«ҚАЗАҚ» ЖӘНЕ «ШАЛҚАР» РАДИОСЫНДАҒЫ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІНІҢ
100 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН
КЕМШІЛІКТЕРІ
Играшин Жансая Мұхтарқызы
j.igrashina@gmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс магистранты, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Ғылыми жетекшісі – ф.ғ.к.,профессор Сақ Қ.Ө.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосы халқымыздың рухани шежіресін жасап келе жатқан ақпарат құралдары. Ғасырға жуық тарихы бар ұлттық толқынына шығатын әдеби-мәдени ақпараттар бірнеше ұрпақтың қалыптасуына орасан зор еңбек сіңірді. «Қазақ радиосы» мен «Шалқар» ұлттық радиосы қазіргі таңда да бастапқы бағыт-бағдарынан айнымай, жаңашыл қадамдар жасап отыр.
Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету Қазақ радиосының басым бағытына айналды деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақ радиосының алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу мәселесі шешілуде. Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Сонымен қатар, «Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты бағдарламалардың көпшілік назарына ауқымды жеткізіліп, халыққа ұсынып келеді.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты арнайы бағдарламалардың жетістіктері тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саясиқұқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада радио мемлекеттік тілдің де атқарар қызметін көрсете білді.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты хабарда қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавасының қоластында болған жылдарда, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көктүрік дәуірінен бастауалған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскенін арнайы кішігірім роликтер арқылы көрсете білді. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озықойлы, көзі ашық өкілдерін, халық арасындағы саяси күрес додасын айқын көрсете білді.
Бұған себеп болған 1917 жылғы төңкеріс Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедовтың ерліктерін «Қазақ» және «Шалқар» радиосы халыққа суреттей білді.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты хабарда 1917 жылы 21-28 шілдеде бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл съезде 14 мәселе қаралған болатын. Осылардың ішінде Қазақ радиосы төмендегі мәселелерге толық тоқталды. Олар:
• Мемлекет билеу түрі;
• Қазақ облыстарында автономия; • Жер мәселесі;
• Оқу мәселесі.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосы 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдарын оқып берді. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде мағлұматты Қазақ радиосы көпшілікке ұсына білді. Олар:
• оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
• жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
• қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
• оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
• үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
• мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
• ел ішінде кітапханалар ашылу туралы және газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік деп көрсетілгені жөнінде баяндалды.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты хабар таратудағы кемшілігі де болды. Көптеген ақпараттарды ауқымды аша алмаған тұстары да болды. Оның бірі Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндамасы туралы мүлдем айтылмады. Ол баяндамада қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек еткен еді. Осыған қоса, іс-қағаздарын ана тілінде жүргізу туралы мәселе айқын жолға қойылды. Білім беру ана тілінде болуы керек делінген. Басылымдардың қазақ тілінде болуына ерекше назар аударған.
«Қазақ радиосы» 1921 жылдан бастау алатын ұлттық бренд. Халел Ғаббасұлы және Алашорда үкіметі туралы Қазақ радиосы көптеген мәліметтерді тоқтатпай беріп жатыр. Қазақтың рухани тірегі, ұлттың үні Қазақ радиосына — 95 жыл. Түп-төркіні сонау 1921 жылдың қазан айынан басталатын Қазақ радиосы талай тарихты бастан өткерді. Сол кезден бастап Орынбор қаласынан бүкіл республикаға трансляция беріле бастады. Қазақ радиосы хабарларды біртіндеп тақырып бойынша топтастырды, дербес және тектес ақпараттарға бөлу нәтижесінде журналистік електен өткізді. Хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – қазір еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Тәуелсіз Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету Қазақ радиосының негізгі бағыты.
Ұшқыр ақпарат құралы болғандықтан заман талабына қарай уақытпен бірге алға басып, жаңарып, жетіліп отыру радиоға тән қасиет. Осы орайда айтпағымыз, 2012 жылдың қазан айында Астанадағы Қазмедиа орталығына қоныс аударған Қазақ радиосының құрылымы мен шығармашылық зертханасында елеулі өзгерістер орын алды. Радионың басшылығы мен негізгі құрамы медиа орталыққа ауысты. Ал Алматыда тәжірибелі журналистер мен дыбыс монтаждау операторларынан, еліміздегі өзге ұлттар тілінде хабарлар дайындайтын «Достық» редакциясы және «Алтын қор» қызметкерлерінен құралған үлкен қосын – Қазақ радиосының Алматы студиясы жұмыс істеп жатыр. Осындай өзгерістермен қатар хабар тарату үрдісі де түбірімен қайта құрылып, уақыт тынысына сай жаңаша жұмыс жүйесі жасалды. Жаңалықтар бастап тікелей толқында өтетін бағдарламалар мен эфирдегі концерттер түгелдей Астанадан шығады. Бұған керісінше таспамен дайындалатын хабарлардың басым бөлігі және Қазақ радиосының «Алтын қорынан» алынатын хабарлардың барлығы Алматыдан беріледі.
«Шалқар» радиосы 1966 жылдың 1-қаңтарында ақпаратты-сазды «Шалқар» бағдарламасы ретінде тұсауын кесті. 1998 жылы жұмысын уақытша тоқтатқанымен, 2002 жылы қайта ашылып, алғашында тек Алматы қаласының көлемінде ғана хабар таратты. Кейіннен эфир уақыты ұлғайып, республика аумағына тарай бастады. «Шалқар» ұлттық арнасы — республикадағы тек қана қазақ тілінде хабар тарататын жалғыз арна. Радио өнімдері қазіргі кезде республика аумағының 62,04 пайызына тарайды. 2002 жылдың 18 шілдеден ақпарат таратады. Онлайн трансляция 18 шілдесінен бері эфирде. «Шалқар» ұлттық арнасының басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттау. Алғаш ашылғанда «Өнерім-өмірім», «Атадан қалған асыл сөз», «Жеті ғасыр жырлайды», «Алтын тамыр» сынды бағдарламалар арқылы тыңдарман жүрегіне жол тауып, толқынына 75 радиохабар шығады. Олардың ішінде музыка 54%, танымдық хабарлар 10 %ды, әдеби-музыкалық хабарлар 20 %-ды, мәдени-сауықтық бағдарламалар 10 %-ды, «Алтын қор» хабарлары 3 % және жарнама 3 %-ды құрайды.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосында 2017 жылы Алашорда үкіметіне 100 жыл толды. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында өткен Екінші Жалпықазаққырғыз сиезіне қазақ даласының әр аймағынан жиналған 82 делегат ішінен 15 адамнан тұратын Алашорда ұлт кеңесі, яғни үкіметі құрылды. Егер осы күні Алаш қозғалысына қатысы бар 940 адамның есімі мәлім болса, солардың ішінде біз алдымен 15 Үкімет мүшесін тиянақты танып білгеніміз абзал дер едік. Олар – бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің негізін қалап кеткен тарихи тұлғалар. Олар – кеңестік қызыл қырғында қуғын-сүргінге ұшыраған шаһид жандар. Өздері ғана емес, бала-шағасы, туған-туысқандары да репрессияны бастан кешкен қайраткерлер. Осы күні Терещенко үкіметі, Қажыгелдин үкіметі, Балғымбаев үкіметі, Мәсімов үкіметі деп біліп жатамыз. Тіпті түрмедегі үкімет деп бас-басына дейін тізіп қойдық. Ал Әлихан Бөкейхан үкіметі дегенде тарихшы, алаштанушы маман болмаса, қалың қауым оның құрамына кімдердің кіргенін атай алмайтыны мәлім. Әзірбайжан астанасы Баку қаласында 1918-1920 жылдар аралығында құрылған Әзірбайжан Демократиялық Республикасына арналған монумент бар. Ол жерде үкімет тарихы, құрамы көрсетіліп жазылған. Астана төрінде Алашорда үкіметіне де сондай белгі қойылса деп өтініш жасалғанына біраз жыл өтті. Бұл игі шара биылғы жылы жүзеге асса екен деген ниеттеміз.
Алашорда үкіметінің тұңғыш құрбаны Отыншы Әлжанұлы большевиктер қолынан қаза тауып, сүйегі өртеніп кеткенде, Міржақып Дулатұлы былай деп жазған еді: “Марқұм айтқанын қылды, елді бәлеге тастап, өзі бас амандап кеткен жоқ. Алаш жолында құрбан болды! Қызықты ғұмырының көбі абақтыда, айдауда өтті, бірақ, қымбат Отыншы, Алаштың көркейгенін көре алмай арманда кеттім деме, сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас. Топырағың торқа, жаның жаннатта болсын, аяулы алаш азаматы!”. Жемқорлықты түсінде де көрмеген, ғазиз жанын қазағы үшін құрбан етуге даяр болған Алаш қайраткерлерінің асыл сөзі, жарқын ісі, қилы тағдыры кең насихатталу керек. Сонда ғана Алаш мұрасын танитын, Алаш аманатына адал жастар жетіледі. Сол күнде Қазақ елінің болашағы да баянды болады.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты бағдарламалардың жетістіктері мен кемшіліктеріне келетін болсақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында, «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Алаш Орда: ұлттық идея» атты арнайы бағдарламалар ұйымдастырады. Бағдарламаның мақсаты Шоқан Уәлиханов, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп Көпеев бастап Әлихан, Міржақып, Ахмет тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу, ғалымдардың қатысуымен талқылау. Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр.
Бағдарламаның негізгі мәселелері мен бағыттары:
• Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі;
• Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары; • Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы.
«Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық концертті Қазақ радиосы көрсете білді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Азат рухтың алдаспандары» атты дәстүрлі музыкалық әуендер радиода кең көлемде ұсынылды. Дәстүрлі музыкалық концерттің мақсаты – азаттық жолында құрбан болған, атылған, абақтыға жабылған, жер айдалған композиторлардың тағдырлы шығармалары мен тәуелсіздік, ұлт тағдыры турасындағы халықтық ән-күйлерді ел назарына ұсыну. Сонымен қатар атауы шарада жас толқынға өз тарихын танытып, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру ісі басты мақсаттың бірі болмақ.
«Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты бағдарламаларда азаттық аңсаған қазақ зиялылары тәуелсіздікті аңсап өткені айтылды. Бүгіндері кер ауыздар сөз етіп жүргендей, Қазақ автономиясын құрған Кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917 жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны Кеңес өкіметі ресми мойындады. Сәл кейінірек Қазақ Автономиялы республикасы 1920 жылы қазан айында жарияланды.
2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толды. Бұл ұлттық-демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі олар заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне атсалысып, қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда олар қанын да, жанын да аяған жоқ. Расын айту керек, Алаш арыстарының еңбектерімен бүгінгі көзі ашық қауым етене таныс.
Бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел. Алаш қайраткерлерінің тәжірибесі Елбасы айқындап берген «Мәңгілік Ел» патриоттық актісімен үндесіп жатыр. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінің «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында «ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп көрсеткен болатын деген ұранмен депутаттардың лебіздері Қазақ радиосында берілді. Алаш партиясының және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуы ұлтымыз үшін үлкен мереке екені даусыз. Біз «Алаштың» 100 жылдығын ел өміріндегі маңызды тарихи оқиға ретінде бағалап, жас ұрпақты отансүйгіштікке, мемлекетшілдікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы деп санаймыз.
Жалпы Алаш қайраткерлерінің мақсаты ұлттық тәуелсіздікке қол жеткізіп, қазақ қоғамын жаңғырту, заманға сай халықты бейімдеу болғаны белгілі. Алаш Орда автономиясының мемлекеттік идеясы қай заманда да өзекті, бұл бүгінгі Тәуелсіздік мерекесімен ұштасып жатқан құбылыс. «Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты бағдарламаларда терең және толық баяндалған ақпараттардың жетістіктеріне тоқталып кетейік:
• Ұлттың рухани жаңғыру мәселелеріне қатысты Алаш зиялыларының идеялары.
• Алаш зиялылары және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;
• Ақпан революциясы және Қазақстандағы демократиялық өзгерістер;
• Қазақ съездері мен ұлттың бірігу процесі;
• Автономия үшін қозғалыстың құрылу тарихы;
• Алашорда партиясы мен үкіметінің құрылуы;
• Азамат соғысы кезеңіндегі Алашорда қызметі;
• Алаш тағылымы мен мұрасы;
• Алаш қайраткерлері және «Үлкен террор».
«Қазақ» және «Шалқар» радиосында Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты «Алаш Орда және ұлт-азаттық идеясы» атты республикалық ғылымитәжірибелік конференция өткізілді. Ұлттық тарихымызда маңызды орын алатын Алаш қозғалысы – ірі саяси-қоғамдық қозғалыс, сонымен қатарол халқымыздың рухани-мәдени өрлеуіне айрықша ықпал еткен үлкен оқиға. 1917 жылы І Жалпықазақ съезінен кейін Ә. Бөкейханов бастаған ұлт зиялылары Алаш идеологиясын ту ете отырып «Алаш» партиясын құрды. «Алаш» партиясыныңбасты мақсат-міндеттері автономиялы қазақ мемлекеттілігін құру, жердің қазаққа қайтарылуы, Құрылтай жиналысын өткізу, дін жағдайы және т.б. өзектіөзекті мәселелерді шешуді болды. Қазан төңкерісінен кейін 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда екінші жалпықазақ съезде Алашорда үкіметі құрылып, оның Ұлт Кеңесінің құрамы сайланып, үкіметтің басшылығын Ә. Бөкейханов қолына алды. Алайда Кеңес өкіметі Алашорда үкіметін танудан бас тартты. Ақыры ресми түрде 1919 жылы Алашорда үкіметінің қызметі тоқтатылып, Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жарияланды, оның белді мүшелері кеңес өкіметінің құрамында жауапты ресми қызметтерге тартылды. Алайда ұлт зиялылары 20 жылдың соңында, 30 жылдың басында және соңында саяси қуғынға ұшырады.
Қазақ радиосында тұңғыш қазақ партиясы «Алаштың» жүз жылдығына орай, Қазақстанда ұлы қазақ көшбасшылары туралы кітаптар жазылып, деректі фильмдер түсірілу жоспарда бар екенін хабарлады. «ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. «Алаш» алғашқы саяси партиясы және Алаш Орда үкіметінің пайда болуы азаматтық кемелденген және халықтың болашақ тағдырын шеше алатын қазақтың саяси зиялыларының жоғарғы әлеуетін көрсетті», — деп атап өтті Тасмағамбетов. Бұл орайда, еліміздегі Алаштанушы тарихшылар мен әдебиетшілер, отандық кино және телевизия саласының мамандарымен бірлесе отырып, тың бастамаларды – кітап шығару, кино түсіру мәселесін қолға алу қажеттігіне тоқталды. «Алаштың 100 жылдығына дұрыстап дайындалуымыз керек. Қазір ең бастысы, жақсы жоспар құруымыз қажет. Оған бір-екі аптадай уақыт алып, дұрыс жоспар құрып, оны Елбасымен келісіп, уақытын белгілеген жөн. Алаштың 100 жылдығы сол заманмен қалып қоймай, бүгінгі тәуелсіз мемлекетпен байланыстыру орынды болады. Алаш зиялыларының арманы, оның орындалғаны, тәуелсіз ел болғанымыз, осының барлығы ұлттық және тарихи сананы көтеретін жақсы дүние болуы керек. Сонымен қатар, кеңес барысында Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін мемлекеттік меншікке беріп, оның мәртебесін республикалық деңгейге көтеру, ғалымның ғылыми еңбектерінің 10 томдығын жарыққа шығару мәселесі қаралды.
Қазақ халқы мен Қазақстан үшін аса күрделі, тарихи тағдыршешті болып табылатын Алаш оқиғасының 100 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың қорытынды кезеңінің жоғары мемлекеттік деңгейде өткізіліп жатқаны қуантады. Алашордалықтар өткен ғасырдың бас кезеңінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады. Олар, біріншіден, өздерінің белсенді ғылыми-публицистикалық қызметімен халықтың санасезімін оятты, аяғына тұрғызды, ұлттық еркіндік пен ұлттық мемлекеттілікті қайта өркендетуге деген рух пен үмітті күшейтті. Екіншіден, олар өздерінің бүгінгі тілмен айтқандағы «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын әзірлеп, халыққа және бүкіл әлемге жария етіп, ең бастысы бүкіл Қазақстанның аумағында іске асыра бастады.
Қазақстанның азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескерлерді толық ақтау мен олардың ерлігін мәңгі есте сақтау – өзінің тәуелсіздігін жариялаған халқымыздың және Қазақстан Республикасының ардақты міндеті. Сондықтан да бұл мәселенің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының темірқазығы, біріктіруші тетіктерінің бірі болуға тиіс екендігі – табиғи әрі заңды жайт. Қазақстан өз мемлекеттік дербестігін алғалы, ұлттық бостандықты мақсат еткен алаш зиялыларының арманы орындалды десек қателеспейміз.
Қорыта келе, «Қазақ» және «Шалқар» радиосындағы Алашорда үкіметінің 100 жылдығына байланысты бағдарламаларды ауқымды көрсетіп, «Алаш» партиясының негізін салушылар шын демократтар болғанын нақты дәлелдей білді. Партия бағдарламасын бұрмалаушылардың зұлымдық ойы тегінде, бірде феодалдық тәртіптерді, бірде ұлттық ұсақ буржуазияны қорғайды деп саналатын ұлтшылдар тобы дайындап, қабылдаған. Бағдарламаны бұрмалаушылардың негізгі мақсаты халыққа бұл бағдарламаны тек арандатушылар жасаған деп көрсеткісі келді.
Пайдаланған әдeбиeттep тiзiмi
1. https://kaztrk.kz
2. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- А.:Санат, 1995 .-З б.
3. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлттық-азаттық үшін күресінің ұраны. -8 б.
4. Құсанова Ш. «Алаш» партиясы тарихын зерттеу хақында.-42 б.
5. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.- А.,1992.-103 б.
6. Рысбеков Т. Алашорда.//Орал өңірі. № 244. 1997. -3 б.
7. Абжанов Х.М., Гуревич Л.Я. Интеллигенция Казахстана: история, теория, современность.-Алматы, 1992.
8. Аймауытов Ж. Шығармалары.-Алматы, 1989.
9. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары.-Алматы, 1995.