АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ИЗОМЕРИЯСЫ

АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ИЗОМЕРИЯСЫ — ядроның ұзақ өмір сүретін ерекше күйі. Мұндай күйдің жартылай ыдырау периоды басқа қозған күйлердің осындай периодынан едәуір үлкен болады. Табиғи радиоактивті ядроларда болатын бұл құбылысты неміс физигі О.Ган (1921), ал жасанды радиоактивті ядроларға тән күйін И.В. Курчатов, Б.В. Курчатов, Л.В. Мысовский және Л.И. Русановтар сияқты физиктер ашты. А. я. и-н бақылау үшін ядроның негізгі күйінің энергиясына жақын қозған күйінің импульс моменті оның негізгі күйінен көп өзгеше болуы шарт. Соның салдарынан сол екі күйдің арасында -ауысу мейлінше тежеледі. Сондықтан ядроның түрлі әдіспен ыдырау периодтары екі, тіпті үш түрлі болуы мүмкін. Табиғатта ұзақ өмір сүретін жүздеген ядро — изомерлер кездеседі. Әсіресе тақ ядролардың арасында изо

ядроның қабықша моделі арқылы түсіндіріледі. Изомериялық күйлерді зерттеудің ядро құрылысын түсіндіру үшін мәні зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *