Экономика салалары бойынша басқару шешімдерін қабылдаудың ерекшеліктері

1. Өнеркәсіп саясаты – бұл өндірістің өсуіне, ғылыми-техникалық жетістіктерді дайындауға және игеруге, салалық құрылымды жетілдіруге, дайын өнім экспортын дамытуға бағытталған мемлекеттің ұзақ мерзімді шараларының жиынтығы. Өнеркәсіп саясаты жеке сектордың күшіне сүйене отырып дәл анықталған және тиімді қолданылатын макроэкономикалық реттеудің ықпалынан жүзеге асырылуы керек. Өнеркәсіп саясатын ұтымды жүзеге асыруда технологиялық жаңаруды, өндірістік аппарат пен салалық құрылымды жаңартуды жүргізу маңызды болып табылады.
Өнеркәсіп саясаты мен құрылымдық саясатты жиі шатастырады. Бұл дұрыс емес. Құрылымдық саясат – салалар арасындағы арақатынастың өзгеруімен, ескі салаларды «жауып», жаңаларын ынталандырумен байланысты өнеркәсіп саясатының бір бөлігі. Өнеркәсіп саясатының әр түрлі нұсқалары туралы айта отырып оларды өсудің өте озық үлгілері деп санау қате болар еді. Тіпті барлығы мойындаған жапондық үлгілердің де кемшіліктері кездеседі.
Өнеркәсіп саясатын жүзеге асыру дамудың салалық басымдықтарын анықтауды қажет етеді. Индустриалдық стратегияда әр түрлі әдісті қажет ететін салалардың үш тобы қарастырылады.
Экспортқа бағытталған салалар. Бұл салалар мемлекеттік қолдаудың қажетті деңгейіне байланысты дамығанблок және қалыптасушы блок болып бөлінеді.
Дамыған экспорттық блокты бүгінде мұнай-газ өндіруші, уран, металлургия және көмір өнеркәсібі салалары құрайды. Бұл салалардың басымдықпен дамуы бюджеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттің инвестициялық ресурстарын қалыптастыруға алғышарттар құрады. Мұнымен қоса бұл мультипликативті әсер беріп, экспорттық өндірісітердің қажеттілігін қөамтамасыз ететін басқа салалардың дамуы үшін серпіліс болады. Сондықтан мемлекет бұл салаларға, әсіресе, қосылған құны жоғары саларға, ерекше көңіл бөледі.
Қалыптасушы экспорттық блокке де қолдау көрсетіледі. Бұл блок мұнай-химия, химия саласын қамтиды.
Ішкі нарыққа бағытталған салалар. Бұл салалар импорттық тауарларға бәсекелестік туғызып, болашақта әлемдік нарыққа шығуы мүмкін. Басыңқылық дәрежесіне қарай оларыды үш блокке бөлеміз.
Жоғары бәсекелі блокты тамақ, мұнай өңдеу өнеркәсібі, электроэнергетика құрайды. Олар ішкі нарықта тұрақты сұранысқа ие, ал болашақта экспорттық потенциалға ие.
Орташа бәсекелі блокке машина жасаудың жекелеген салалары, құрылыс материалдары саласы жатады.
Төмен бәсекелі салалар. Бұлардың бәсекеге қабілеттіліктері ішкі нарықта да төмен. Бұл салаларға тоқыма-тігін, былғары-аяқ киім, ағаш өңдеу кіреді. Мемлекет осы салалардағы бар потенциалды сақтау үшін шаралар қолданады.
Жоғары технологиялы өндіріс салалары (биотехнология, гендік инженерия, ақпараттық технология). Мемлекет бұл салалардың барлық бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.
2. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) – азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатынан алынатын өнеркәсіп тауарларының ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін экономиканың өзара байланысты салаларының жиынтығы. Оның құрамына 3 негізгі салалар кіреді: I сфера ауыл шаруашылығын және басқа салаларды өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін салаларды қамтиды; II сфера – ауыл шаруашылығы; III сфера – кешеннің ақырғы өнімін дайындауды, тасымалдауды, өңдеуді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын салалар. Дамыған елдердегі АӨК-де IV сфера да болады, ол өндірістік, әлеуметтік, сервистік, ғылыми, ақпараттық басқа да инфрақұрылымды қамтиды. АӨК-де екі ірі шағын кешен бар: азық-түлік өнімдерін өндіру және тарату; ауыл шаруашылығы шикізатынан жасалатын өнеркәсіп өнімдерін өндіру және тарату.
Ауыл шаруашылығы АӨК құрамына кіреді және төмендегі салаларды қамтиды:
өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің мақсаты – ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; азаматтардың азық-түлікпен қамтылу деңгейін жақсарту; ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салалары арасындағы экономикалық паритетті сақтау; ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің жалақыларының деңгейлерін жақындастыру; агроөнеркәсіптік өндіріс саласындағы отандық тауар өндірушілерді қорғау.
АӨК-ді мемлекеттік басқару барысында экономикалық әдістерге басты мән беріледі.
Экономикалық әдістерге АӨК-ді басқарудың келесі әдістері жатады:
 Ауыл шаруашылығын мемлекеттік бюджеттен тікелей инвестициялау, оның жекелеген салаларының даму бағдарламаларын қаржыландыру; ауыл шаруашылығы ұйымдарына дотация, компенсация беру.
 Аграрлық сектордағы мемлекет қызығушылық танытып отырған шағын кәсіпорындарды, шаруа қожалықтарын ынталандыру мақсатында оларды жеңілдіктермен, артықшылықтармен қамтамасыз ететін несиелік, салықтық саясатты жүргізу.
 Ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу бағаларын ескере отырып, баға саясатын жүргізу.
 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік сақтандыру.
3. Көлік саласында, оның экономиканың басқа салаларынан айыратын, шаруашылықтың өзге де саласы тәрізді кейбір ерекшеліктері бар:
біріншіден, көлік жаңа материалдық-заттық өнім шығармайды, ол өндіріс процесінің жалғастырушысы болып табылады. Өнім өндірісі оны тиісті қолдану орнына жеткізген соң аяқталады.
екіншіден, көлік өнімі – жүк пен жолаушыларды тасымалдау көлік өндірісі процесінің
ажырамас бөлігі. Оны жинақтауға, оның қорын құруға болмайды.
үшіншіден, көлік өнімі шикізатты қамтымайды. төртіншіден, көлік саласын дамытуға бөлінетін қаражаттар айналымының, өнеркәсіпті және ауылшаруашылығын дамытуға бағытталатын қаражат айналымынан айырмашылығы бар.
Көлік кешенімен экономиканың көптеген саласының жұмысы тікелей байланысты, атап айтқанда, машина құрастыру, энергетика, металлургия және т.б. Көлік кешенінің экономикалық өсімге, сауданы кеңейтуге, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпалы бар. Көлік кешенінің тиімді қызмет атқаруы, жұмыс орнына дейін жүкті жеткізу және жүру уақытын қысқарта отырып, еңбек өнімділігін арттыруға әсер етеді. Көлік қоршаған ортаға белсенді түрде ықпал етеді, алайда бұл негізінен жағымсыз сипатқа тән. Көлік кешенінің даму қарқыны экономикалық өсімге сәйкес болуы тиіс.
Осылайша, еліміздің экономикасының дамуына қарай көлік кешенінің кейбір құрамдары көлік қызметіне қатысты сұраныс динамикасына сәйкес өзгеруі тиіс. Кері байланыста орын алған, яғни көлік кешені басты фактор болмағанмен болмаса да экономикалық белсенділіктің құраушы факторы ретінде экономикалық дамуға әсер етеді.
Көлік кешенінің мәні экономиканың маңызды құрамды бөлігі ретінде, қоғамдық еңбекті аймақтарға бөлуде оның рөлімен айқындалады: аудандарды мамандандыру оларды кешенді дамыту көлік жүйесі болмаса мүмкін емес. Көлік кешені өндірісті орналастыруға әсер етеді. Оны назарға алмай, өндірістік күштерді ұтымды орналастыруға қол жеткізуге болмайды.
Өндірісті орналастыру және тандау кезінде тасымалдау қажеттілігі, жұмсалатын материалдардың және дайын өнімдердің көлемі, олардың тасымалға биімділігі, көлік бағыттарымен қамтамасыз етілуі, олардың өткізу қабілеттілігі және т.б. ескеріледі. Осы құрамдардың әсер етуіне байланысты мекемені орналастыру нұсқалары қарастырылады. Тасымалдаулардың ұтымдылығы жеке мекемелер тәрізді, сондай-ақ жалпы ұлттық экономиканың өндіріс тиімділігіне де әсер етеді.

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Өнеркәсіп саласындағы басқару шешімдерінің ерекшелігі.
2. Ауыл шаруашылығы саласын басқаруда шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ерекшелігі.
3. Әлеуметтік саланы басқаруда шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру ерекшелігі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Эффективность государственного управления/Пер. с англ. Общая ред. С.А.Батчикова, С.Ю.Глазьева. — М.: Фонд «За экономическую грамотность», 1998. — 848 с.
2. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом аграрном рынке: потенциал, проблемы и их решение/
Р.А. Алшанов. — Алматы: Раритет, 2010. — 624 с.
3. Алшанов Р.А. Казахстан на мировом минерально-сырьевом рынке: проблемы и их решение (Анализ и прогноз)/ Р.А. Алшанов; Науч. ред. А.Т.Ашимбаева. — 2-е изд.,доп.. —
Алматы, 2005. — 423 с
4. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын баскару негіздері Оқу құралы/ К.Б. Бердалиев. — Алматы: Экономика, 2001. — 129 б.
5. Бердалиев К.Б. Основы управления экономикой Казахстана: Учеб. пособие/ К.Е. Бердалиев. — Алматы: Экономика, 1994. — 148 с.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *