Ертегілер елінде

Өскемен қаласы,
«Асыл бесік » балабақша-бөбекжайы
« Күншуақ» тобының тәрбиешісі Сагымбаева Жанар Туркестановна
Оқу тілі: қазақ
Басылым бағыты: ашық сабақ
Ұялы телефон номері:87051003401
Мекен-жайы : Өскемен қаласы
Көкжал барақ көшесі 14/1.пәтер 34

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу қызметінің түрі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы:Ертегілер елінде
Білімділік : Ертегілер әлеміне кіріп ,жақсы көңіл күй сыйлау,балаларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар,ертегілер арқылы тілін дамыту.
Дамытушылық: Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту.Үстел үсті театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту.
Тәрбиелік: Логикалық ойларын жетілдіріп, адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.
Үштілділік: Үштілділік: қыс-зима-winter, ертегі-сказка- fairy tale
Көрнекілік: Орман алаңы, қыс суреті,
Әдіс –тәсіл дер: сұрақ –жауап,түсіндіру
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:Үлкен шеңбер құрайық
Алақагнды ұрайық.
Күлімдесін күн көзі
Күлімдейік біз де,
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны жұтайық
Жүрек жылуын салайық
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ: Аяз қысып,өрнек салып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғанап балалар ойнайды
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? /Қыста/
Сұрақ- жауап: Дұрыс балалар .-Қазір қай мезгіл? – Қыс мезгілі.
1.Балалар қыс деген сөзді ұш тілде айтып көрейік.Менің артымнан қайталайық.
— қыс-зима-winter,
— Қыс мезгілі ерекшеліктерін айтып беріңдерші
— Қыста аяз болады, бран соғады, қар жауады.
— 2. Жаксы балалар./ Есік алдында хатқа назар аударайық/ балалар қараңдаршы бізге біреу хат әкелген. Балалар қараңдаршы бізге біреу хат әкелген. Қанге ашып оқиық. Кімнен екен?
— Салеметсіздерме балалар! Мен Машамын. Мен туралы ертегілерден естіген шығарсыңдар. Мен қысқы орманға серуендеп барғанмын. Ал мені Қыс ханшайымы ұстап,өзінің қарлы үйіне қамап қойды. Мында өте салқын. Үйіме барғым келеді. Атам мен әжемді сағындым. Мені құтқарыңдаршы.!!
— Ал балалар Машаны құтқарамыз ба? Қысқы орманға барамыз ба? Ертегілер еліне енеміз бе?
— Балалар ертегі сөзін үш тілде айтып көрейікші ертегі- сказка- fairy tale
— Жарайсыңдар ! Ендеше бәріміз автобуспен қысқы орманға барамыз. Қане кеттік.
— Ертегілер әні қосылып безендірілген қысқы орман алаңқайына барайық. Балалар міне бізде келіп қалдық. Қысқы орман әдемі ме? Орындыққа отырайық./ Осы кезде Қыс ханшайымы келеді/
— Қыс ханшайымы: / ашулы дауыспен / Кім ? Кім? Менің қарлы патшалығыма келген кім?
— Балалар ,кәне Қыс ханшайымымен амандасайық
— Қыс ханшайымы: Амансыңдарма ! менің патшалығыма қайдан келдіңдер? Не істеп жүрсіңдер?
— Балалар: Біз Машаны іздеп жүрміз.
— Қыс ханшайымы: Ха-ха ха маша жалғыз өзі орманда серуендеп жүр екен. Мен оны қарлы ұйіме кілттеп қойдым.
— Балалар орманда немесе көшеде жалғыз серуендеп немесе ойнауға бола ма? / балалардың жауабы/
— Қыс ханшаймы Машаны кешірші, оны жіберші, ол кішкентай қыз ғой. Атасы мен анасы алаңдап, жылап , іздеп жатқан болар.
— Қыс ханшайымы: Мммм, егер менің тапсырмаларымды орындай алсаңдар жіберемін.
— 1 тапсырма:«Жұмбақ жасыру»
1.Суда мұз бар, жерде қар бар,
Боран боп соғады, Бұл қай кезде болады? / қыс/
2. Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады? /аяз/
Жұмбақтың жауабын тапқан сайын слайдтан жабық тұрған/шалқанның / суреті ашылады.
2 тапсырма. Дұрыс балалар . Ендеше « Шалқан » ертегісін үстел үсті театры арқылы сомдаумыз. Қандай кейіпкерлерді сомдаймыз./автор, ата ,әже, немере қыз,күшік,мысық тышқан/
— Жарайсыңдар балалар.ертегіні өте жақсы сомдадыңдар.балалар шаршаған шығарсындар енді бойымызды сергітіп алайық.
— Сергіту сәті: Боран соғады оң жақтан
Боран соғады сол жақтан,
Қар лақтырып ойнасақ
Су өтеді қолғаптан.
3тапсырма Д/О «Ойлан тап» Ертегінің атын тап./ суретке карап табу/
4 тапсырма Топтық жұмыс. Лақтарға дұрыс жол тап /7 лақ ертегісі бойынша/
2топқа тапсырма
Шарты. Анасына апаратын жолдың үстінен бастырамыз.Егер жолдан қателессек лақтар қасқырға жем болады. Түстерді анықтау, бір бірін бағалау.
Қыс ханшайымы: жарайсыңдар балалар сендер қандай ақылдысыңдарТапсырманың барін жақсы орындадыңдар,ендеше мен Машаны жіберейін. /Машаны алып келеді./
Маша: Рахмет сендерге балалар.сендер көмектеспегенде не істер едім. Тонып қамауда жүрер едім. Енді мен өз үйімнің қасынан ешқайда кетпеймін. Балалар сендерде орманға, көшеге жалғыз ойнап бармаңдар жарай ма? Мен атам мен әжемді сағындым, үйіме кайтамын . Сау болыңдар!
Балалар біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болды. Қыс ханшайымына сау бол айтып ,автобусымызбен балабақшаға қайтайық.
Қорытынды: Біз қайда бардық ? Кімге көмектестік? Қандай тапсырмалар орындадық? Сендерге оқу қызметі ұнады ма?
Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды . Рахмет балалар.Қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *