Айқынсыздық пен тәуекел жағдайында басқару шешімдерін әзірлеу және қабылдау



1. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты тәуекел кәсіпкерлік тәуекел немесе
шаруашылық тәуекел деп аталады. Қазіргі уақытта тәуекелдің даму ықтималдығы саяси жағдайдың айқынсыздығымен, экономикалық ортаның тұрақсыздығымен, күтілетін нәтижеге қол жеткізу және залалдың алдын-алу кепілдігінің болмауымен байланысты.
Әкімшілік-әміршілдік басқару тұсындағы экономикалық жүйеде кәсіпорын үшін өндірістің көлемін, шикізат пен материал жеткізілімдерінің көлемін, тауар айналымын, баға деңгейін, пайданы, т.б. мемлекет анықтаған. Әкімшілік-әміршілдік жүйедегі шаруашылық сферасы бастаманың көтерілуіне шек қойды және тәуекел іс-әрекеттерге баруға жол берілмеді. Басқарудағы тәуекелдің теориялық негіздері бұл жүйеде зерттелмеген.
Жағдай нарықтық экономикада түбегейлі өзгерді. Тәуекел нарықтық экономиканың негізгі сипатының бірі болып табылады. Өйткені мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік қызмет үшін норма белгілеумен және салық жүйесін енгізумен шектеледі. Нарық жағдайында тәуекел алаңы кеңиді. Оның үстіне бәсекелік ортаның болуы кәсіпкерлердің және менеджердің тәуекелді шешім қабылдауын ынталандырады.
Нарықтық экономикадағы тәуекел табиғаты келесі факторлармен байланысты:
— шаруашылық қызметтің мемлекетпен аз реттелуі;
— кәсіпорынның сыртқы ортамен өзара әрекетіндегі кездейсоқ факторлар ролінің күшеюі;
— кәсіпкердің жеке меншікке, иелік етуі;
— тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік күрес.
Тәуекел – бұл зиянның туындау қаупі. Тәуекелге бара отырып, кәсіпкер (менеджер) пайда алуды көздейді. Қаражат жұмсай отырып, кеткен шығынның орнын жабатындай табыс алуға тырысады.
Тәуекелдің пәні материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды жоғалту болып табылады.
Теория мен практикада «шығын», «зиян», «жоғалту» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Кез-келген ұйымның шаруашылық қызметі шығындармен байланысты. Зиян – қызметтің соңғы нәтижесі. Ал, жоғалту – кездейсоқ фактор салдарынан күтілетін пайда мен нақты пайда арасындағы айырма.
Тәуекел түрлері әр алуан. Оларды белгілі бір сипаттары бойынша жіктеуге болады.
Тәуекелдің жіктелуі:
І Туындау көзі бойынша:
• кәсіпкерлік қызмет пен байланысты – өндірістік, коммерциялық, қаржылық;
• жетекшінің психологиялық ерекшелігі; • саяси жағдай;
• табиғи жағдай.
ІІ Пайда болу себебі бойынша:
• ақпараттың жетіспеуі;
• болашақтың анық болжанылмауы;
• бәсекелестердің, іскерлік серіктестердің әрекеттері.
ІІІ Сақтандыруға қатысы бойынша:
• сақтандыру қажет етілетін;
• сақтандыруды қажет етпейтін.
Өндірістік тәуекел өнімді және тауарды өндірумен, қызмет көрсетумен, жұмыстарды орындаумен (жобалық-конструкторлық, болжамдау) байланысты. Тәуекел себептері жаңа өндірістік жобаны, жаңа технологияны игерумен, өнімнің өзіндік құнының артуымен, өндіріс көлемінің күрт өсуімен немесе төмендеуімен байланысты болуы мүмкін.
Коммерциялық тәуекел нарықтағы сату көлемінің төмендеуі, жүк тасымалдау тарифтерінің артуы, валюта бағамының ауытқуы, айналым шығындарының артуы, сатып алушылардан түсетін түсімнің болмауы салдарынан орын алуы мүмкін.
Қаржылық тәуекел ұйымның банктермен өзара байланысы барысында туындайды. Бұл ұйымның меншігіндегі активтері мен қарыз құралдарының арақатынасына байланысты.
Тәуекелдің туындау көздеріне жетекшінің психологиялық ерекшеліктерін де жатқызуға болады. Мысалы, кейбір адамдар консерватор (өзгеріске көп бара бермейтін, әрекет жасамайтын) болуы, ал енді біреулері авантюраға (тәуекелге жиі бару) бейім болуы мүмкін.
Саяси тәуекелдер импортқа шек қойылуымен, саяси төкерістермен т.б. байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық саясатты жүргізген кездегі тәуекелі де әркелкі. Бұл инфляциямен, салынған қаражатты дисконттаумен, инвестицияны өндіріске салу немесе банкте сақтау арқылы тапқан пайданы салыстырумен т.б. байланысты.
Ал, бағалы қағаздарға қаражат салу барысында орын алатын тәуекелдер бағалы қағазды дұрыс таңдамаумен, бағалы қағаз құнының төмендеуімен, эмитенттің дивиденд төлей алмауымен, инфляция салдарынан бағалы қағаздан түсетін табыстың азаюымен байланысты болады.
Тәуекел деңгейлері мен олардың салдарын қарастыралық.
Тәуекел деңгейлері:
 неғұрлым ықтимал деңгей,
 «қалыпты» деңгей (допустимый уровень),  қауіпті деңгей,
 аса қауіпті деңгей.
Ықтималдығы жағынан ең төменгісі аса қауіпті деңгей болып табылады.
«Қалыпты» тәуекел салдарынан кәсіпорын өз пайдасынан, қауіпті тәуекел салдарынан сатудан түкен түсімінен айырылады. Ал, аса қауіпті тәуекел кәсіпорынды мүлкінен айырады, банкроттыққа әкеледі.
2. Залалдың алдын-алу үшін басқару шешімін қабылдау барысында тәуекелді талдап, оның салдарын анықтау қажет.
Тәуекелді талдау сатылары:
1) тәуекелге ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды анықтау;
2) анықталған факторларды талдау;
3) тәуекелдің нақты түрін қаржылық жағынан бағалау;
4) қаржылық тұрақтылық пен салынған қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау;
5) тәуекелдің «қалыпты» деңгейін белгілеу;
6) таңдалған тәуекел деңгейі бойынша жекелеген операцияларды талдау; 7) тәуекелді төмендету іс-шараларын әзірлеу.
Тәуекелге ықпал ететін балық факторларды шартты түрде объективті және субъективті деп бөлуге болады.
Субъективті факторларға сол ұйымды тікелей сипаттайтын факторларды жатқызуға болады. Атап айтқанда, өндірістік потенциал, техникалық қарулану, еңбекті ұйымдастыру, еңбек өнімділігі, мамандану деңгейі, қаупсіздік техникасы т.б.
Объективті факторлар ұйым қызметінен тәуелсіз болады (инфляция, саяси және экономикалық дағдарыс, т.б.).
Тәуекелді сандық тұрғыдан талдау барысында түрлі әдістер қолданылады. Олардың арасындағы кең таралғандары: статистикалық, аналитикалық, эксперттік бағалау әдісі, аналогтарды пайдалану т.б.
Құндылықтардың түрлі жүйелерін қалыптастыратын әр елдің мәдениеті тәуекел жағдайындағы экономикалық іс-әрекетке айтарлықтай ықпал етеді. Біреулері тәуекелді ісәрекетті қолдаса, екіншілері бұл жағдайда сақтық танытады. Бір елдің мәдениетінде шешім қабылдау барысында нақты позиция ынталандырылса, екіншісінде ымыраға бейімділік қолдау табады. Мәселен, жапондық менеджментте консенсуқа қол жеткізу маңызды. Консенсус – латын тілінен аударғанда «екіұшты» сұрақ бойынша жалпы келісімге келу деген макғынаны білдіреді. Батыс елдерінде тәуекелге бейімделу жеке-дара бағдарлану, сыртқы ортаны басқару, іскерлік қатынастарды нақты функциялармен шектеу, іскерлік байланыста келісім-шарттық әрекет ету мерзімі шеңберінде ғана болады. Ал, шығыс елдерінде тәуекел жағдайындағы экономикалық іс-әрекет коллективизмге, сыртқы ортамен үйлесімділікте болуға, достарымен немесе жақын таныстарымен бизнес жасауға, іскерлік қарым-қатынаста ұзақ уақыт бойы сақтауға негізделеді.
Практикада басқару шешімдерінің салдарын тәуекелдің түрлі деңгейін анықтайтын критерийлер жүйесі арқылы бағалауға болады.
Шешімдерді бағалау критерийлері:
1) Вальд критериі (аса сақтық) – «үлкен қауіпті ескеру», яғни жоғары тәуекелді күту;
2) Сэвидж критериі (жоғары тәуекелді мейлінше азайту) – «жақсы нәтижеге үміттену», яғни аз тәуекелді күту;
3) Лаплас критериі – «орташа жағдайға бағдарлану», яғни орташа тәуекелді күту;
4) Оптимум критерий — «сәттілікке сену»; 5) Гурвиц критериі – «ымыраға келу»; 6) математикалық күтімдер критериі.
Бұл критерилердің барлығы математикалық жолмен, арнайы формулаларды пайдалана отырып, есептеледі.
3. Басқару шешімдерді дайындау процесіне әсер ететін айқынсыздықты түсініксіз ақпараттың немесе жоқ ақпараттың көлемі бойынша төрт деңгейге бөлуге болады:
10–15% – басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асырудың типтік
процедурасының тізімі мен мазмұнына әсер етпейтін, төмен айқынсыздық;
40–50% – тізімге әсер етпейтін, бірақ басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру процедурасының мазмұнын қайта қарауды талап ететін орташа айқынсыздық;
70—80% – басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру процедурасының тізімі мен мазмұнын қайта қарауды талап ететін жоғары айқынсыздық;
90—100% – басқару шешімдерін дайындау және жүзеге асыру үшін мамандардың түсінігінен тыс болатын тым жоғары айқынсыздық.
Айқынсыздықтың орташа деңгейі. Компанияның басшылығы баяндамалар материалдарын мен мамандардың іс-сапарларын алдын-ала ресімдеу үшін шақыруды бұрыннан күткен болатын. Бірақ ол конференция басталған күні келді. Сондықтан бұрын белгіленген кездесулер мен шараларды жедел түрде ауыстыруға тура келді.
Айқынсыздықтың жоғары деңгейі. Конференцияға қатысуға министрдің келісімін тосумен байланысты шақыру конфернцияның басталуынан бір күн бұрын келген болатын. Шақыруда бұл жай конференция емес, компанияның жетістіктерін байқау деген қосымша жазу болды. Компанияның басшылығы проблеманы шеше бастады – мамандарды жіберу керек пе, жоқ па, егер жібергенде өнімнің қандай түрімен, ал егер жіберілмесе, онда қандай себеппен. Басқару шешімдерді дайындау процедурасының әдетті тәртібі мен мазмұны бұзылған болатын. Бірақ түні бойы тез әрекеттер нәтижесінде кейбір үлгілерін дайындалған болатын және шаршаған ұйқылары қанбаған мамандар конференцияға барды.
Айқынсыздықтың тым жоғары деңгейі. Шақыруды бір орыннан басқаға ауыстырып, ақыр соңында жоғалтып алды. Директор конференцияның басталу уақыты есінде болатын, бірақ қалған реквизиттер директорда болмады. Күн сайын конференция туралы ой оған тыныштық бермеді. Ол хатшыны шақыруды табуды немесе мекен-жайын еске түсіруді сұраған болатын. Бірақ қандай да шешімді жүзеге асырудың барлық әрекеттері жоққа шығарылған болатын.
Айқынсыздық дәрежесін төмендету үшін мамандардан және тіпті кездейсоқ адамдардан да кеңес алу қажет. Кейде жаңа шешімдерді табу үшін білгісіздік деңгейін жасанды түрде жоғарлату керек. Сонымен, айқнысыздықты тек төмендете ғана қоймай, оны басқару керек. Айқынсыздықты басқару критерийлері тәуекелдіктерді төмендету емес, басқару шешімдерінің тиімділігін арттыру болып табылады. Тиімді басқарушылық шешімдерге дәлелді, орындалатын, орындауға жеңіл қабылданатын шешімдер жатады. Тиімсіз басқарушылық шешімдерге дәлелсіз, орындалмайтын және орындауға қиын қабылданатын шешімдер жатады.
Басқару қызметінің тұрақты сипаты сыртқы және ішкі ортаның әлсіз ықпалдары кезінде типтік процедураларды орындаумен анықталады. Басқару қызметінің түзетуші сипаты басшылық компанияның негізгі процестерін өзгерткенде (түзеткенде) сыртқы және ішкі ортаның орташа ықпалдары кезінде тиімді. Басқару қызметінің инновациялық сипаты компанияның сыртқы немесе ішкі ортасында болатын күшті өзгерістер кезінде қажет. Ол жоғары бәсекеге қабілеттікке жету үшін компанияда жаңа процестер мен технологияларды үнемі іздеумен және жүзеге асырумен сипатталады.

Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Басқару қызметіндегі «айқынсыздық» және «тәуекел» ұғымдарының айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?
2. Басқару шешімдерін әзірлеу мен қабылдауда қандай тәуекел жағдайлары орын алуы мүмкін?
3. Мемлекеттік басқару саласындағы тәуекелдің алдын-алуға бола ма?
4. Мемлекеттік басқарудағы тәуекелді басқару әдістерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Хохлов Н.В. Управление риском: Учебное пособие/ Н.В. Хохлов. — М.: ЮНИТИ-
ДАНА, 2001. — 239 с
2. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В.
Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с
3. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.:
ЮНИТИ, 1999. — 407 с
4. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И.Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
5. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело»,
2000. — 392 с
6. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.:
ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с
7. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с. 8. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
9. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 10. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 176 с.
11. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
12. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
13. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *