АТ ТҰЛДАУ

АТ ТҰЛДАУ — қазақ халқының дәстүрлі аза тұту рәсімі. Қаза болған адамның атына ерін теріс ерттеп, үстіне киім-кешегін жайып, қару-жарағын іліп, ең үстіне бас киімін қояды. Жоқтау айтып жүріп, аттың құйрық-жалын күзейді. Оны тұл ат, кейде қаралы ат деп атайды. Тұл ат жыл бойы мінілмей, бос жүреді. Бір жылдан соң марқұмның асына сойылады. Атты соярда да жоқтау айтылады. Мұндай салт қырғыздар, көшпелі өзбектер, осетиндерде де кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *