Қашықтан оқыту технологиясы
Әлемдік деңгейде қазіргі кезде қашықтан оқыту жүйесі кеңінен орын алуда: АҚШ, Ұлыбритания, Ресей т.б. елдерде.
Қашықтан оқытудың негізгі белгілері
Икемділік. Қашықтан оқыту жүйесінде білім алушылар лекция немесе семинар түріндегі жүйелі сабақтарға қатыспай-ақ, өзіне ыңғайлы мезгілде, ыңғайлы орында, ыңғайлы қарқынмен жұмыс істей алады. Мұндай жүйе өзінің қалыпты өмір сүру тәртібін бұзғысы келмейтіндер үшін өте қолайлы. Оқуға тапсыру үшін студенттің арнайы білім цензінің болуы міндетті емес. Әркім тандаған пәнін меңгергенше оқи алады, яғни мерзімі шектеусіз.
Модульдік. Қашықтан оқыту бағдарламасының негізінде модульдік ұстанымы бар. Әрбір жеке курс белгілі бір пән туралы жалпы түсінік береді. Бұл жеке тұлғаның немесе топтың қажеттіліктерін өтерліктей тәуелсіз курс-моделдер жиынтығына оқу бағдарламасын құрастыруға мүмкіндік береді.
Экономикалық тиімділік. Әлемдік білім беру жүйесінің орташа есебі бойынша қашықтан оқыту дәстүрлі білім беру түрлеріне қарағанда 50% төмен екені анықталды.
Білім сапасын арнайы мамандырылған бақылау. Қашықтан оқыту жүйесінде бақылау түрлері ретінде қашықтан ұйымдастырылған емтихандар, әңгімелесу, экстернат, компьютерлік ойшылдық тест жүйесі пайдаланылады. Қашықтан оқыту технологиясы- тұлғаның белгілі бір білім жүйесін меңгеруі үшін бақылау жүргізіліп отырарлықтай қарым-қатынас құралдары, формалары және әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Қорыта келгенде білім жүйесіндегі өзгерістер, шығармашылыққа деген еркіндік, демократиялық сипат білім беру ұйымдары мен мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеп, таңдау мүмкіндігін беріп отыр.Бұрынғыдай білім мазмұны пәндік білім жиынтығы емес, ендігі білім нәтижесі оқытудың мақсатын бірлесе шешуден, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуден көрінбек. Оқытудың мақсаты қазіргі өзгермелі дүниеде алған білімнің негізінде өзін-өзі таныта алатын, дамытатын, адамгершілік тұрғыда дұрыс шешім қабылдай білетін, ұлттық санасы жоғары, жан-жақты білімді, мәдениетті, қоғамға лайық, шығармашылық қабілеті қалыптасқан тұлғаны дамытуға бағытталады. Сондықтан қазіргі білім беруде құзыреттілікті көрсете алатын, әлеуметтік және кәсіби ортада өз білімін пайдаланып, өз пікірін білдіре алатын, өзінше әрекет жасай алатын зиялы тұлға үлгісі алдыңғы орында тұр.
Сондықтан пайдаланып келген оқыту әдістемесінің жаңа педагогикалық технологияларға ұласуының қажеттігі туындайды. Яғни әлеуметтік тәжірибенің барлық элементтерін бүгінгі оқыту ерекшелігімен үйлестірген жағдайда білім мазмұны жаңа сипат алады, әдістемелік жүйеге айналады. Көрнекті неміс педагогі Адольф Дистерверг «Жаман мұғалім шындықты өз деңгейіне жеткізеді, хабарлайды, ал жақсы ұстаз шәкірттерін шындыққа жетуге баулиды»,деген пікірі бүгінгі талаптарға сай келеді.
Жаңа технология негізінде оқушы, біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілер бойынша жұмысты іске асырады.Екіншіден, танымдық іс-әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды. Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылы таныс емес жағдайға проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғаланылуымен ерекшелінеді. Осындай күрделі іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бүгінгі талапқа сай құзыреттілік негізінде өзінің әлеуетін көтеруді жүзеге асырады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.М.Жанпейісова
Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы 2006
2. Қазақ тілі мен әдебиеті 2008,4
3. Қазақ тілі мен әдебиеті 2007,9
4. Ізденіс. Филология сер. 2010,1
5. Қазақ тілі мен әдебиеті 2006,7