Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының Ақтөбе облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды

«Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты «Елбасы Медалі» жобасы мен «Myń bala» Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының Ақтөбе облысы бойынша жеңімпаздары марапатталды.

2020 жылдың 14 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев қоры Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-жастар форумы өтті, еліміздің барлық аймақтарында Елбасының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асырудың нәтижелеріне арналған мерекелік шаралар жалғасын тапты.
«Ел үміті» жобасының қорытындысы шығып, бағдарламаның қола деңгейіне жеткені үшін «Елбасы медальдары», халықаралық олимпиадалардағы жеңісі үшін «Ел мақтанышы» сыйлықтары табысталып, ауыл оқушылары арасындағы «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды.
Ақтөбе облысында өткен бұл салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Оразалин Оңдасын Сейілұлы, Ақтөбе облысының әкім орынбасары Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысы Уразбаева Лаззат Аманжолқызы, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Сүлейменова Гүлназ Туралиевна, Елбасы академиясының “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қорының өкілі – Ақтөбе облысы бойынша «Медаль Елбасы» жобасының үйлестірушісі — Ашикбаев Нурлан Токтарович және «Елбасы Медалі» жобасы (10 оқушы) мен «Myń bala» (4 оқушы) Ұлттық Зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *