ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ-ҰЛТТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ-ҰЛТТЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ РЕТІНДЕ

Таттыбаева Мәдина Мауленқызы
Madinatattybaeva38@mail.ru
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің
«Саясаттану» мамандығының 1-курс студенті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Ғылыми жетекші –Копежанова Д.Е.

Ерте заманнан бастап озық елдер қатарындағы мемлекеттер ұлттық қауіпсіздікті ең басты орынға қойып, үнемі ел тыныштығын бақылап, күзетіп отырған. Сол кездерден бері мемлекеттің тұрақты өсуі мен дамуы үшін елдің ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы керек екені мәлім. Осыған байланысты Қазақстан да егемен ел болғаннан кейін жас мемлекетіміздің толықтай қалыптасып, одан әрі дамуының маңызды алғышарты ретінде ел тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қарастырды. Қазақ халқы бейбітшілік сүйгіш халық болғандықтан, Қазақстан өзінің көршілес елдерімен, дүниежүзінің алдыңғы қатарлы елдерімен өзара тиімді, достастық қарым-қатынасының берік тұғырын сақтап келеді. Елбасының: “Ұлттық қауіпсіздіктің міндеті – елдің негізгі, өмірлік аса маңызды мүдделері – ұлттық дербестікті, аумақтық тұтастықты, халықтың өмірін қорғауды кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады. Бұл тұрғыдан келгенде, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз ететін жүйе түрінде табылады: ұлттық қауіпсіздік болмаған жерде мемлекеттің өзі де жоқ”-деген сөздері осының бәріне айқын дәлел. [1] Осы айтылған Елбасының сөздерінен біз ұлттық қауіпсіздіктің ел ішінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын көре аламыз. Елдің ішінен және сыртынан төнетін қауіптерден сақтап, олардың алдын алып отыратын бұл-ұлттық қауіпсіздік органдары. Сондықтан ұлттық қауіпсіздік органдарының қалыптасу және даму жолы әрқашан Қазақстан Республикасының айырықша назарында болып келеді.
1992 жылы 13 шілдеде, яғни осыдан 26 жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті құрылған. Дәл сол кезден бастап жаңа отандық арнайы қызметтің тарихы бастау алып, көптеген кезеңдерден өткен болатын. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік органдарына: «Барлау» қызметі, әскери қарсы барлау органдары, ҰҚК лаңкестікке қарсы орталығы, аумақтық органдар (ҰҚК облыстық департаменттері), шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелері және басқа ұйымдар. Ұлттық қауіпсіздік органдары негізгі 4 бағыттарда өз қызметін жүзеге асырады. Олар:
1. Лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекет ету;
2. Ақпараттық қауіпсіздік;
3. Экономикалық қауіпсіздік;
4. Мемлекеттік шекара; [2] Осы мақалада аталған 4 бағыттың бірі Ұлттық Қауіпсіздік Органдарының терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет етулері туралы баяндалады.
Әлемнің түрлі жерлерінде орын алып жатқан жат құбылыстар халықаралық қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде біздің елімізге өз әсерін тигізбей қоймайды. Қазіргі таңда адамзат баласының басына төнген қауіптердің қатарына біз халықаралық терроризмді жатқызамыз. Бұл мәселе Қазақстанға қаншалықты қауіп төндіріп тұр? Осы сұраққа жауап ретінде Парламент Сенаты халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков өз пікірін білдірді: “Сирия, Ирак және Ауғанстандағы қақтығыс аймағындағы жағдайды ескере отырып, өңірде белгілі бір қауіп-қатерлер бар. Біз, әрине, оны жоғары қауіп ретінде бағалаймыз. Өкінішке орай, біз халықаралық террористік ұйымдар мүдделерінің аясында тұрмыз, бұл туралы қаңтар айының басында Алматыда топтың ұсталу фактісі куәландырды. Оларға Қазақстан аумағында терактілер өткізу үшін шетелден нақты қондырғылар берілген. Мақсаттары түсінікті: жағдайды тұрақсыздандыру, хаос орнату. Ең бастысы олар жұмысын жалғастыруда. Біз Қазақстанға төнетін қауіп-қатерді лайықты бағалаймыз. Сондай-ақ, біздің азаматтарымыз қақтығыс аймақтарында содырлар қатарында бар. Біз олардың орналасқан жеріне барынша мониторинг жүргізіп, олардың Қазақстан жағына ұмтылысына мониторинг жүргіземіз. Осы тұлғалардың айналасындағы жанжал аймағында болып жатқан барлық процестерді барынша көруге тырысамыз”-деп атап өтті.[1] Шынымен, қазіргі таңда Орта
Азияның кейбір елдерінде орын алып жатқан жағдайлар Қазақстанға өз әсерлерін тигізуде.
Әрине, соңғы оқиғалар біз үшін жаңа үлкен сынақ болып отыр. Терроризммен күресу мақсатында қандай шаралар жүзеге асырылды және болашақта бізді қандай жағдайлар күтіп тұр деген сұрақтар бізді алаңдатпауы мүмкін емес.
Террористік актілерді және экстремизм ошағының туындауын болдырмауға тек олардың алдын алу бойынша ұдайы жұмыс жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болатынын уақыт көрсетіп отыр. «Терроризмнің ушығып тұрған кезеңінде өңірдің барлық мемлекеттері мен мүдделі елдерінің іс-қимылы мен белсенділігін үйлестіруді жаңа сапалы деңгейге көтеруге біз дайынбыз», деп Елбасы айтқандай, жоғарыда айтылған теріс құбылыстардың біздің өмірімізге енуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. «Орталық Азия моджахеттерінің жамааты», «Джунд-әл-Халифат», «Хизб-ут-Тахрир» және басқа да құрылымдардың жойылып жіберілуі осыған дәлел. Осы соңғы жылдың өзінде радикалды діни идеологияны ұстанушылар тарапынан террористік акт жасау ниетіндегі 3 әрекет бастапқы кезеңінде-ақ тоқтатылды. 4 радикалды топтың және 18 жекелеген адамның теріс ісқимылының жолы кесіліп, 77 радикал сотталды, сондай-ақ 30-ына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осы кезеңде Қазақстан аумағында терроризм мен экстремизмге қатысы бар 24 шетел азаматы ұсталып, тиісті мемлекеттердің арнайы және құқық қорғау органдарына берілді. Алдын алу шараларының нәтижесінде діни ұйымдардың 40 белсендісі деструктивті идеологияны насихаттауын тоқтатты, сондай-ақ ішкі істер органдарымен бірлесіп, 22-сі экстремизм үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Жоғарыда айтылғандармен бірге, тыйым салынған «Ат-такфир уаль-хиджра» діни-экстремистік ұйымы бөліктерінің 9 жетекшісі және «Таблиғи жамағаттың» 28 белсендісі сотталды. Қазақстанға экстремистік сипаттағы әдебиетті әкелудің 40 әрекетінің жолы кесілді. Интернет желісінде 150-ден артық экстремистік материалдарға сілтеме бейтараптандырылды. Осы жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде, осы қызмет 20-дан аса іс-шараға, оның ішінде заңсыз қарулы құрылымдар қатарында жауынгерлік іс-қимылдарға қатыспақшы болған Қазақстанның 3 азаматын Ыстанбұл қаласынан Астанаға жедел экстрадициялауға қатысты. Аталған іс-шара шеңберінде және басқа да міндеттер бойынша 100-ге жуық объект пысықталды. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мәліметтері бойынша, 2013 жылдан бастап террористік сипаттағы 27 зорлық-зомбылық экстремистік акцияның алдын алып, жойылды.
2014 жылы ведомство содырлардың 80-нен астам қазақстандықты тартуына жол бермеді. Қазіргі таңда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бағалауынша, елімізде қауіпсіздік бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдануда. Құқықтық нигилизм мен антипатриотизмді тарату үшін жағдай жасайтын сыбайлас жемқорлықпен және діни сауатсыздықпен күрес жүргізілуде. Қазақстан аумағында зорлық-зомбылық сипаттағы экстремистік көріністерге және терроризм актілеріне жол бермеу жөніндегі арнайы және құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігі 2020 жылдың соңына қарай 95% — ды құрайды деп күтілуде. Осыған ұқсас көрсеткішке терроризм актілеріне ден қоюға дайындық деңгейі, сондай-ақ республикада терроризм салдарларын барынша азайту және жою бойынша қол жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, 2020 жылдың соңына қарай экстремистік идеялар мен діни араздықты қоздыратын заңсыз ұйымдардың санын 50% — ға (2016 жылмен салыстырғанда) төмендету жоспарланып отыр.[3]
Терроризм-ел ішінде үрей мен дүрбелең тудыру мақсатында ұйымдастырылатын бір немесе бірнеше адамдар тобының іс-әрекеті. Террористік актінің салдары өте көп. Мысалы: террористік акт кезінде оның эпицентрінде болған, бірақ тірі қалған адамдар мүгедек, еңбекке жарамсыз болуы, өмір бойы елеулі психикалық жарақат алуы (психикалық ауру) мүмкін.;
Кез келген террористік актілер және жалпы қоғам үшін қайғылы салдарлар болады. Оларға жатқызу қажет:
Біріншіден, адам құрбандарының көп саны (кепілдікке алған кезде, үй-жай мен т. б. шабуыл жасаған бомбаның жарылысы кезінде қаза болғандар).
Екіншіден, жалпыға бірдей қорқыныш, күдік, үрей және психологиялық қысым атмосферасын құру;
Үшіншіден, лаңкестікпен қираған мүлікті, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын қалпына келтіруге; ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің тиісті жұмысын қалпына келтіруге байланысты орасан зор материалдық және қаржылық шығындар;
Төртіншіден, жаңа террористік актілер жасауды болғызбау, террористік, экстремистік және өзге де қылмыстық ұйымдарды залалсыздандыру үшін едәуір қосымша кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық ресурстарды тарту қажеттілігі;
Бесіншіден, адамдар арасында сәтті жүргізілген терактілер жағдайында осындай жаңа Қылмыстық акциялардың шарасыздық сезімінің пайда болуы, сондай-ақ беймәлім, басымдылық, толық қорғансыздық сезімінің пайда болуы, кезекті қорқыныш пен трагедияны күту;
Алтыншыдан, бұрын сәтті жүргізілген қылмыстық акциялардың салдарынан террористік ұйымдардың саны мен қуатын одан әрі ұлғайту, бұл осындай ұйымдардың қызметін айтарлықтай күшейтуді, оларды одан да едәуір көлемде қаржыландыру, бұл оларға қарсы күресті бірнеше рет күрделендіруге ықпал етеді.;
Жетіншіден, адамдардың терроризмге қарсы күрес үшін пайдаланылатын мемлекеттің мүмкіндігіне деген сенімін жоғалтуына, ел ішінде мемлекеттік биліктің беделін төмендетуге жол берілмейді.[4] Міне террорлық, экстремистік әрекеттердің орын алуы осындай ауыр жағдайларға әкеліп соғады. Осындай салдарлар елімізде орын алмау үшін Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті барынша жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта ұлттық қауіпсіздікке барынша басымдық берілген. Осындай қылмыстардың ашылуы айтарлықтай өсті, мешіттер мен діндарлардың қауымдарында тынымсыз жұмыс жүргізілуде, ден қоюдың заманауи құралдары құрылды. Жақында ғана қазақстандықтар радикализм негізіндегі қылмыстар туралы тек сәл ғана білетін. Бірақ онжылдықтың басында діни фанатиктермен бетпе-бет кездесті.
Аталған мәселелерге байланысты төменде көрсетілетін бірнеше шаралардың жүзеге асырылуы терроризм мен экстремизм әрекеттерін сейілтуге септігін тигізеді деп ойлаймыз:
• Терроризмді қаржыландыруға жол бермеу, ондай болған жағдайда оның алдын алу;
• Ақпараттық желілерді террористік мақсатта пайдалануғажол бермеу, оларды бақылап отыру;
• Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Жаппай қырып-жою қаруын таратпау туралы 1540 (2004 ж.) қарарын орындау жөніндегі ұлттық күш-жігерді нығайту;
• Кеденнен өтетін тауарларды қатаң түрде тексеру;
• Халық тығыз орналасқан жерлерді әрдайым қарауда ұстау;

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ресми сайты, «Ел қауіпсіздігі-ең басты мүдде». //http://knb.gov.kz/ru/article/el-kauipsizdigi-en-basty-mudde
2. «Ұлттық Қауіпсіздік дегеніміз не?» //https://massaget.kz/layfstayl/bilim/ol-kim-blne/47026/
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ресми сайты. «Новый формат защиты государства?» //http://knb.gov.kz/ru/news/novyi-format-zasity-gosudarstva
4. Организация по безопастности сотрудничеству в Европе. «Борьба с терроризмом» //https://www.osce.org/ru/countering-terrorism

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *