ХІХ ғасырдағы Иран баспасөзі

ХІХ ғасырдағы Иран баспасөзі
Ел тарихының тереңде болуына қарамастан, Иран журналситикасы жас. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында билікке Қаджарлардың келуімен байланысты.
Ең алғашқы парсы тіліндегі газетке байланысты түрлі пікірлер бар. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда Иранда кітап басу ісі ХІХғ.басында басталды. 1812жылы Тебризде, 1824 жылы Тегеранда парсы тілінде кітап бастаын баспахана пайда болды. Тебризде алғашқы литография станогы пайда болды. Литографпен жұмыс адамдар істеуді Ресейден үйреніп келді. Баспа станогтары Иранның басқа да аймақтарына таратыла бастады. Барлық елдердегідей станоктарда алғашында діни кітаптар басылды, тек содан кейін барып өзге кітаптар, соңынан мерзімді баспасөз басыла бастады. Ең алғашқы баспасөз ретінде 1837-1838 жылдар аралығында таратылып тұрған парақшаны айтуға болады.
Тағы бір нұсқа бар, ол бойынша ең алғашқы баспа станогын Лондонға оқуға барған Мирзо Салихом Ширази әкелді делінеді. Сол станокта 1841 жылы ол ең алғашқы парсы тіліндегі «Когази ахбор» (Хабарлар қағазы) газетін басып шығарған. Алайда бұл газет Иран жерінде дұрыс насихатталмады. Сондықтан ресми баспасөз өз бастауын «Вакоеи иттифокия» (Болған оқиғалар күнтізбесі) газетінен алады. Ол 1851 жылғы 7 ақпаннан бастады. Газет 1906 жылға дейін апта сайын шығып тұрды. Газеттің қызықты айдары ретінде, «Маңызды жаңалықтар» айдары саналды. Сондай ақ, «Шетелден ақпарат» айдары да танымал болды. Бұл айдарда Америка мен Еуропа елдерінің жаңалықтары басылды.
Иран баспасөзінің алғашқы дамуына әсер етті деп зерттеушілер «Дор ул фун»(Ғылым үйі) оқу ордасын атап көрсетеді. Бұл еуропалық типтегі оқу орны, 1851 жылы негізі қаланған. Мұнда жаратылыстану ғылымдары, нақты ғылымдармен қатар батыс тілдері де оқытылған. Оқу орнының директоры иранның атақты литераторы Реза Кули хан Хедаят болды. Ол сол замандағы иран зиялыларының басында тұрған адам еді. «Ғылым үйінде» еуропаның түрлі кітаптар парсы тіліне аударылды. Соның ішінде алғашында тарихи шығарамалар аударылса, кейіннен Дефо, Жюль Верн, Дюма шығармалары тәржімаланды.
Дәл осы оқу орнында оқулақтардан басқа жаңа газеттер де басылып шыға бастады. Олар «Рузномаи илми» (Ғылым газеті), «Рузномаи иттило» (Хабарлар), «Рузномаи низами» (Әскер газеті), «Шараф» (Атақ) және т.б. атап өтерлік бір жайт, ХІХ ғасырдың соңына дейін Иранда күнделікті газет болған жоқ. Ол тек 1896 жылы «Хулосот ул хавадис» (Оқиғалар тізбесі) деген атпен шықты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болған Иран тарихындағы жаңа оқиғалар елдегі журналистиканы дамуына үлкен үлес қосты. Иранды басып қалған әлеуметтік-экономикалық, саяси дағдарыс, шет елдердің елдің ішкі жағдайына аса көп араласуы мерзімді баспасөзге ықпал етпей қоймады.
Бұл жағдайлар, елдегі көзі ашық, зиялы қауым өкілдерінің демократиялық бағыттағы газет басып шығаруына әкеліп соқты. Ескі құрылымдарды қолдайтын алғашқы мемлекеттік газеттерге қарағанда, бұл басылымдардағы мақалалар сыни бағытта болды. Билік демократияны насихаттаушыларды, соның ішінде әсіресе газет басып шығарушыларды қатты жазалады. Соның нәтижесінде көптеген журналистер елден кетіп, шетелдегі тәуелсіз газеттерде жұмыс жасай бастайды. Осы себептен, Лондон, Париж, Каир, Калькутта, Стамбұл сынды ірі қалалар цензурасыз парсы тілінде жарияланатын газеттердің ірі орталықтарына айналады.
Сондай еркін газеттердің бірі «Канун»(Заң) газеті болды. Ол 1890 жылдан бастап шықты. Ай сайынғы газет. Иран билігінің жақтырмауына байланысты, газетті ел шекарасынан өткізбеді. Алайда, тыйымға қарамастан, ол Иран жеріне жеткізіліп, оқырман қауымға кеңінен танылды. Газет өз сандарында еуропа елдерінің ел тірлігіне араласуын тоқтату, кедейшілік пен аштық жайында материалдар жариялап тұрды. «Канун» газеті 1905-1911 жылдар аралығындағы Иран революцциясының алдында еркіндік тынысын әкелген газет болды.
Жаңа идеялардың пайда болуына байланысты шетелдерде жаңа парсы тіліндегі газеттер шығарыла бастады. «Ахтар»(Жұлдыз) Стамбұл 1875, «Хабл ул Матин»(Мықты сенім) Калькутта 1893, «Парвариш»(Тәрбие), «Хикмат»(Даналық), «Чехранамо»(Айна), «Камол»(Біреегейлік) Каир, 1889-1890. Өздерінің тақырыптары мен көлемдерінің әртүрлі болуына қарамастан барлығы да елдегі ескілік заңдарына, зорлық пен зомбылыққа қарсы болды. Сонымен, Иран баспасөзі ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда болып, елдің сана сезіміне айтарлықтай ықпал етеді.
Иран баспасөзінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы ерекшеліктері
ХХ ғасырдың басында Иранда шетелдік цензурасыз газеттермен қатар демократиялық газеттер көбейе бастады. 1906 жылы Иранның көптеген ірі қалаларында көтерілістер болады. Оның қатысушылары конституцияның жариялылығын, парламенттің жасақталғанын қалайды. Көтерілісшілердің қысымымен шах олармен келісуге мәжбүр болады. 1909 жылы ел конституциясы қабылданып, парламент шақырылады. Соның арқасында басылым саны өседі. Осы уақыт аралығында Иранда 350 газет журнал болды.
Осы кезең журналистерінің жеткен ең үлкен жетістігі ретінде көтерілісшілер наразылығының арқасында шах қол қойған заңда адамдардың заң алдында тең құқықты болуы, сөз бен ой еркіндігінің болуы деп есептеуге болады. Конституциялық революция Иранның мерзімді баспасөзіне жалпыұлттық, саяси сипат алып берді. Иран журналистикасында демократиялық пен антидемократиялық тенденциялар соқтығысты. Елде газет саны еселеп өсті. Жаңадан ашылған «Нидри ватан»(Отан үні), «Тамаддун»(Өркениет), «Ирони нав»(Жаңа Иран) газеттері демократиялық сипатта болды.
Орталық ірі газеттермен қатар, журналистканың дамуына жергілікті «Иттифак»(Одақ), «Таракки» (Даму), «Насими шимол»(Солтүстік самалы) газеттері үлес қосты. «Рузномаи милли»(ұлттық газет), «Парс» сынды газеттер мемлекет мүддесін қорғады.
Дегенмен, баспасөздің гүлденуі ұзаққа созылмады. 1911 жылы шах Ресей мен Англияны әскери көмегін пайдалана отырып революцияға қарсы төңкеріс жасады. Оның қорытындысы бойынша парламент таратылып, құрылған демократиялық ұйымдар мен агзеттер жабылды. Конституциялық төңкерістің жаншылғанынан кейін,еркін ойлаушыларға қарсы террорлық әрекеттер белең ала бастады. Нәтижесінде енді дамып келе жатқан газеттер жабылып, көптеген дурналистер елден кетті. Олар Швейцарияға, Францияға, Германияға жер аударды. Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанша Иран эмигранттары Германияда болды. Мұнда «Кова» және «Ираншахр» атты екі журнал жарық көрді. Сонымен қатар, Германияда «Ковиени» баспасы іске қосылды.
1920 жылдардың басында Иранда партиялардың көбеюіне байланысты партиялық басылымдар шығарыла бастады. Жиырмасыншы жылдардың орта тұссына қарай биліктің қатаң қадағалауына қарамастан, «Рости»(шындық) газеті дамыды. Тағы да осы уақыт аралығында салалық журналистика дамып, «Иктисоди Ирон»(Иран экономикасы), «Нур»(нұр), «Армугон»(сыйлық) газеттері басылып шықты.
Реза шах осы жылдары барлық демократиялық басылымдарға барынша қарсылық көрсетуге тырысты. Осы жолда көптеген публицистер зардап шекті. Ондаған журналистер түрмеге жабылды. Ирандағы демократиялық басылымдардың негізін қалаушы Таги Ирани террорлық шабуыл құрбаны болды. Реза шахтың билігіне сын айтамын деп, Мир де Ашки, Ваез Казвинчи сынды журналистер қаза тапты.
ІІ Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Иран журналистикасының дамуы
1941 жылы Реза шахтың биліктен кетуіне байланысты Иранда саяси-әлеуметтік құрылым өзгеріп, баспасөз дамуының екінші кезеңі басталды. Жаңа саяси өмірге көзі ашық сауатты саясатккерлер, жазушы журналистер араласа бастайды. 1941-1945 жылдар аралығында 263 баспасөз құралдарының басылып шығуына рұқсат беріледі. Бір ғана Тегеран қаласында 150 газет шығып тұрған.
Осы кезең журналистикасына тән тағы бір құбылыс, солшыл басылымдардың пайда болуы еді. 1941 жылы Туде партиясының құрылуына байланысты, оның көптеген газет журналдары ашылды. Олардың саны алпыстан асып жығылды. Партияның орталық газеті саналған «Рахбар»(Жетекші) газеті, Иранның сол жылдардағы шынында жетекші газеті болды.
Ары қарай Иран журналистикасының дамуы тікелей көппартиялы жүйенің көмегімен жүзеге асырылды деуге болады. Елде ондаған өз басылымдары бар партиялар жұмыс жасай бастады. Исфаған, Шираз, Абриз сынды қалаларда ондаған газеттер шығып тұрды. Араб, әзірбайжан, армян, неміс, ағылшын, француз тіліндегі басылымдар да жарық көре бастады. Барлық газеттер ішінде ең атақтысы күнделікті газеттер болды.
Қазіргі Иран
Иран журналситкасының қазіргі бағыттары 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін қалыптасты. Елдің идеологиясында, саяси, әлеуметтік, экономикалық өмірінде болған едәуір өзгерістерге байланысты көптеген басылымдар материал жетпей жабылып жатты. Бірақ өзінің бастапқы абыройынан айырылмай «Иттилот», «Кайхон», «Армугон» және «Ягмо» басылымдары жарық көрді.
Бүгінгі таңда Иран баспасөзі мемлекет бақылауында. Елдің күнделікті ең ірі газеттері толықтай мемлекет қарамағында. Бүгінде елде 1500 аса мерзімді баспасөз бар. Оның ішінде 60 күндеілікті газет,2 млн тиражбен.
Ең басты Иран газеттері «Кейхан»(350), «Эттелаат»( 500), «Абрар»(75), «Ресалят»( 40), «Джомхурийе эслами»(30), «Терхан таймс», «Иран ньюс» және т.б.
Иранда салалық журналистика да бір жолға қойылған. Елдің әлеуметтік демографиялық хал ахуалына байланысты ерлерге, жастарға, балаларға, әйелдерге арналған арнайы басылымдар жұмыс істейді.
Ел басылымдарының 80% – парсы тілінде, 20%-араб,ағылшын тілінде жарық көреді.
Иранның электронды БАҚ–ы
Иран ислам республкасынынң телевизиясы өз бастауын 1957 жылдан алады. Бүгінде Иранның телехабар таратуы мемлекеттік алып ұйым «Седа ва симайе джомхурийе эсламийе Иран»ның қолында. Бұл ұйымның қол астында діни, ақпараттық, ғылыми танымдық бағыттағы 20 телеарна жұмыс істейді. Ұйымның Ресей, Әзірбайжан, Англия, Германия, Түркия, Үндістан, АҚШ сынды ірі елдерді 17 тілшілер қосыны жұмыс істейді. Хабар 20 тілде таратылады.Ұйымның ресми басылымы «Джамэ джам». Ұйымның басшысын мемлекет басшысы сайлайды.
Радио саласын келсек, Иранда 30 жуық түрлі радиолар қызмет істейді. Олардың қатарына ақпараттық «Иран дауысы», «Джаван», «Фарханг», «Варзеш», «Коран» сияқты радиолар кіреді. Барлық радиостанциялар мемлекет қарауында.
Иранда жекеменшік телеарна жоқ. Онық себебі ислам революциясы. Америка израильдік идеологияны тоқтату мақсатында осылай жасалынған. Мұнда, 6 жалпыұлттық, 2 серіктік телеарна қызмет етеді. Ирандық негізгі серіктік арна «Джоми Джам». Ол тәулік бойы жұмыс істеп, әлемнің барлық елдеріне таралады.
1979 жылғы БАҚ туралы заң бойынша, Иранда барлық газет-журналдар мемлкеттік лицензиядан өтуі керек, барлық арналар мемлекет қарауында, барлық исламдық және антиисламдық насихатқа жол жоқ. Бағдарламалар барлық тілдерде таратыла береді.
«Бірінші арна» басты ұлттық, «Екінші арна» қоғамдық, «Үшінші арна» спорттық. Өзге елдерден айырмашылығы, Иранда әйелдер спорты көрсетілмейді. Сонымен қатар «Төртінші арна» ғылыми-танымдық, «Беснші арна» ойын-сауықтық. «Алтыншы арна» ақпараттық. Ең басты республикалық алты арнадан өзге, облыстық, жергілікті он жетіге жуық телеарна жұмыс жасайды.
Ең танымал жанрлар репортаж бен сатира болып саналады. Оларды аудиторияның 90 %- астамы көреді. Танымалдылығы жағынан төмені болып діни және ғылыми хабарлар танылған.
Иран ақпараттық агенттіктері
Иранның негізгі ақпараттық агенттігі «Иран Ислам республикасының ақпараттық агенттігі» саналады. Негізі 1934 жылы қаланған. Ол қазір мәдениет министрлігінің қарауында. Хабарлар барлық тілдерде, республика ішінде және әлемдік деңгейде таратылады. Әлемнің алпауыт ақпарат агенттіктерінің барлығымен келісім шартқа отырған. Тәулігіне 1,5-2 мың хабар парсы, ағылшын, араб, француз тілдерінде таратылады.
Сонымен қатар Иран ақпарат әлемінде «Фарс», «Мехр», сияқты агенттіктер де бар.
«Құран» агенттігі ислам әлеміндегі алғашқы әрі жалғыз Құран заңдары бойынша ақпарат тарататын агенттік. Бұл агенттіктің ақпараттары исламның барлық шарттарына сүйене отырып ақпаратты өңдеп, таратады. Негізі 2003 жылы Иран басшысы Мухаммед Хоттамидің бастамасымен қаланған.
Иран студенттерінің ақпараттық агенттігі. 1999 жылы 4 қарашада абулфазл Фотехтің бастамасымен құрылған. Иранның барлық оқу орындарынан ақпарат таратады. Ақпарат таратушы, жасаушы, жинаушы студенттердің өздері. Басты ұрандары «Әр студент ол тілші, әр идея ол жаңалық!»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *