БЛОГ, АЗАМАТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ БАҚ: ҰҒЫМДАР САБАҚТАСТЫҒЫ

БЛОГ, АЗАМАТТЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ БАҚ: ҰҒЫМДАР САБАҚТАСТЫҒЫ

Хамзаева Нуржайнат Айтпаевна khamza.nur@gmail/com
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты Нұр-Сұлтан, Қазақстан.
Ғылыми жетекші: ф.ғ.д, профессор С.Е.Тапанова

Ақпараттық саланың қарқынды дамуы – журналистикаға әсерін тигізбей қоймады. Сандық технологиялардың алуандығы, олардың қолжетімділігі кез келген адамға ақпарат алмасу, тарату процесіне араласуға мүмкіндік беріп отыр. Алғашқыда бұл серпіліс жағымды болып көрінуі мүмкін. Дегенмен, уақыт өте келе ақпараттың еркін ағыны, әлеуметтік желілерде әр қолданушының пікір білдіре алуы, жалған ақпарат таратуы кәсіби журналистикаға кері әсерін тигізуде. Осыдан бар болғаны 3-4 жыл бұрын бұқара ақпарат таратуға, бөлісуге қатты араласпайтын. Дәстүрлі журналистиканың мәні мен маңызы сақтаулы болатын. Бүгінгі таңда желі қолданушылары БАҚ-нан бұрын ақпарат таратып, талқылап тастайды. Өкініштісі де сол, ақпараттың қаншалықты шынайы, дерекке негізделгенін білмей жатып, дау көтеріліп кетеніне талай куә болдық. Айтпағымыз, реттеушілік функция азаматтар арасында өз жұмысын толыққанды жүргізе алмай келеді. Осы көріністер елімізде азаматтық журналистиканың бар екендігінің және әлі де даму үстінде екенін айғақтайды.
Блогосфера пайда болу, қарқынды түрде сәнге және бұқаралық танымалдылыққа ену кезеңдерінен өтті. Уақыт озған сайын әлеуметтік шындықтың қалыпты көрінісіне айналуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы – тек журналистикаға емес, қоғам дамуына да өзгерістер алып келді. Бұл өзгерістер, өз кезегінде, ақпаратты құру және тұтынумен байланысты ақпараттық ортаны өзгертті. Желінің дамуы – журналистикаға жаңа серпіліс берді. Блог саласының алға жылжуы коммуникацияның екі жақты симметриялы үлгісін қалыптастырды. Кей авторлар мұны – жалпы ғаламтордың дамуымен байланыстырады [1, 69-70].
Алайда блогосфераның өсуіне қарамастан, ғылыми дискурста нақты әрі анық «блог» классификациясы мен анықтамасы, сонымен қатар блогтар мен дәстүрлі БАҚ-ның бір-біріне әсер ету механизмі түсінігі қалыптасқан жоқ. НЕ себепті біз осы мақалада «блогә туралы жиі айтып отырыз? Себебі ол кеңістікте жоғарыда тап өткенімдей ақпарат тарату еркіндігі басым, онда кез келге азамат жаңалық айтып, шынайы немесе жалған ақпаратпен бөлісе береді. Бұл – азаматтық журналистиканың айқын көрінісі. Дегенмен, дәстүрлі БАҚ пен «азаматтық журналистика» арасындағы кикілжің алғаш рет талқыға түсіп отырған жоқ, «азаматтық» немесе «әлеуметтік журналистика» терминдерінің анықтамалары әлі де толыққанды емес. Осы туралы бірнеше ғалымдар пікір білдірген. Америкалық медиасыншы Джей Ройзен: «бүгінгі азаматтық журналистер – кеше біз аудитория деп атаған адамдар» дейді. Зерттеушілердің басым бөлігі кәсіби журналистика мен азаматтық журналистика (кейде оны «әуесқой журналистика» деп те атайды) бірін-бірі толықтырушы күштер дегенге келіседі. Осылай бірінің артықшылықтары екіншісінің кемшілігін толықтырады және керісінше[2]. Жоғарыда айтылғандар мақала атауында көрсетілген тақырыпқа жүгіну қажеттілігі өзекті болып отыр, ең алдымен, «блог» және «БАҚ» ұғымдарының байланысының мәселесіне қарау да да қажет, өйткені желілік күнделіктерді БАҚ-қа жатқызады.
Желілік күнделіктердің (блогтардың, веб-блогтардың) пайда болуын әдетте 1990жылдардың басына жатқызады. Танымал блог-маркетинг туралы кітаптың авторы Д.Райт: «блоггинг Ғаламтордың пайда болған соң, алғашқы күндерден бері бар» деп есептейді. Бастапқыда «басты өнімі – сілтеме мен пікір болатын сыртқы контентке негізделген сайттар» блог деп аталған. Ғаламтор қолданушылар желіде қызық сілтеме тапса, басқалар да көріп білсін деп оны өз сайтына салатын [3].
Блогтың мәні тек хабарлардың кері хронологиялық тәртіпте орналасауы ғана емес, жазбалар мен хабарларды оңай қарап шығуында да. Блог – ғаламтор технологияларын дамытудың жаңа арнасы. Ол жоғары дәрежеде ақпаратты тарату жылдамдығы, қуатты кері байланыс, бұқаралығымен және берілетін ақпараттың ерекше сипатымен ерекшеледі.
Блог — бұл жалпыға ортақ байланыс арнасы, себебі көбінесе желінің кез келген пайдаланушысы үшін ашық кіру режимінде жұмыс істейді. кейбір қолданушылар желідегі күнделіктердің шектеулі қол жетімділікте жүргізеду, олардың да өз аудиториясы, оқырмандары бар. Екі жағдайда да автор мен аудитория байланысқа түсе алады. Сондықтан блог тұлғааралық пікір бөлісу мен ақпарат алмасудың ортасына айналады. Д.Хортон блогтарды «дәстүрлі журналистикада таппайтын өзің сияқты адамдармен дүниеге көзқарасын және ойын еркін білдіруге мүмкіндік береді» деп сипаттайды[4].
Журналистердің блоггерлердің жазбаларына қызығушылығының өзара байланысы бар: желілік күнделіктердің авторлары дәстүрлі медианы оқиды және өз блогтарынды олардың материалдарын жиі талқылайды. Р. Скобл мен С.Израэлдің айтуынша, «блогсфера негізгі БАҚ-ты белсенді түрде бақылайды, жаңалықтар цикліне қатысады» [5, 182]. Сонымен, интернет-БАҚ-тағы (сөздің астарында ақпараттық сайттар және дәстүрлі медианың онлайн режиміндегі веб-сайты түсіндіріледі) және блогтардағы танымал «жаңалықтар» тізімін салыстыра отырып, олар 70%-ға сәйкес келетінін аңғарамыз. Оның өзінде ортақ тақырыпта блогтағы хабарламалардың саны интернет-БАҚ-тың хабраларынан асып тұрады.
Елімізде де бүгінгі күні азаматтық журналистердің немесе әуесқой хабар таратушылардың санын есептеп үлгермей жатамыз. Дәл осы уақытта Инстаграм, Фэйсбук, Твиттер, Телеграм әлеуметтік желілері – ақпарат таратудың ең тиімді көздеріне айналып отыр, оған қоса оқырмандар саны күн санап артуда. Осы тенденция соңғы 3 жылда кең етек жайды. Бұрынырақта ресми ақпаратты газеттен немесе телевизиядан жаңалық күтіп отыратын аудитория саны басым еді. Әлеуметтік желілердің дамуы бір жағынан ақпаратты оқиға болған сәтте-ақ алуға мүмкіндік береді, екінші жағынан ақпаратты бұл жолмен алу — уақытты үнемдейді және көпшілікке қолжетімді. Алайда теріс жақтары барын да ұмытпаған абзал. Себебі ақпаратты қолданушылар үнемі тек ресми көздерден емес, «әуесқойлардың» парақшаларынан да алып жатады, ол өз кезегінде кәсіби журналистердің қызметіне кедергі жасайды. Яғни біздің ақпараттық кеңістікке әлі де болса бақылау жетіспейді. Дезинмормацияға жол беру – азаматтық журналистикада жиі көрініс табатын құбылыс. Өз кезігінде мұндай ақпараттар ұлтаралық шиеленістерге, мемлекет тұтастығын бұзуға, тұлғааралық кикілжіндерге алып келеді. Қазақстан Республикасының «Қылмыстық Кодексі» бойынша жоғарыда аталған сипаттағы құқық бұзулар үшін журналистер ғана емес, кез келген азамат жауапқа тартылуы мүмкін екендігін ескермей жатады. Қанша осы туралы айтсақ та, жауапкершілікті әлі де кәсіби журналистер арқалап келеді. Ақпараттық технологиялар маманы, журналист, әрі блоггер Дэн Гиллмор бүгінгі азаматтық журналистиканың теориясын жасағандардың бірі деп айтуға болады. Ол коммерциялық емес «Азаматтық БАҚ орталығын» құрған және өзінің «Біз және медиа» атты кітабында: «Азаматтық журналистика — бұл адамзат үшін адамдар қолымен жасалынған журналистика» деген ой түйеді[6].. Адамзат үшін жасалған журналистиканың адамзатқа зияны тимес үшін өзін «азаматтық журналист» санайтындарға құқықтық реттелу жөнінде әлі де іздене түсу керек.
Кәсіби журналистердің азаматтық журналистерден басты айырмашылығы – олардың өздері берген ақпараты үшін қоғам алдындағы жауапкершілік. Өз кезегінде азаматтық журналистика — ақпарат жинауда, есеп беруде, сараптама жасауда және жаңалық таратуда белсенді рөл атқарады. Азаматық журналистика — БАҚ арқылы ақпарат тарату үздіксіз процесін қарқынды етуге көмектеседі. Азаматтық журналистика өкілдері таратын ақпаратты тұтынушылар қайткен күнде де ресми бұқаралық ақпарат құралдарының растауын күтеді. Екі ұғым тығыз байланысты. Алайда олардың ара-жігін ажырата білуги тиіспіз. Ақпараттық қауіпсіздік – мемлекет үшін бірінші орында. Осы кеңістікті бұзбау үшін журналистиканың «екі» бағыты да заңмен санаса отырып, халық игілігі үшін қызмет жасауы керек. Кез келген ресми ақпарат ең алдымен БАҚ арқылы тарап, содан соң ғана бейресми пікірлер, бейресми ойлар айтыла бастайтынын ұмытпау қажет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Мак Коннелл Б., Хуба Дж. Эпидемия контента: Маркетинг в социальных сетях и блогосфере. М.: Вершина, 2008.
2. Интернет-журналистика // Википедия. URL: http://ru.wikipedia.org/wiki.
3. Райт Д. Блог-маркетинг. Новый революционный путь увеличения продаж, усиления
потенциала бренда и достижения выдающихся результатов в бизнесе. М.: Эксмо, 2008
4. Horton J. L. PR and blogging — How To Think About It. URL: http://www.onlinepr.com/Holding/PRandBloggingarticle.pdf.
5. Скобл Р. Разговор дороже денег. Как блоггинг меняет общение бизнеса и потребителей. М.: Коммерсант; СПб.: Питер, 2007.
6. Мы и медиа. http://www.lightnet.obninsk.ru

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *