ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КИНО
Тұрабекова Аяулым Тұрсынмұратқызы
t.ayau_96@mail.ru
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Тоқтағазин М.Б.
«Кино – бұл қызықсыз тұстарын кесіп тастаған өмір», — деп Альфред Хичкок айтқандай ерекше өнер саласы қазақ даласында өткен ғасырдың 20-жылдары қалыптаса бастады. Ең алғашқы көрсетілім, яғни киносеанс 1910 жылы Верный қаласында «Марс» жазғы кинотеатрында өтті. Бұл тұстары жас Республикамызда небәрі 13 киноқондырғы жұмыс жасаған. Кино саласындағы бұл көрсеткіштер әлсіз болғанымен бақталастық пен бәсекелестіктің жоқтығын білдірмеді. Мысалы, Омбы қаласының кәсіпкері Фабри мен Ташкенттік Сейфуллиннің табыс көзі деп кино көрсетілімін дамыту болса да оның мәдениеті мен көркемдік-эстетикалық тұстарына аса мән берімеді.
Республикамыздағы кино саласын қалыптастыруға және жетілдіруге жаңа тыныс берген оқиға, ол – 1919 жылы 19 тамызда Халықаралық Кеңесінің «Фотографиялық және кинематографиялық сауда мен киноөндіріс орындарын мемлекеттендіру» туралы қабылданған Декреті болды. Бұл құжаттың аясында Қазақстанда Бүкілодақтық Фотокино өндірісінің бөлімі құрылды. Бөлімшенің негізгі мәселелері:
• Губерниялық аймақтар бойынша фотокино бөлімдерін құру және дамыту;
• Жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру;
• Кинопленкалар, диапозитив өндіретін және оны өңдейтін лабораториялар мен фотоательелер ашу;
• Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу және оларды бір жүйеден басқару жұмысын жолға қою;[1;6]
Осы секілді мәселелер жолға қойылып, жыл санап өзге де бағдарламалар мен мемлекеттік жарғылар жарық көріп, Қазақстанның киноөндірісі дами берді.
Бұл алғашқылар қатарын енді «Қазақстан тақырыбындағы»[1;8] көркемсуретті фильмдер толықтарды. 1920-1930 жылдары Қазақстан жайында көркемсуретті фильмдердің қажеттілігі туралы көптеген пікірталастар мен мақалалар газет беттерінен орын алып жүрді. Осыған орай 1928 жылы «Көтеріліс» атты алғашқы көркем жанрындағы фильм экранға жол тартты. Бұл фильмнің негізгі желісі Д.Фурмановтың әдеби шығармасында жатыр. Сценерий авторылары М.Блейман, С.Тимошенко деген кісілер болса, қоюшы режиссері С.Тимошенко мен операторы Л. Патлис болған екен. Бұл фильмнің түпкі мақсаты жиырмасыншы жылдар тұсындағы жаңа үкімет идеясын насихаттау болды.
Қазақ қоғамында болып жатқан оқиғалар мен өзгерістер киноөндірісін сырт айналып өтпеді. Керісінше негізгі тақырыптарға айналды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер көптеген көркем фильмдердің жарық көруіне септігін тигізді. Соның бірі 1916 жылы болған ұлт-азаттық көтеріліс еді. Дәл осы көтерілісті бастаған Амангелді батыр жайында түсірілген фильм әлі күнге дейін көрерменнің сүйіспеншілігіне оранып келеді.
«Амангелді» көркем фильмі «Леньфильм» киностудиясының шеңберінде даярланды. Бұл фильмге көптеген тұлғалар атсалысты. Сценарий жазу мақсатында Мәскеу қаласынан жазушы В.Иванов пен «Леньвильмнен» режиссер М.Левин, оператор «Мосфильмнен» Х. Назарьянц секілді азаматтар шақырылған екен. Ал қазақ тілде сценарийді Ғ. Мүсірепов пен Б.Майлинге тапсырады. Сол тұстардағы материалдық тапшылыққа қарамастан фильмнің түсірілімі дайындығы басталып кетті. Осылайша алғашқы дыбысты қазақ көркем фильмінің тұңғышы аталды.
Амангелді Иманов бастаған көтеріліске Ресей патшалығының 1916 жылы 25 маусымда шыққан жарғысы себеп болды. Ол бастаған 15 мыңға жуық көтерісшілер ақпан революциясына дейін тоқтамады. Осы уақыт ішінді қанша қындықтарға тап болған қазақ қоғамын фильмде шынайы көрсетеді.
«Амангелді» фильмі жарық көргенннен кейін Орталық Комитеті және Халық Комиссарлар кеңесі шешім қабылдады. Ол шешімде кино өндірісін дамыту жолға қойылған болатын. Бұл шаралардың арасында сценарий бәйгесі ұйымдастырылды. Алғашқы ұйымдастырылып отырған ұлттық сценарий бәйгесіне қырық мыңнан астам жұмыстар келіп түсті. Мұхтар Әуезовтың «Райхан» сценарийі бас жүлдеге ие болды. Осы сәттен бастап қазақ көркем фильмінің қалыптасу және даму жолдары басталды. Қазақ тілі
Алғашқы Қазақстандық кино саласының «жыл құстары» міне осылай бастау алған болатын. Бүгінде түрлі жанрда түсіріліп жүрген фильмдер көрерменге бұрынғыдай емес қолжетімді болды. Бірақ қолжетімділік мәселенің жоқтығын көрсетпек емес. Бүгінгі Қазақстандық киноның проблемалары жетіп артылады. Олардың бірі – қазақ тілі мәселесі болатын. Бірақ 2019 жылдың қаңтар айында Елбасы үкім жариялады. Онда кинолардың қазақ тілде субтитрлары немесе дыбысталуы жүзеге асуын қамтамассыз етілгенін алға қояды.
Сонымен қатар көптеген жобалар голливудтық киноларды қазақ тілде көрсетуді жолға қойған. Мысалы, «Өзіңнен баста» жобасы аясында бүгінде бірнеше фильмдер қазақ тілде көрерменге жол тартқан. Осы уақытқа дейін 27 голливудтық кинокартинаның қазақша нұсқасы жарық көрді. Бұл қазақ тілді контенттердің көбеюіне де әкеліп соғады.
«Болашақ» Корпоратив қорының Директоры Динара Чайжунусова 2019 жылдың наурыз айында Disney студиясының тағы бес фильмін қазақ тілде тұсауын кесті.
1. «Дамбо» фильмі наурыз айынан бастап кішкентай көрермендеріне жол тартады. Бұл толық метражды картина 1941 жылы шыққан мультфильмнің киноадаптациясы саналады. Басты рөлдерде Ева Грин, Колин Фаррелл, Майкл Китон секілді талантты әртістер ойнайды. Режиссерлік орынды Тим Бертон иеленген. Фэнтези жанындағы фильм бюджетке 125 млн АҚШ долларын жұмсаған.
2. «Алладин» бұл кейіпкердің хикаясын араб ертегілерінен оқып, естіп өстік. Атақты «Мың бір түн» ертегісіннің жинағына енетін бұл хикая бүгінде бір емес бірнеше рет экрандалған болатын. 1992 жылы жарық көрген мультфильмнің ремейкі саналады. Атақты режиссер Гая Ричидің жұмысын 2019 жылдың 23 мамырынан бастап тамашалай аламыз. Әрине қазақ тілде.
3. «Ойыншықтар хикаясы 4» мультфильмі Pixar студиясымен Walt Disney компаниясының бірлескен жобасы болып есептеледі. Режиссері Джош Кули болған бұл мультфилмнің алғашқы бөлімдері біршама жетістіктерге жеткен. Премьера күні 2019 жылдың 20 маусымға белгіленген.
4. «Арыстан патша» кинокартинасы 2019 жылдың 19 шілдеден бастап үлкен экрандардан көрсетіле бастайдц. Барлық балалардың көңілінен орын алған «Арыстан патша» мультфильмінің жаңа нұсқасы болып табылады.
5. «Мұзды өлке 2» Ганс Христиан Андерсен «Снежная королева» ертегісінен шабыт алған жоба авторлары алғашқұы картинаны 2013 жылы ұсынған болатын. Бүгінде мультфильм біраз танымалдылыққа жетті. Қысқы хикаяны үстіміздегі жылдың 28 қараша айынан бастап тамашалай аламыз.
Disney-лік мультхикаялар енді қазақша сөйлейтін болады. Бұл бастамалар қазақ киносының нығаюы мен дамуына жетелейді. Жоғарыда көрсетілген туындылар тек бастамасы саналмақ.
Жанрлар
Жанрлар қалыптасып, іріктеліп бүгінге күніне жетуі үшін талай сыннан өтті. Бүгінде көрерменнің ең сүйікті жанрына айналған, әсіресе қазақ қоғамының сүйіктісіне айналған көркем фильмдер мен комедия жанрындағы фильмдер қатары толып келеді. Тарихи драмалар да артта қалмақ емес. Адам бойындайы патриотизмді оятатын, отанды сүюге, елді құрметтеуге шақыратын кинокартиналар жетерлік. «Өмір талаптарының туындап, шығармашылық тәжірибе көрігінен өткен жанрлар қатары сол бір ауыр ерлік істер кезеңінде күн сайын жаңарып жатқан жаңа атауларының бәріне араласып, үздіксіз жетіле берді» [2;174] бұл керемет сөздерді Н.Омашұлы радиожурналистикаға қатысты айтқан болса, осы арада өмір шындығын көруге болады. Себебі кез келген жанр түрі дәл осылай қалыптасады. Қазақстандық кинода да дәл солай болмақ. Мысал ретінде бірнеше фильмдерге назар аударып көрелік:
«Бизнес по-казахский» комедия жанрындағы қазақ киносының шоқтығы биік фильмдерінің бірі. Сандық көрсеткіштердің жоғарылығы кезекті бөлімдерін түсіруге септігін тигізді. Көрермен «Бизнес по-казахски в Америке» және «Бизнес по-казахски в Африке» деп аталатын кинокартиналар қатарын көрді. «Брат или Брак» бұл фильмнің бірінші бөлімі 2017 жылы экранға жол тартқан болатын. Араға бір жыл салып қайта оралды. Kinopoisk.ru сайтында бірінші бөліміне 6,1 деген баға берілсе, екінші бөлімі көрермен алдында біршама жетістіктерге жетті.
Тарихи драма түсіруде Ақан Сатаев сынды режиссерді айтуға болады. Оның «Анаға апарар жол» атты картинасының тұсауы Қазақстанда 2016 жылы 29 қыркүйекте кесілді. Жобаның бас продюсері Алия Назарбаева болды. Картинада Әділ Ахметов, Еркебұлан Дайыров, Аружан Жазылбекова сынды қазақстандық танымал әртістер ойнаған. Көркем фильмнің сценарийін Тимур Жақсылықов жазса, әуен жазуда композитор Әлім Заиров жұмыс жасаған. Сонымен қатар тарихи көркем фильмдер қатарын басты рөлде Санжар Мәдимен «Әмре» кинокартинасын айтуға болады. Басты мақсат Әмре Қашаубаевтың Парижге шеккен сапарында басынан өткерген қызықты да қиын күндерді шынайы сезім арқылы көрерменге жеткізу.
Бұл жолда актерлік құрам жақсы жұмыс жасаған. Мұстафа Шоқайдың рөлін керемет сомдаған Еркебұлан Дайыров болды. Сол заманның танымал әртістерін сомдаған жандар да көңілден шықты, Леонид(Филип Броди), танымал композитор Джордж Гершвин(Бен Алдридж) сияқты әртістер сомдаған. Лебедевті, Әміренің досы да қамқоршысы ретінде ақкөңіл, адал және де қарапайым көңілді жігітті Миха Родман жақсы көрсете білген. Фильмнің сапасы мінсіз. Режиссерлік жұмыс өте керемет. Оны алып шығу Джефф Веспаға бұйырған екен.
Режиссерлер
Қазақ киносының дамуына үлес қосып жүрген бірнеше режиссерлер қатарын көрсетуге болады. «Қазақстан – болашағы бекем, елдік үміттері ақталмай қалмас жас мемлекет. Қазіргі жаңару-жаңғыру дәуірінің жарқын мұраттарының бірі – азат реңді, өршіл рухты қазақ халқының әлемдік дидарын қалыптастыру, жаһандану заманынан алар өз орнын, енші-үлесін айқындау болып отырғаны шындық. Әрине, бұл елдік мәселенің оң шешім таппағы, дұрыс бағыттан ауытқымауы ақпарат кеңістігіміздің қауіпсіздігіне де тікелей байланысты. Бүгінгі күннің талассыз ақиқаты – осы», — деп Н.Омашев айтқандай ақпарат алмасу, оны тарату өз алдына бірнеше жауапкершілік жүктейді. Оның ең бастысы – қауіпсіздік. Бұл тұста режиссерлер кино арқылы халыққа тарихтан, заманнан, қоғамнан хабар беру тіпті идеология беру мүмкін. Сондықтан ең басты мүдде ол – Мемлекеттің қауіпсіздігі болып саналады. Ал режиссерлердің ең басты қағидасы дұрыс ақпарат жеткізу.
Елімізде мықтылар қатарынан көрініп жүрген бірнеше тұлғалардың есімін атауға болады. Осы орайда brod.kz сатының 2016 жылы жариялаған статистикасымен бөлісуге болады. Себебі бүгінгі таңда да актуалдылығын жоғалтпады. «Бродвей» редакциясы жүргізген зерттеу бойынша алғашқы ең үздік Қазақстандық 10 режиссерді:
10-ыншы орын — Ерлан Нұрмұхамбетов
Режиссердің жұмысында «Базарбаевтар», «Аңшы бала», «Жаңғак тал» сынды фильмдер бар.
9-ыншы орын — Тимур Бекмамбетов
Қазақстаннан шыққан шетелдік тіпті голливудтыұ жұлдыздармен жұмыс жасайтын режиссер. Оның көпке танымал 2008 жылы жарық көрген «Особо опасен» америкалық шытырман оқиғалы фильмінде Джеймс Макэвой, Морган Фримен және Анджелина Джоли сынды әртістер ойнады.
8-інші орын – Әділхан Ержанов
«Риэлтор» лентасы үшін «Киношок» фестивалінде қазылар алқасының жүлдесіне ие болды. Мәдениет және спорт министрлігіндегі жиі болатын айқай-шудың арқасында режиссердың «Как отмыть культуру. Министр» фильмі өте өзекті деп танылды. Осыдан былай қарай Ержанов кинода өткір әлеуметтік тақырыптарды қозғап жүр.
7-інші орын — Дәрежан Өмірбаев
Дәрежан Қаражанұлы ұзақ жылдар «Қазақфильм» студиясында еңбек етті, «Киноман» журналында редактор қызметін атқарды, кино турады бірқатар мақалалар жазды. Бүгінде режиссер Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА дәріс береді. 6-ыншы орын — Асқар Бисембин
Толық метрде Асқар «Свадьба на троих» фильмімен дебю жасады. Бұл фильм прокаттың алғашқы аптасында 470 тысяч доллар пайда түсірді. 2015 және 2016 жылдары Әсел Садуақасовамен бірге «Әдел» драмасын және үйлену тойы туралы тағы бір комедия «Замуж в 30» картинасын түсірді.
5-орын — Қанағат Мұстафин
Режиссердің танымал кинокартинасы «16 қыз» алғашқы демалыста-ақ 45 миллион теңге жинады.
4-інші орын — Асқар Ұзабаев
Режиссердің «Ғашық жүрек», «Гламур для дур» фильмдері бәрімізге таныс.
3-інші орын — Рүстем Әбдрашев
Режиссердың соңғы сериалы «Қазақ елі», жобаның бюджеті 2 миллиарда теңгені құрайды.
2-інші орын — Ермек Тұрсынов
Ермек Тұрсыновтың дебюттық фильмі «Келiн» «Оскар» жүлдесінен үміткерлерінің ондығына кірген.
1-інші орын — Ақан Сатаев
Ақан Сатаевтың «Рэкетирін» Қазақстанда және ТМД-да танымал. [4]
Қорытындылай келе қазақ киносының бүгінгі жағдайын жақсы деп бағалауға болады. Дегенмен кем тұстары көп. Ол киножурналистер мен кино сынының аздыған деп айтуға болады. Қай заманда болмасын сын жүрмек. «Сын түзелмей, мін түзелмес» демекші кино сыны көбейсе, қазақ киносыда алдағы елу жылда голливудттық кинокартиналардан кем түспесі хақ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
5. Нөгербек Б.Р., Наурызбеков Г.Қ., Мұқышева Н.Р. Қазақ киносының тарихы: оқулық. – Алматы; ИздатМаркет, 2005. – 289.
6. Омашев Н. Ақпарат. 2-том. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2006. – 424.
7. Омашев Н. Ақпарат. 1-том. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы», 2006. – 424.
8. Топ-10 Қазақстанның үздік режиссерлері \Каскыр Айгерим: https://brod.kz\10 Тамыз, 2016.