АТЫРАУ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ — Батыс Қазақстан аймағында агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерімен айналысатын ғылыми-зерттеу орталығы. Атырау қаласында орналасқан. ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы қаулысына сәйкес Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының батыс бөлімшесі, “Жемшөп және жайылым” ғылыми өндірістік бірлестігінің аймақтық бөлімшесі және Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының Атырау ғылыми-зерттеу станциясы негізінде ұйымдастырылды. Институттың негізгі міндеттері — қойдың, жылқы мен түйенің жергілікті тұқымдарын жетілдіру және жаңа тұқымдарын өсіру, мал тұқымын асылдандыру, жемшөп өндірудің прогресті технологиясын әзірлеу, мал ауруларының алдын алу, емдеу әдістерін жетілдіру. Институт сондай-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жергілікті жердің табиғи экономика жағдайына сай келетін агротехника және зоотехника тәсілдерді анықтайды, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге ғылыми тұрғыдан басшылық жасайды, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін насихаттайды, ғылыми әдістеме, оқулықтар шығарады. дегенге саяды. Облыстық газет өзінің бүкіл тарихында осы ойды, жан-жақты насихаттаумен келеді.