Ат-ТУХФАТ әз-ЗАКИЯ фи-л-ЛУҒАТ ат-ТУРКИЯ

Ат-ТУХФАТ әз-ЗАКИЯ фи-л-ЛУҒАТ ат-ТУРКИЯ («Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық») – 14 ғ-да Мысыр елінде араб грамматикасының үлгісімен араб тілінде жазылған қолжазба. Авторы мен жазылып біткен жылы беймәлім. Қолжазбасының жалғыз данасы Стамбұлда сақталған. Көлемі 91 парақ (182) бет. Еңбек кіріспеден сөздік және грамматика бөлімдерінен тұрады. Қолжазбаны автор «қыпшақ тілінің негізінде түздім» деп көрсетеді. Онда 3 ыңдай қыпшақ сөздерімен қатар түрікмен, татар, қарлұқ тілдерінен де мәліеттер келтіріліген. Автор 14 ғ-дың әйгілі филологы Әбу Хайанның еңбектерімен таныс болған. Қолжазба 1922 жылдан бері белгілі, Т.Х. Кун (Анкара ун-ті) 1942 ж. түпнұсқасын Будапеште бастырып шығарды. «ат-Т» 1945 ж. түрік тіліне (Аталай Б.), 1968 ж. өзбек тіліне (С. Муталлибов) аударылып басылды. «ат-Т.» өз тұсында кең қолданылған қыпшақ тілі туралы аса мол мәлімет береді. Қазақ тілінің даму тарихын білу үшін маңызы өте зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *