардың алмасып келуіне негізделген аруз жүйесі бойынша жазылған.
«Ақиқат сыйы» дастаны өз заманының көкейкесті мәселелерін жырға арқау еткен, көркемдік дәрежесі биік, бүгінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ әдеби мұра болып табылады.