Италия тележурналистикасы


Италияда радио 1924 жылдан, теледидар 1954 жылдардан бастау алады. 1984 жылы елде 14 миллиондай телеабонент болса, оның ішінде 6 миллионы түрлі-түсті теледидар көрермені, радио тыңдаушылар 15 миллионға жуық болған.
Италия әлемде телестанцияның көптігі жөнінен тек АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Мұнда 7 ұлттық және 500 жергілікті телестанция бар. Сұрау жүргізіп байқағанда 90% жуық адам теледидар көрсе, 50% жуық адам радио тындайтынын айтқан.
1977 жылы теледидарға мемлекеттік монополия жойылғаннан кейін, Берлускони жергілікті кабельдік телестанцияға 1 миллиард лир қаржы жұмсаған, сөйтіп коммерциялық ірі үш телесетті иемденген, жарнамалық бизнесті күшейткен. Алайда бұған қарағанда мемлекеттік теледидар көрермендер аудиториясын көбірек қамтиды.
Ал, италия информациялық агенттігі 1945 жылы кооперативтік негізде құрылған. Қазір ол күнделікті газеттердің басым көпшілігімен жұмыс істейді. Агенттік жер жүзінің 65 елімен информация алмасып тұрады. Радио, телеорталықтар да оның қызметін пайдаланады. Италия тілінен басқа испан, француз, ағылшын тілдерінде хабарлар таратады. Елде және шетелде корреспонденттік жүйесі жұмыс істейді. Журнал шығару ісінде Италия көптеген елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Әсіресе телебағдарламаларға және жүргізушілерге арналған журналдар жарты миллион тиражға жуықтайды. Елде басқа Еуропа елдері секілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген монополия, қаржы қожайындары, жарнамамен пайда түсіру секілді іс-әрекеттер орын алған.
Италияның ақпарат жүйесінде теледидардың алатын орны қомақты. 80-жылдарда мемлекеттік сондай-ақ, жекеменшік түрінде де жедел дамыды. Италия аудиовизуальды сала бойынша терең өзгеріске ұшырады. Еуропалық телерынокта күнделікті баспасөзге қарағанда өзгешелік байқалады, 90-жылдары Италия жанұясы Франция мен Германияға қарағанда теледидарды тұтыну жағынан асып түсті.
Дүниежүзілік ірі телекомпаниялар арасында РАИ елге ықпалы жағынан БИ-БИ-СИ-ге жақын келеді. РАИ негізінен акционерлік қоғам. РАИ өз елінде көлемді телеаудиторияны қамти отырып, шетелдерге де ықпалын тигізуді көздейді. Оның бағдарламаларын Корсика, Мальта, Далмация тұрақты түрде көреді.
Дамыған елдердің телерыногы сияқты Италияда да телебағдарламаның табысты болуы оның жүргізушісіне тікелей байланысты. Көңіл көтеретін танымал бағдарламалардың жүргізушілері итальян теледидарында көптеп саналады. Олардың кейбіреуін атап өтсек, Майк Бонджорно Ренцо Арборе, Пиппо Баудо, Рафаэлла Карра және т.б.
Италиядағы сұхбат жанрын меңгерген ең үздік репортер Энцо Бьянджи. Ол жасының ұлғайғандығына қарамастан Бьяджидің есте сақтау қабілеті мен білімі таңқаларлық. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 40 жыл ішінде көптеген телебағдарламалар, 41 кітап, үш комедия жазды. Кезінде АҚШ-та Уолтер Кронкайт қандай беделді болса, Италияда Бьяджи дәл сондай.
РАИ мен «Финивест» компаниялары Италияда ең танымал болып саналады, дегенмен де «Видеомьюзик» мамандандырылған ұлттық арнаны айтып кетуге болады. Бұл 1984 жылы Европада тұңғыш рет тәулік бойы әуен беретін арнаулы арна болып табылады.
Елдің телерыногында РАИ мен негізгі бәсекелес – «Финивест» тобының үш каналы болып табылады. 90-жылдардың ортасында елге премьер-министр болып келген С.Берлускони теледидардың тізгінін өз қолына алып, үш каналды иеленді. Бұрын коммерциялық арналар көңіл көтеретін және балаларға арналған хабарлар, фильмдер мен телефильмдер арқылы көрермен жинаса, РАИ-дың ақпараттық, мәдени және спорт бағдарламалары көпшілікке танымал.
Италия журналистикасының бастау көздері Римнің сонау кездері пайда болған. Мысалы, «Акта дьюрна попули романи» («Рим халқының күнделікті ісі») деген антикалық дәуірімен байланыстырылады. Ол кезде жыл сайын немесе белгілі бір уақытта қолжазба түріндегі газеттер мемлекет өмірі, қоғамдық оқиғалар, соғыстар мен әртүрлі ойындар туралы мәліметтер жариялап тұрған. Цезарьдың бұйрығы бойынша «Комментариус рерум новарум» («Жаңа окиғалар туралы жазбалар») деген апталықты 300 құл көшіріп, 10 мың тираждан астам данамен таратып отырған.
Ал негізінен бұл елдегі «журналистиканың бесігі» Венеция болып саналады. Өйткені онда ХV-ХVІ ғасырларда саяси газет саналатын «жаңалықтар листогы» (парақшасы) шықты. Онда да ішкі-сыртқы оқиғалар мен фактілер, сауда, дін туралы жарияланды. Ал типографиялық тәсілмен шығарылған алғашқы шығарма Цицерондікі болды. Ол 1468 жыл еді. Содан кейін кітап басу ісі әр жерде қолға алына бастады. ХVШ-ХІХ ғасырларда «Каффе» деген және «Обсерваторе» («Бақылаушы») деген энциклопедиялық әрі әдеби журналдардың шығуы айтуға тұрарлық еді. Бұдан соң елде цензура күшейіп, кедергі бола бастады. Сондықтан басылымдар өткір саясатқа араласпай, жеңіл нәрселерді жазуына тура келді. Дегенмен қанша қыспақ болса да, өздігінен әрі жасырын шығып тұратын «Дэй э пополо» («Құдай мен халық») және «Джустициа э либерта» («Әділдік пен бостандық») деген газеттер патриоттық бағытты ұстады.
Италия біртұтас ұлттық мемлекет ретінде 1870 жылы құрылды. Сөйтіп 1946 жылға дейін монархиялық басқарумен келді. Бұл елдің нағыз профессионал, газеттері шындығын айтқанда Англия мен Францияның үлгісімен қалыптасты және тираж мәселесі де бұл елдерге жетпейтін. Англия, Францияда тираж миллионға жеткенде, Италияда 100 мыңның маңайында ғана болды. Сол уақыттары «Секало» («Ғасыр»), «Коррьере делла сера» («Кешкі почта»), «Мессаджеро» («Хабаршы»), «Маттино» («Таң») деген газеттер шығып тұрды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Италия журналистикасы партиялық баспасөз ретінде әжептәуір дамыды. Бұл ретте республикалық партия мен социалистер партиясының көп әсері болды. Республикалық партия «Джорнале дель пополо» («Халықтық газет»), «Италия дель пополо» («Халықтық Италия») деген, ал социалистер «Аванти!» («Алға»), «Темпо» («Время») деген газеттер шығарды. 1920-45 жылдар аралығында фашизмнің пайда болып, Еуропа елдерін жаулап ала бастауына байланысты Италияның дамып келе жатқан баспасөзі тоқырап қалды. Сол жылдары жасырын түрде «Унита» («Бірлік») компартия газеті шығып тұрды. 1946 жылы Италия республика болып құрылды да, елде көп партиялық жүйе пайда болды. Мұның өзі баспасөздің көбеюіне жол ашты. Айталық, 50-ші жылдардың аяғына қарай елде 90-нан астам күнделікті газет және 5000-дай саяси, экономикалық, ғылыми, әдеби басылымдар шамамен 8 миллион тиражбен шықты. 70-ші жылдары Италияда газет тиражының өсуі байқалды. Бұл соғыстан кейінгі баспасөздегі өрлеу болды. Яғни, баспасөз тиражы 30 процент ұлғайды. 1980 жылы елдегі газет тиражы 5 миллионнан асты, ал 1987 жылы 6,5 миллионға жетті. Италиядағы газет пен журналдың айырмашылығын бөліп айту керек. Елдегі журналдың бір жолғы тиражы газеттен бірнеше есе асып түседі. Мәселен ай сайынғы журналдар 38 миллион дана болса, апталықтар 24 миллион дана. Жасы үлкен газет оқырмандары 41 процент болса, журнал оқитындар 70 процентке жуықтайды. Сөйтіп, журнал шығару ісінде Италия көптеген елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Әсіресе, телепрограммаға және автомобилистерге арналған журналдар жарты миллион тиражға жуықтайды. Сондай-ақ көп тиражды басқа да журналдар қатарында информациялық апталықтар «Эпока», «Панорама», «Экспрессо», «Оджи», «Дженте» деген басылымдар бар. Әрине, бұл елде де басқа Еуропа елдері секілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген монополия, қаржы қожайындары, жарнамамен пайда түсіру секілді іс-әрекеттер орын алған. Бұл орайда Аньелли есімді әулеттің тасы өрге домалап, айрықша көзге түседі. Олар бірнеше мерзімді басылымдардың иесі, яғни баспасөз өндірісінің өкілдері, миллионерлер.
Ал радио мен телевидение туралы айтар болсақ, елде радио 1924 жылдан, телевидение 1954 жылдан басталады. 1984 жылы елде 14 миллиондай телеабонент болса, оның ішінде 6 миллионы түрлі-түсті телевидение көрермені, радио тындаушылар 15 миллионға жуық еді. Италия әлемде телестанцияның көптігі жөнінен тек АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Мұнда 7 ұлттық және 500 жергілікті телестанция бар. Сұрау жүргізіп байқағанда 90 процентке жуық адам телевидение көрсе, 50 процентке жуық адам радио тыңдайтынын айтқан.
1977 жылы телевидениеге мемлекеттік монополия жойылғаннан кейін, Берлускони жергілікті кабельдік телестанцияға 1 миллиард лир қаржы жұмсаған, сөйтіп коммерциялық ірі үш телесетті иемденген. Жарнамалық бизнесті күшейткен. Алайда бұған қарағанда мемлекеттік телевидение көрермендер аудиториясын көбірек қамтиды.
Ал Италияның информациялык агенттігі 1945 жылы кооперативтік негізде құрылған. Қазір ол күнделікті газеттердің басым көпшілігімен бірлесе жұмыс істейді. Агенттік жер жүзінің 65 елімен информация алмасып тұрады. Радио, телестанциялар да оның қызметін пайдаланады. Италия тілінен басқа, испан, француз, ағылшын тілдерінде хабарлар таратады. Елде және шетелде корреспонденттік жүйесі жұмыс істейді.**
Телерадиосы. 1997 жылы «Lete Pin» акционерлiк қоғамда бiраз өзгешелiктер болды: «Canal Plus» компаниясы «Кirch» корпорациясы және «Tele Pin» компаниясының 45 % акциясын сатып алады.
“Cecchi Gori Group» концернi «Videmosic» ұлттық арнаның операторын өзiне қаратып алады. «TVC» мен «TVC2» арналары байланыстың жаңа беттерi. 1997 жылы парламент қабылдаған заңда кабельдiк және спутниктiк бағдарламалар талқыланған және аудандық радиолар мен телебағдарламалардағы ақпарат, бүгiнгi таңда нарық көзiне айналғанын қарастырды. Соңғы уақытта үкiметте 1981 жылы қабылданған заңға арнайы баяндама жасауды ұсынды. Бұл баяндама 1999 жылға дейiн талқыланды. Автордың баяндамасында көтерiлген мәселе: компанияның негiзгi жүргiзушiсi оператор. Ол өте кең көлемдi иеленді. Ондағы басты ұсыныс баспасөздер мен теледидарларда, радиоларда ақпарат «редактордың өнiмi» атты ғаламдық мәселеге айналу болды. Ол соңғы жылдары өз өнiмiн ақтады. Спутниктiк байланыстар арқылы Италия ақпараттары әлемге тарала алады. 1999 жылы Италия Германиямен, Испаниямен біріккен жобаға қол қойды. Ол жоба — ақпарат алмасу. Теледидарлар мен радиохабарларда бағдарламалар мына тiлдерде жүргiзiледi: итальян, француз, ағылшын, поляк тiлдерiнде. Бүгінгi таңда Италия спутниктiк байланыстардан бiршама жетiстiктерге жетiп отыр. Италияның ең iрi қалалары: Римде, Неапольда, Туринде, Миланда бағдарламалар екi тiлде итальян және француз тiлiнде жүргiзiлiп отырады. Мерзiмдi баспаға қарағанда теледидарға сұраныс басым.
Ақпарат агенттiктерi. Кез келген мемлекеттiң ақпараттық жүйесiн ақпарат агенттiктерiнсiз елестету қиын. Ақпараттарды тарату және жинау жүйесi жоғары дамыған, «ANSA» ақпарат агенттiгi бар. 1981 жылы қабылданған заң бойынша мынадай критерийлерге жауап беретiн агенттiктер ғана ұлттық агенттiк бола алады:
1. Почта және телекоммуникация министрлiгi бекiтiп берген арналар арқылы кем дегенде бес облыстағы 15 күнделiктi газет пен телетайптық байланыстар орната алған жағдайда;
2. Агенттiкте тұрақты түрде 10 кәсiпқой журналист, 15 техникалық қызметкер қызмет iстеу керек.
3. Агенттiк тәулiгiне кем дегенде 12 сағат ақпараттар таратып тұруы керек.
Ұлттық агенттiктер – «АНСА», «АДЖИП», «КРОНОС», «АСКА» және «РАДИОКОР» бұл талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұлардың iшiнде «АНСА-ның» ақпарат тарату ауқымы кең, әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер пунктi бар. Бұлардан басқа Италияда 200-ге тарта кiшiгiрiм агенттiктер бар. Әлемдiк ақпарат агенттiктерi «АФП», «РЕЙТЕР», «ЮПИ» мен 60-тан аса үлкендi-кiшiлi ақпарат агенттiктерiмен хабар алмасады. Агенттiктiң фото қызметi, электронды документация бөлiмi бар. «АНСА» күнделiктi бес континенттегi үш мың жазылушыға 2000 хабар таратуға мүмкiндiгi бар. Әр ұлттық агенттiктiң өз даму жолы бар. «ЭНИ-ге», әрi мемлекетке қарасты «АДЖИП-тiң» 19 аудандық бюросы күнiне 20 мың сөз таратады. АДН — Кроностың Римде, Миланда екi редакциясы қызмет iстейдi. Сонымен бiрге, шетелдiк хабарлардан басқа, мамандардың саясатқа, ғылымға, экономикаға қатысты мақалаларын таратып отырады.
1948 жылғы баспасөз туралы заңның маңызы. Италия газеттерінің типологиясы. Ұлттық басылымдардың ақпарат рыногындағы орны. Италияның беделді басылымдары. Басылымдар арасындағы өзара бақталастық. Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.
Италия газетттеріне тән ерекшеліктер.Талантты журналист П.Миели дүниеге әкелген «Миели моделінің» жаңашылдығы.
Италия журналдарының типологиясы, аудиториясы. Информациялық апталықтардың басымдылығы.
Италиядағы діни басылымдардың рөлі. Монополиялану ісіндегі ерекшеліктер. Ірі өндірістік топтардың БАҚ-қа ықпалы. С.Берлускони – Италиядағы беделді баспасөз магнаты. АНСА ақпарат агенттігінің қызметі.
Бақылау сұрақтары:
1. Италиялық «аралас» газеттердің тақырыптары қандай?
2. С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз?
3. Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай?
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира.
Тарихы
Ежелгі Рим. Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.
Экономикасы
Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі.
Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.
Испандық өктемдiлiк және Франция ықпалының өсуі
Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды.
Италия телевизиясы: тарихы, мәселелері, болашағы.
Италия телевизиясының даму тарихы. Мемлекеттік РАИ телевидениесінің және Медиасеттің коммерциялық жүйесі. Италия каналдарының бағдарламалық саясаты. Италияның телегазеттері. Жарнама, Италия телевидениесінің заңдық базасы. Италия телевизиясының болашағы. Италия медиасекторындағы С.Берлускони. Сети Сильвио Берлускони – ірі медиамагнаттары: «Канл 5», «Италия – 1», «Ретекуатро».
РАИ Жаңа әкімшілік кеңесі. Альдо Грассо – 2000 жылғы «Италия телевидениесінің тарихы» кітабының авторы, телевидениенің танымал сыншысы, А.Грассо, Италия телевидениесі дамуының кезеңдері.
Мемлекеттік телекомпаниялар: РАИ-1, РАИ-2, РАИ-3 – құрылым, хабар беру саясаты, танымал хабарлары.
Ватикан телерадиобағдарламалары.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Италия тележурналистикасының дамуы
2. Италия тележурналистикасының өркендеу кезеңі
3. Италия тележурналистикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2. Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3. Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4. Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7. Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8. Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *