Хорезми «Мұхаббат — наме»
Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрнекті үлгісі – «Мұхаббат — наме» дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорезми ақынның лақап аты. Ақының шын аты – жөні, өмірі, творчествосы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол Алтын Орда ханы Жәнібектің тұсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған Мұхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы «Мұхаббат — наме» дастанын жазған.
Бүгінгі күнге дейін «Мұхаббат — наме» дастанының екі қолжазба нұсқасы мәлім. Дастанның екі нұсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы тұр.
«Мұхаббат — наме» — сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу құралдары алуан түрлі, өлең құрлысы шебер жасалған дастан. Ақын теңеу әдісін көбірек қолданған.
Хорезми сәтсіз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық — әулеметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір теңсіздік мәселелеріне наразылық білдіреді.
Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын «Мұхаббат — наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан маңызы зор. Хорезмидің шығармасын танып – білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткедегі әдет – ғұрпы, салт – санасынт.б. тереңірек ұғынатын боламыз.