АТЫҒАЙ

АТЫҒАЙ — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасынан таратылады. Он екі Дәуіт ата Атығай, Атығай-Қарауыл деп те аталады. “Ақтабан шұбырындыда” Сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызылжар, Омбы өңіріне келіп орын тепкен. Қызылжар (Петропавл) бекінісі салынған (1755) жерде бұрын Атығай руынан Дәулеткелді байдың ауылы отырған. Ш. Уәлиханов Абылай ханның тұтқын қырғыздарды Атығайдың арасына қоныстандырған соң олар Атығайға Байқырғыз, Жаңақырғыз, Сару, Құсшы қырғыз атасы болып сіңісіп кеткенін жазады. Шежіре деректері бойынша Атығайдан: Құдайберді, Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасан, Бағыс, Ақ-киік, Құлансу, Қойлы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары тарайды. А. руынан Шал Құлекеұлы, Арыстанбай, М. Жұмабаев, Зілқаа, Жәпек батыр, т.б. белгілі адамдар шыққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *