Қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың кәсіби шеберліктерін қалыптастыру
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат —> мазмұн —> форма —> әдіс —> оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену —> меңгеру —> өмірге ендіру —> дамыту болып өзгерген.
Егемен еліміздің экономикасы мен саясатының, білім мен ғылымның тұтқасын өзге емес, өз еліміздің азаматтары ұстауы керек. Оның негізі бүгін қалануы тиіс. Бұл міндетті шешетін — болашақ қазақ мектебі. Құрғақ қиялдан болашаққа нақты ұсыныс керек.
Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Казіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді.
Әдістемелік ізденіс-жаңалыққа жол ашу. Мұғалімдер әдістемелік ізденістерді басшылыққа ала отырып, еңбекті сабақ үрдісінде білулері керек.
Қазіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу, яғни, инновациялау инновациялық үш бөлімнен тұрады:
І-бөлім. Кәсіби шеберлік
ІІ – бөлім. Біліктілік дағдылары
ІІІ-бөлім. Жүзеге асыру, қолдану.
Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы – оқытудың негізгі мақсаты Оқушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойлау кабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды. Сондықтан оқушылар сұрақтар мен сөзжұмбақтарды шешу үшін өтілген материалды үнемі кайталап отыруды әдетке айналдырады. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, олардың шығармашылык ой-өрістерін, түсінік-танымдарын еселеп, арттыра түседі.
Ойын сабақ оқушылардың логикалық ой-өрісін, сана-сезімін дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, терминдер мен заңдылықтардың, құбылыстар мен өзгерістердің атын есте сақтауға көмектеседі.
Сабаққа дайындық барысында оқушылар әр түрлі газет-журналдарды, көмекші құралдар мен анықтама кітаптарды пайдаланады, яғни бір сөзбен айтқанда оқушылардың өз бетінше шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау қабілетін арттырады.
Ең бастысы ойындар оқушылардың көңілін өз бетінше ізденушілікке аударып, қабілетін арттырады. Ойынның әлеуметтік бейнесін зерттеуші белгілі психолог Д.Б.Элькониннің сөзімен айтсақ: «Ойын — ол адамдардың арасындағы әлеуметтік ара-қатынас, практикалық білімдері және қызметі». Оқу ойындарын қолданудың жағымды жақтарына американдық авторлар мыналарды жатқызады:
ойындар абстрактілі оқытуға қарағанда өз тәжірибесімен оқытуға мүмкіндік береді;
ойындар ойын басшысының тәжірибесіне немесе дағдысына тәуелсіз;
ойындар интуицияны жаттықтырады, мәселені шешу қабілеттілігін және қажетті әлеуметтік мінез-құлықтың түрін таңдауға, үрдістер мен құбылыстардың деректерін түсінуге, стратегиялық баламаны шешім қабылдауға, тәуекелге бел байлауға үйретеді;
ойындар жеке мәселелерді оқуда және шешуде қабілетті әрі қарай арттыруда, ойынға қатысушылар оқытушының ролін ойнап, бірін-бірі белгілі бір деңгейде оқытады, бірақ әрқайсысы бір ойында өздерінің қабілеттілігі мен қажеттілігіне қарамай көп нәрсеге үйренеді.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық, іскерлік ойын арқылы оқытудың маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы 3 кезеңнен тұрады.
I кезең. Дайындық (рольдерді бөліп беру, оқушыларды топтарға бөлу, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау)
II кезең. Ойын кезеңі (оқушылар жасаған хабарламаларды тыңдау, пікірталас жасау, қабылданатын шешімді талқылау және оны бақылау, талқыланған шешімді қабылдау)
III кезең. Қорытындылау (проблеманы шешудің тиімді жолдары іздестіру)
Іскерлік ойындарының дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық (әлеуметтендірушілік) маңызы зор.
Оқушылар әрбір сабақтан мол білімділік, тәрбиелік, дамушылық алу керек. Сондықтан пәнаралық байланыс арқылы сабақтың біліми, ғылыми сипатымен қатар оның тәрбиелік танымдық, адамгершілік мазмұнда ұйымдастырылуын ойластырған абзал.
Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы.
Білім беру саласындағы қазіргі оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.
Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.
Баланың білімге деген қызығуын арттыратын жүйелі іс-әрекеттер ұйымдастыруға талпыну. Ол жүйе мына төмендегідей:
Шығармашылықпен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар.
Әр түрлі анықтамалықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Ғылыми әдебиеттердің оқуға баулу.
Жарыстар, сайыстар, әр түрлі танымдық ойындар ұйымдастыру.
Интернет, телеарна мен мерзімді баспасөздерде берілген соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру.
Қызықты тәжірибелерді, сапалық есептерді көбірек қолдану.
Мұғалімнің айшықты, өмірден алынған дәйектерді сабақта қолдану.
Осы әдістерді сабақта қолдана отырып оқушының ойлау тәсілдерін бақылауға болады. Берілген материалдан оқушы ең маңыздысын, ең бастысын бөліп алады, басқа нәрселермен салыстырады, оны жүйелеп, қорытындылайды, нақтылайды, анықтайды және ұғымға түсінік береді, оны дәлелдейді немесе жоққа шығарады, модельдейді. Жаңағы тәсілдерді қолданғанын оқушының сөзінен, тұжырымынан байқауға болады.
Қорыта келгенде, ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар заманы. Сондықтанда жер бетінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер туралы спутник, интернет арқылы мағлұматтар оқушыларға жеткізіліп, айтылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» жолдауы.
3. Қабдиева С. //Бастауыш мектеп – 2004 — №2 – 21б.
4. Қазанғапова Л. //Бастауыш мектеп – 2001 — №2 – 9б.
5. Сеңкібаев С. //Ұлт тағылымы – 2001 — №2 – 14-19 б.
6. Тоқаев Қ. //Қазақстан мұғалімі – 2000 – 19 қаңтар 1-3б.
Битуова Т. //Мектеп – 2006 — №10 – 1б