Франция тележурналистикасы

Франция тележурналистикасы
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Француздардың ақпараттық қоғамы мен теледидары
2. Француз философтары ақпараттық қоғам мен теледидар жайлы.
3. Францияның халықаралық каналдары ТВ 5 және Франс Интернационал каналы (КФИ).
4. Француз тележурналистикасы.
Франциядағы алғашқы баспаханалар Парижде 1470 жылы дүниеге келіп, өзінің бастапқы өнімдерін бере бастады. Газет шығару ісі ХVІІ ғасырда пайда болып, алғашқы газет “Газет француаз” 1604 жылы жарық көрді. Соның ізінше “Француз меркурийі” (1611 жылы) дүниеге келді.
1631 жылы Теофраст Ренодо негізін салған “Газетт” апталық газеті ақпараттарының жан-жақтылығымен, әдеби деңгейінің жоғарылығымен, ұзақ уақыт үзбей шығып тұрғандығымен ерекшеленді. Әлемдегі ең алғашқы журнал Францияда дүниеге келді. “Журналь де саван” деген атпен 1665 жылы жарық көрді. Соның ізінше 1672 жылы дүниеге келген “Меркюр галан” журналындағы тақырыптардың жан-жақтылығы, формаларының әр түрлілігі, кейбір жанрлардың кездесіп қалуы тұрғысынан қазіргі журналдарға ұқсастығын айта кеткен жөн. Франция баспасөз тарихындағы алғашқы жекеменшік журнал Пьер де Шамблен де Маривоның иелігінде “Спектатэр франсэ” (1722) деген атпен жарық көрді. Алғашқы күнделікті газет “Журналь де Пари” (1777) дүниеге келген тұста, Парижде 27 газет шығып тұрған.
1629 жылы король Людовик ХІІІ цензура туралы заң жариялады. Бұл заң бойынша полиция мен цензордың рұқсатынсыз “ештеңе” басылмайтын болды. Дінге, корольге, мемлекетке қарсы дүниелердің басылуына қатаң тыйым салынды. “Баспасөздегі қылмысты істері” бойынша 1660-1756 жылдар аралығында 869 адам (авторлар, баспаханашылар, кітап сатушылар) Бастилияда болып қайтты (Бастилия 1370-82 жж. салынған қорған. 15 ғасырдан бастап мемлекеттік түрме). Ал баспасөзде жіберген кемшіліктері, кінәлары үшін өлім жазасына бұйыру ісі 18 ғасыр соңына дейін жалғасты.
1830 ж. шілде төңкерісі тұсында баспасөздің маңызы зор болды. Демократиялық баспасөздің өрісі кеңейіп, бұқарамен байланысы нығайды. Газеттер қолдан-қолға өтіп жатты. Франция азат болған соң немістерге қызмет еткен газеттердің шығуына тыйым салынып, істері сотқа тапсырылды.
Азат ету кезінде дүниеге келген ІV Республика тұсында (1944 тамыз — 1946 қараша) саяси журналистика жақсы дамыды. Сол кезде өкімет басында тұрған коммунистік, социалистік, католиктік партиялардың қағидаттарына сәйкес келетін солшыл бағыттағы журналистиканың мерейі үстем болды.
Мерзімді басылымдарды топтастырудың критерийлерінің екіұштылығына қарамастан, мынадай ірі бөліктерге немесе салаларға жіктеуге болады:
Өз жазылушыларын саяси, экономикалық, спорттық, қаржылық, діни, мәдени хабарлармен әрі фотоақпараттармен қамтамасыз етеді. Агенттік күніне өз арналары бойынша 600 мың сөз таратады. 125 елде тілшілері бар. Әлемдік ақпарат агенттіктерімен хабар алмасып отырады.
“Франс Прессте” алты тілде хабар тарату жолға қойылған: француз, ағылшын, испан, неміс, португал, араб тілдерінде. Агенттіктің француз тіліндегі қызметі Францияны, теңіздің арғы жағалауындағы елдерді, Еуропаны, Африка елдерін, Канаданы қамтиды. Ағылшын редакциясы АҚШ-қа, Англияға, Канадаға, Австралияға Үндістанға, Пәкістанға, Африканың кейбір бөлігіне, Қиыр Шығысқа хабар таратады.
Франция БАҚ-ның жүйесі жоғары дамыған ел болып табылады. Француз журналистикасы — әлемдегі ең ежелгі мерзімді баспасөздің бай тәжірибесі қалыптасқан сала.
Қазіргі француз теледидары, радиохабары, мерзімді баспасөзі елде қоғамдық пікірді қалыптастыруға елеулі ықпал ететін, түрлі әдіс-тәсілдермен аудиторияның көлемін өзіне аударатын насихаттық қуатты комплекс.
Тележурналдар санының өсуіне орай олардың таралымының өсуі байқалады. Кейінгі жылдары телебасылымдардың жалпы тиражы 34,6 процентке өскен. Ал мына төмендегі кестеден тележурналдар тізімі мен тиражын салыстыруға болады:

«Теле-7 жур»-3.000.000 дана
«Теле-пош»-1.820.000 дана
«Теле-стар»-1.426.846 дана
«Теле-луазир»-1.200.000 дана
«ТВ Кулер»-500.000 дана
«Телемагазин»-341.416 дана
«Теле журнал»-118.111 дана
«Теле гид»-1986 жылдан бері шықпайды.

Француз телебаспасөзінің жетекшісі — «Теле-7 жур» (Телевидение-7 дней) апталығы – 1960 жылдан бастап шығады. Ол жалпы ұлттық және шеткері теледидар мен радиолардың бағдарламаларын жариялауға негізделді. 70-жылдардың соңынан бастап, бұл басылымның күрт өрлеуі байқалады. 80-жылдары оның тиражы қауырт өсті. Коммерциялық теледидардың дамуы, соған орай жаңа тележурналдардың пайда болуы бұл басылымға кері әсерін тигізген жоқ. «Теле-7 жур» бұрынғыша «Ашетт» тресіне үлкен пайда әкелетін алдыңғы қатарлы басылым болып отыр. Теледидарлық басылымдар ішінде көлемі жөнініен екінші орын алатын «Теле пош» қалыптасу жолында ұзақ жолдан өтті. 1960 жылы «көңіл көтеретін» баспасөздің королі Дел Дюка осы басылымды шығаруды қолға алды. Басылымның аты екі-үш рет өзгергенімен 1966 жылдан бастап, бұрынғы атауымен кіші немесе қалтаға салып жүргенге ыңғайлы форматта шығарылған. Сондықтан бұл журналды жолға алып шығуға, үйден тыс жерлерде де оқуға болады.
**Францияның кабельдік және спутниктік телевидениені, 2006 жылғы сандық телевидение. Францияның көңіл көтеру телевидениесі. «Loft story» (француздық вариант «Big Brother») хабары. Жалпы ұлттық мемлекеттік төрт каналдар: Франс-2, Франс-3, Арта (франко-германиялық мәдениет каналы), бесінші (білім беруші канал). Үш жекеменшік жалпыұлттық канал: ТФ1, М6 және Плюс каналы (ақылы канал). Францияның халықаралық каналдары ТВ5 және Франа Интернационал Каналы (КФИ).
Францияда телерадионың дамуы.
А. Лапов пен Г. Маркони құрастырған электромагнитті толқын арқылы ақпарат тасымалдау амалы байланыстың жаңа құралы радионың дүниеге келуіне себепші болды. Бұл тек қана радиоқабьщдағыштардың аз ғана санымен түсіндірілмеді сонымен қатар, алғашқы жылдары радиоқұралдарының жетіспеушілігінен ақпарат беру тек қана кодпен жазылған түрде жүзеге асты. Телеграфтағы секілді нүкте мен сызықшаға дейінгі берілген мәтіндерді аудара алатын Морзе жүйесі қоданылды. Радионың бұқаралық ақпарат құралы ретіңдегі рөлі мен маңызы бірінші дүниежүзілік соғыс карсаңында артты.
1906 жылы америкаңдық Ли Де Форест радиоқұрылғыларда қолданылатын дыбыстық хабарламаларды, музыканы, шулы эффектілерді жіберуді іске асыратын аудиоэлектро вакуумдық лампаны ойлап тапты. 1908 жылы өнертапқыш алғаш рет музыкалы бағдарламаларды ұйымдастырды. Ол радиосигналдар Париж қаласындағы Эйфил мұнарасынан жіберілген хабарламалар болатын, радиусы 500 мильге дейін тарады. Ұзақ қолданыстан дами түскен электрондьіқ-вакуумдьіқ лампалар радиотехникада ақпаратты және радионың сазды ресурстарының маңызыдылығын артуына, калың көпшіліктің ради мүмкіндігіне қызығушылығының тууына себепші болды. Әлемнің бірнеше елдеріне радио тыңдармаңдардың жүрегінен жол таба білді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде екі аралық армия мен ВМС кемелерін радибайланыспен қамтамасыз етті, соңдай-ақ алғашқы радио берілімдер үгіт-насихат мақсатыңда және жаудың жалған хабарлары радио қабылдағыштардың маңызының артуына септігін тигізді. Радио хабарламаның техникалық базасы жетіле түсті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экспериментальді бағдарламалар саны өсе түсіп, ол біршама радио тыңдармандардың мекен-жайларына жіберіліп отырды. Әртүрлі елдердің баспасөзінде радионы насихаттау кеңінен жүргізіліп, бұл қалың көпшіліктің қызығушылығының артуына себеп болды. Шетелдік тыңдармандарға бағьпталған бағдарламалар бастапқыда Еуропалық державалардың тілінде тарады. 1927 жылы Гшаңдия теңіздің ар жағыңдағы өз иелікгеріне арнап хабар жүргізе бастады. 1931 жылы француздықтар да теңіздің ар жағындағы жерлеріне хабар жіберу мақсатыңда Бразилияда, 1964 жылға дейін қызмет атқарған радиобағаналар орнатты. Осылай, Африкаға арналған француздық радиохабарлар тарады.
Франциядағы алғашқы тәжірибелерді Рене Бартелеми лабораториясы жүргізіп, 1929 жылы алғаш көпшілік алдыңда телесеанс өткізген аз жолды телеқабылдағыш ойлап табады. 1931 жылы 14 сәуірде Рене Бартелеми зертханасынан электр мектебіне қашықтығы алғашқы телебағдарлама берілді. Бейнелер өте ебедейсіз еді. Англия мен Германиядағы тәжірибелердің қаркыңды жұмысына қарап француз басшылығы да телевидениені қол астына алды. Бартелеми Париж телевидениесінің бірінші студиясы бастаған Гренель көшесіңдегі ғимаратты алды. Кейін ғалымдар катодты трубкаларда жұмыс істейтін тетеқабылдағыштар жасап, айналымды 180 жолға дейін күшейтті. 1934 жылы далада ең алғаш түсірілім жасалды. Гренель көшесінен қабылдағыштар мен антенналар орналасқан Эйфель мұнарасына дейін коаксиалды кабель жүргізеді. 1935 жылдан бастап күнделікті бағдарламалар уақыты салыстырмалы түрде реттеліп — бұл жыл тарихта Фрацдиядағы телевидениенің өмірге келуінің ресми күні болып есептеледі. Париж студиясы кабаре, цирктерден хабарлар беріп отырды. Студиядағы бағдарламаларға «Пари шераның» жетекші актерлерімен бишілері қатысты. Прожекторлардың күні бойы жанып тұруынан студиядағы температура жұмыс соңыңда 35 градуска дейін жететін, алайда, оған ешкім көңіл бөлмейтін, ал актерлер гонарарсыз жұмыс істейтін болған. 1936 жылдан бастап Зворыкин иноскопын тәжірибеде сынай бастаған француз ғалымдары бейненің көрінісін 455 жолға дейін көтерді.
2000 жылы Франция телевидениесінің жалпы дамуы теңденциясында аса күрделі өзгерістер болған жок, Сонғы үлгідегі технология телекоммунациялық жүйелердің, мультимедиалық жүйелер мен үлен көре алмаушылық, бәсекелестік, жеке телекомпаниялардың өсуіне әкеп соқты. Олар халықаралық деңгейде шығуды көздеп отыр. Мемлекеттік телевидение де көп уақыттан бері тоқырауды бастан кешуде. Ол қаржы жағдайын жақсартып, аудиториясын ұстап қалуға тырысқанмен еш нәтиже шықпайды. Спутиктік және кабельдік телевидиниенің ауқымды дамуы барысыңда «ТФ-1» атты жекеменшік арна елдегі ең танымал телеарна болып қала берді.
Бүгінгі таңда көрермендердің 40%-і ең сенімді ақпарат көзі деп «ТФ-1» есептейді. Ал оның басты бәсекелесі «Франс-2» тек көрерменнің 20%-ьш ғана иеленеді екен. Арна аудиториясының негізін 50-ден кейінгі эйелдер құрайтын көрінеді. Ендігі уақытта «ТФ-1» өзінің «нысанасы» етіп жанұяны қоюды мақсат етті. Көп көңіл 52-минуттық сериалдарға бөлінеді. «ТФ-1» көбіне спорттық бағдарламаларды сатып алуға тырысады. Сонымен ол Пекинде өтетін Олимпиадалық ойындарды тренсляциялауға асығып, футболдан 2002 жылғы әлем чемпионатынан көрсету үшін белсенді түрде күрес жүргізеді, себебі, жарнамадан түсетін пайда көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *