АТЫС СЕКТОРЫ

АТЫС СЕКТОРЫ — жауды тікелей нысанаға алуға арналған соғыс қаруларын (пулеметті, танкті, зеңбіректі және т.б.) орналастыру тәртібі, оның оңнан солға қарай жергілікті екі белгі затпен шектелген атыс аймағы. Әскери-Теңіз флотында атыс секторы термині акваторияның бір бөлігін немесе шеткі бағыттармен және кеме артиллериясының ең қашық ату нүктесімен шектелген су жағалауларын білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *