Әбу Насыр Әл – Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Арестотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, филисоф, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын.
Әл – Фараби өзінің түркі тілімен қатар, араб, парсы, грек, санскрит тілдерін жетік білген жан. Ғылыми шығармаларын, өлең – жырларын өз дәуірінің руғани – ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.
Ғұлама – ғалым ретінде Әл – Фараби атсалыспаған, зерттеу жүргізбеген ғылым саласы жоқ деуге болады. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білімі, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды.
Әбу Насыр Әл – Фараби туралы сол кездегі көптеген авторлар өздерінің ой – пікірлерін жазып қалдырған. Ұлы ойшыл Әбу Әли ибн Сина (980 – 1037) тарихшы – ғылымдардан Захируддин Әл – Байхакий (1169 жылы қайтыс болған). Ибн Әби Усайбиа (1203-1270)сияқты атақты ғалымдар өз шығармаларында ұлы философ Әбу Насыр Әл – Фараби жөнінде кейбір мәліметтер беріп кеткен. Белгілі шығыстанушы – ғылым А. Ирисов салардың бірқатарын орай тілінен өзбекшеге аударып жариялаған екен.