АТМОСФЕРАЛЫҚ АКУСТИКА

АТМОСФЕРАЛЫҚ АКУСТИКА — акустиканың атмосферада дыбыстың пайда болуы мен таралуын, сондай-ақ атмосфераның қасиеттерін зерттейтін бөлімі. Дыбыс толқындары бос атмосферада таралған кезде, олар ауаның жылу өткізгіштігі және тұтқырлығы әсерінен жұтылады (яғни өшеді); дыбыс жиілігі неғұрлым жоғары, ал атмосфера тығыздығы неғұрлым аз болса, дыбыс толқындары соғұрлым күштірек жұтылады. Ал құлаққа естілмейтін, жиілігі өте төмен дыбыс (инфрадыбыс) нашар жұтылатындықтан, ол бірнеше мыңдаған км-ге дейін еш өзгеріссіз тарай алады. Көптеген атмосфералық және Жер беті мен астында өтетін құбылыстар — дыбыс толқындарының табиғи көзі болып табылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *