
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ
АСЫРУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Чакирбаева Назерке Чакирбайқызы chakirbayeva@gmail.com Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д, профессор М.Б.Шиндалиева
Адамзат дамуының қандай да бір кезеңінде болсын, көпшілікті иландыруға ықпал ету құралдары ауысып отыратын. Басында, аңыз-әңгімелер болса, империялар заманында аңызәңгімелердің орнына дін келді, ал индустриалды дәуірде діннің орнын идеалогия ауыстырды. Шындығында, бұл құралдардың барлығы бір қалыпты, саяси, экономикалық элитаның халыққа әсер етуінің тәсілі болып қала берді.
Жаңа дәуірдің басталуымен, ақпараттық қоғамның пайда болуымен бұқараға әсер ететін ақпараттық және идеологиялық құралдарды трансформациялау қажеттілігі туындады. Көпшіліктің санасына мүлдем жаңа құндылықтар, қатынастар, саяси нормалар, институттар және мақсатқа қол жеткізу тәсілдері сіңіп жатты. Идеология өзгеше сапалы матрица (ұя) ретінде, біртіндеп ақпараттық дәуірде мағына, мән және бейнемен жұмыс жасауға арналған жаңа техникаларға өтуді бастап келеді [1,10-б].
Қоғамда бейне және өзіндік имидждік кодтар, яғни белгілі символдар жиынтығы бірінен соң бірі саяси процестерді, субъектілерді және тағы басқасын алмастырып барады. Нәтижесінде «билік» және «ықпал» жаңа мәдени кодтарды даярлай алатын кейіннен оларды жаңадан виртуалды ақиқатты жасау үшін пайдаланатын адамдардың қолына өтті. Бұған әйгілі сарапшы С.Қара-Мұрзаның айтуы бойынша: «Бүгінгі таңда, БАҚ – ақпарат құралдары емес, идеологияның құралы болып кеткен. Олардың хабарларында ең бастысы біздің санамызға контрабандалық жолмен еңіп жатқан идеялар» [2,3-б],- дейді. Осыдан, саналы түрде ойластырылған саяси процесс, бұқаралық тұтынушының талабына сай алдын ала құрастырылған виртуалды ақиқатқа жол береді. Қазіргі жағдайда БАҚ санаға әрекет етудің басты құралы ретінде шығып отыр. Сондықтан, саяси процесс конъюнктураға байланысты қалыптасып отырған терминдермен бейнеленеді, яғни ақпараттық-технологиялық негізі бар конъюнктура арқылы түсіндіріледі. Кейде мифологиялық элементтерді де қосады.
Қазір медиакратия дербес ұлт, партия, мемлекеттен тысқары ешкімге тәуелділігі жоқ күш. Керек десеңіз, өзінің құмарлығын, ермегін қоғамның талаптары мен қызығушылықтарына қайшы келетініне қарамастан қанағаттандырып алады [3,5-б]. Айта кететін жайт, медиакратия биліктің ұйымдасқан формасы ретінде, бұқаралық ақпарат ағындарын қадағалайтын элитаның ықпалында негізделген және имидждік стратегияларды кеңінен пайдалануды қоғамның жалпы психологиялық қалпына қарай әсер етуді болжайды.
БАҚ-ның саяси үдеріске ықпал ету деңгейінің екі негізгі әдісі бар [4]. Алғашқы әдісті жақтаушылар БАҚ-ы азаматтарға қатты әсер етіп, саяси бағдарына да өз ықпалын тигіздіреді дегенді ұстанады. Мысалы, француз әлеуметтанушысы П.Бурдье БАҚ бұқараны «жонғыштаудың» басты құралы деп санайды [5]. Әсіресе ол БАҚ арқылы адамдарда өзінің мұрат-мүддесін, түсінігін, қатынастарын, бағалаудың классификацияларын күштеп бағындыру сияқты мүмкіндіктерінің пайда болатынын айтқан. Бұнда коммуникация арналарының іс жүзіндегі қожайындары ерекше билікке ие.
Екінші әдісті қолдаушылар, керісінше, жанама фактілердің әсерінен БАҚ-ның аудиторияға ықпал етуінің деңгейі азаяды дейді, яғни БАҚ бар жоғы адамдарға олардың жеке бас саяси артықшылықтарын ескермей-ақ саяси бітім туралы қандай да бір хабарды береді дегенді ұстанады. Позитивті коммуникативистиканың негізін салушы П.Лазарсфельд ХХ ғасырдың 40 жылдарында АҚШ-та өткен президенттік сайлауды талдап, БАҚ каналдары арқылы сайлаушыға өткен ақпарат, қалыптасқан нұсқау мен бағдарды арттырады деген шешімге келген [4,26-б]. Қазіргі кезеңде ақпараттық соғыстың Қазақстан және жалпы посткеңестік аймақта басқарудың орталық құралына айнала бастауы оны зерттеу қажеттілігін туғызды. Осы мәселеге қатысты зерттеулерді В. Пелевин өзінің «Generation П» и «Числа» романдарында және одан кейін С. Минаев «Медиа сапиенс» повесінде жинақтап көрсетті.
Бұл романдардың негізгі идеясы біздің тақырыбымызбен үндес ,яғни жаһанданған әлемдегі көңілді басқару мәселесі болып отыр. Коммуникациялық ағындар кеңістігінде аудиторияның назары үшін үздіксіз күрес жүргізілуде. Хабарламалар адресаттарға жетуі керек. Олардан нақтылық және бір беттілік қажет етіледі. Олай болмаған жағдайда ақпаратты тұтынушы басқа арнаға ауысады немесе браузерді жауып тастайды. Сондықтан да, бұл күресте жеңіске жету үшін анық артикулияциялаған ұстаным қажет-ақ.
Бізде, өкінішке орай бұл туралы тек сайлау кезеңінде ғана еске алынады. Басқа кезде қиындықтар мен жинақталған сұрақтарды бос сөздің артына жасырғанды жөн көреді. Бұның барлығы БАҚ деген сенімнің төменденуіне әкеледі. Ойымызды сандық мысалмен өрнектейтін болсақ, «Қазақстан Республикасындағы саяси өзгерістердің негізгі бағыттары мен қарқынының деңгейі» атты тақырыптағы республикалық әлеуметтік зерттеудің мәліметтеріне сүйенсек, тұрғындар негізінен телеарналарға (63%), сосын радиоға (56%) және қоғамдық-саяси газеттер мен журналдарға (53%) сенеді. Ең төменгі сенім көрсеткішін Интернет (46%) иеленген.
БАҚ саяси ресурсын бағалаудың тағы бір шарты бұл оқырмандарға ұсынылған ақпараттың объективтілігіне деген бағамы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың тек бестен бір бөлігі (21%) ғана бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдықсаяси оқиғаларды жариялау барысында толық және объективті ақпарат беретіндігін көрсеткен. Ал респонденттердің жартысынан көбі (57%) БАҚ өздеріне тиімді ғана ақпаратты таратады деп санаған. Бұл мәселеден шығатын жанама қорытындыға келер болсақ, БАҚ бұқаралық саяси сана мен қазақстандықтардың әрекетіне әсер ету мүмкіндігінің шектеусіз еместігін байқаймыз. Масс-медиа ақпараттарына деген жаппай қызығушылық пен зейіннің 1990 жылдардың аяғында байқалған деңгейі қазіргі кезде мүлдем жоқ. Бұл негізінен тұрғындардың қоғамдық-саяси ақпараттарды пайдалануының кемуі мен БАҚ деген сенімнің жойылуына байланысты.
Мерзімді басылым саласындағы ақпарат шоғырлануын шектеу, таралу көлемінің жалпыұлттық немесе аумақтық таралу көлеміндегі үлесіне байланысты; акционерлік капиталдағы үлесті шектеу; бір адамның қолындағы лицензиялардың санына шек қою;
«тоғысу жерлерін» реттеу; шетел капиталы үлесін шектеу; бұқаралық ақпарат құралдарының ашық, айқындылығын қамтамасыз ету (жылдық қаржылық есеп беру, негізгі акционерлер тізімін, акциялардың сатып алынуы жөніндегі ақпаратты жариялап отыру). Экономикалық реттеу көптеген мемлекеттерде реттеудің заңды түрде бекітілген экономикалық әдістері кеңінен таралған, олар бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық міндетін атқаруға жағдай жасауға, сөз еркіндігін және бұқаралық ақпаратты қамтамасыз етуге арналған. Адамның ақпаратқа және нақты бұқаралық құралдарға деген құқықтарына қатысты халықаралық актілер (Азаматтық және саяси құқықтар жөнінде халықаралық пакт (1966 ж.), Еуропа Кеңесінің құжаттары, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдары және адам құқықтары туралы Декларация (1970 ж.), «Қоғамдық телерадиохабарын таратудың болашағы» Резолюциясы (1994 ж.) және т.б.) БАҚ қызмет етуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде мемлекеттік бақылаудан, монополиялардан тәуелсіз болуын, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз етуде қаржы механизмінің ерекше ролін атап айтады. Аталған мемлекеттер қоғамдық мәні зор ақпаратты тарату үшін жағдай жасауға арналған салықтық, кедендік жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы, Франция заңнамасы мынадай талаптарға сай келетін мерзімді басылымдарғы салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсынады: белгілі мерзімде шығатын (бекітілген мерзім); «қоғамға пайдасы зор» болып табылатын, себебі халықтың білім, тәрбие алуына, ақпараттандыруына әсерін тигізеді; газет беттері көлемінің 2/3-ін мәтіндерге арнап, жарнамалық сипаттағы ақпаратты қолдамайды, тегін таратылмайды. Жеңілдіктер: материалды кешеннің дамуына бағытталатын кіріске салынатын салықтан босатылады (қазіргі кезде кіріске салынбайтын салық көлемі күнделікті газеттер үшін 80% кіріске дейін жеңілдетілген, ал апта сайын шығатын газеттер үшін 60% кіріске дейін жеңілдетілген); кіріске деген салықтан босату, ол өз кезегінде мерзімді басылым қызметкерлерінің жұмыстан шығып қалған жағдайда төлемақыға беріледі; БҚҚС-тің (бастапқы құнға қосылған салық) төмендеуі (күнделікті, аумақтық жалпы саяси газеттері және ұлттық саяси газеттері үшін ол 2%-ды құрайды; ал басқа мерзімді басылымдар БҚҚС-ты 4% көлемінде төлейді); кедендік баж төлеуден босатылу(52). Сонымен қатар жеңілдік тарифтері қарастырылған: журналистердің кәсіби қызметімен байланысты жұмсалатын қаражатқа жеңілдік (белгілі бір жеңілдік пайызы бекітіледі); мерзімді баспасөз басылымдарын таратуға арналған пошта тарифтері төмендетілген; телеграфтық және телефон байланысы қызметіне деген жеңілдіктер (пайыздық қатынаста). Шет ел мемлекеттері заңнамасы белгілі бір мақсаттарды көздеген шығыстарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Францияда белгілі бір талаптарға сай келетін күнделікті жалпысаяси газеттер үшін осындай қаржыландыру ұсынылады (әдетте олар жылдық есеппен есептеледі), ол мынадай талаптарға сай келуі керек: «жарнамадан түсетін кіріс көлемі жеткіліксіз», бюджетке немесе әлеуметтік сақтандыруға қатысты қарыздары жоқ. Баспа қағазын басқа біреулердің иемденіп қалмауы үшін мемлекет қағаз өнімі мен қолданылуын қадағалайды, егер қағаз тапшы жағдайға тап болса, белгілі шараларды жүзеге асырады. Қағаз өндіретін ұйымдарға да қаржы бөлу қарастырылған. Сондай-ақ, осындай қаржыландыруды өз өнімін шетелде тарататын, яғни шетелдегі ұлттық мәдениеттің өкілдері болып табылатын баспаларға да ұсынады.
Ұлыбритания қазіргі кезеңде мемлекет тарапынан бірқатар телевизиялық компанияларды қаржыландырады. Мысалы, Уэльстегі телехабарларды уэльстік аз халықтың тілінде тарату үшін, яғни осы халық тіліндегі бағдарламалардың құрылуы үшін субсидийлер ұсынылған, осындай жағдай Ирландияда кельт тіліне қатысты қолданылған. Бірқатар мемлекеттерде (Норвегия, Швеция, Финляндия, Дания) мемлекеттік телерадиокомпаниялар бар, ал енді біразында мемлекет тарапынан қаржылай көмек алып отырған қоғамдық телерадиокомпаниялар кездеседі (АҚШ, ФРГ, Австрия, Франция және т.б.). Мемлекеттік телерадиохабарлар тарату жүйесі әрқашанда хабардың келу көздерін шектеу мүмкіндігі бар екені сыналып отырады. Осыған қарамастан, бұл жүйенің бірқатар жетістіктері де бар: халықтың барлық бұқаралық топтарына қызмет етеді; мемлекеттің әр тұрғынын қоғам өміріне араласуы үшін қажет ақпараттың бір бөлігімен болсын қамтамасыз етеді. Ал жарнама мен абоненттік төлемақыдан түскен кірістер компанияның мемлекеттен тәуелділік деңгейін азайтуға мүмкіндік береді. Жеке меншік телерадиокомпанияларды қаржыландыру негізін жарнамадан түскен кірістер құрайды, осыдан олар қаржы жағынан тәуелсіз бола алады. Мұндай компаниялардың ақпараттық және көңіл көтеру бағдарламаларының мазмұны мемлекетке тәуелді емес. Алайда жеке меншік компаниялар жарнамаларды көптеген мөлшерде пайдалануды көздейді. Жалпы әлемдік хабар таратуда мемлекеттік үлестің азаю және коммерциялық хабар тарату үлесінің көбею тенденциясы байқалады, сонда-ақ, мемлекеттікті қоғамдық хабар таратуға енгізу байқалады. Қоғамдық хабар тарату қаржылық тұрғыдан алғанда бірнеше қайнар көздері бар, алайда ең негізгісі – абоненттік төлемақы.
Көптеген мемлекеттерде реттеудің экономикалық әдістері БАҚ-қа әсер ету құралы ретінде қолданылмауына ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, АҚШ-та билік өкілдерінің БАҚ-қа деген салықты көбейтудің себебі Конституцияға бірінші түзету енгізілуінде. АҚШ соттары мұндай жағдайларды ерекше абайлықпен сараптайды. Осыдан туындайтын тұжырым — бірінші түзетуге байланысты БАҚ-қа салық салу баспаға деген конституцияға жатпайтын алдын-ала шектеу болып табылады. Осы салыққа байланысты бұқаралық ақпарат құралдары үкіметке сыни тұрғыдан пікір білдіруден еріксіз бас тартады. Осының нәтижесінде үкімет қызметінің шектелуін жүзеге асады.
Экономикалық протекционизмнің маңызды шаралары халықаралық құқық нормалары аясында да қарастырылған. Олар – білім беру, ғылыми және мәдени сипаттағы материалдардың енгізілуі туралы халықаралық Келісім (1950г.) және оған тіркелген Хаттамалар (1976ж). Аталған Келісімге әлемдегі 90 мемлекет қатысады, соның ішінде Россия Федерациясы. Келісімге қатысушы-мемлекеттердің ойынша идеялар мен біліммен еркін алмасып отыру интеллектуалдық прогресстің, халықаралық өзара түсінушіліктің міндетті шарты болып табылады және әлемде бейбітшіліктің сақталуына ықпал етеді. Білім беру, ғылыми, мәдени сипаттағы материалдардың еркін алмасуына әсер ету үшін Келісімге қатысушылар экономикалық протекционизмнің мынадай шараларын жүзеге асыруға міндеттенеді: аталмыш материалдарды енгізу барысында баж салығын алмауға; енгізілген материалдарға салынатын ішкі салықтар осы тәрізді отандық материалдар салығынан аспауы тиіс; белгілі бір материалдарды енгізу үшін қажет лицензияларды ұсыну; материалдарды қоғамдық мұражайларда көрсету құқығын беру.
Қазақстандағы БАҚ қызметін реттеу әдістерін, оның ішінде масс-медиа саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді бағалай отыра, республикамызда баспаны бақылаудың құқықтық және экономикалық әдістерін бекіту байқалуда. Осылайша, болашақта БАҚ қызметін реттейтін жаңа заңнамалық актілердің қабылданатынын, біріншіден, электронды актілердің қабылданатынын, сондай-ақ, мемлекеттік БАҚ қызметін экономикалық тұрғыдан бюджеттік қаржыландыруды арттыратынын болжауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Ковалев Г. Оранжевая революция как продукт медиакратии //http: //www. politics.in.ua
2. Кара-Мурза С. Манипуляция сознанием. –Киев, 2000.
3. Марков С.А. Медиакратия: СМИ как эффективное орудие власти в информационном обществе/ Предисловие к книге Тректьякова В.Т. «как стать знаменитым журналистом». –М., 2004. –Б. 13.
4. Lasarsfeld, P.F. The peoples choiсe. How the voter makes up his mind in a President campaign. – N.Y., 2008. 5. Бурдье П.О телевидении и журналитике. –М., 2002.