1. Сапа – бұл басқару объектісінің адамның немесе қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін сипаттамаларының жиынтығы. Сапа функционалдық жарамдылығы, қолдану сипаттамалары, қауіпсіздік пен сенімділік дәрежесі, эстетикалық деңгейі және т.б. бойынша бағаланады. Өнімнің сапасына қол жеткізу және оны үнемі жетілдіру процесі сапаны басқару деп аталады.
1-сурет – Өнім сапасын анықтайтын негізгі элементтердің сызбасы
Өндірілетін өнімнің (көрсетілетін қызметтің) сапасы басқару қызметінің, басқару шешімдерінің сапасына тәуелді. Басқару қызметінің сапасы – басқару қызметінің көпшілік мақұлдаған талаптарға немесе стандарттарға сәйкестік дәрежесі. Өнімнің сапасына тек өндірістің техникалық деңгейі, өндірістің ұйымдастырылуы, экономикалық жағдайы ғана емес, сонымен қатар басқару шешімдерінің мәдениеті мен кәсібилігі де әсер етеді.
Басқару шешімдерінің сапасы өнімнің сапасын, технологияны, өндірісті ұйымдастыруды, басқару шешімдерінің кәсібилігі мен мәдениетін қамтитын жиынтық көрсеткіш болып табылады. Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде басшы басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесінің әрбір сатысына назар аударуы керек. Әрбір кезеңнің сапасы басқару шешімдері сапасының жалпы бағасына едәуір әсер етеді.
Басқару шешімдерінің сапасы – шешімдердің табысты орындалуы мен оның көзделген нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететін қасиеттердің жиынтығы. Басқару шешімдері қасиеттерінің құрамында олардың негізіділігі, уақытылығы (шешімнің дер кезінде әзірленіп, қабылдануы), тиімділігі, сәйкестігі (шешімнің бұрын қабылданған шешімдерге қайшы келмеуі), нақтылығы (шешімді кім, қашан орындау керектігі нақты көрсетілуі керек), заңдылығы (шешімді өкілетті тұлғаның қабылдауы, заңға қайшы келмеуі), қарапайымдылығы (шешім қабылдаушы тұлғаға ғана емес, орындаушыға да түсінікті болуы керек) қарастырылады.
Кейбір авторлар басқару шешімдерінің сапасын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткішті қолдануды ұсынады:
,
мұндағы Кс – басқару шешімдерінің сапасының коэффициенті,
Шо – орындалған басқару шешімдерінің саны,
Шк – қабылданған басқару шешімдерінің саны
Бұл көрсеткіш, басқару шешімінің сапасы туралы жалпы мағлұмат бергеніне қарамастан, оны объективті тұрғыдан бағалауға толық мүмкіндік бермейді.
Стандарттау саласында ISO халықаралық ұйымы жұмыс жасайды. Ол – стандарттау бойынша әлемдік қауымдастықта мойындалған халықаралық ұйым. ISO 900Х (Х=1, 2, 3, 4) сапа стандарттарын және ISO 14000 экологиялық стандарттын құру саласындағы жұмыстарды үйлестіреді. ISO 900Х сапа стандарттары жалпы сипатқа ие және өнеркісіптің, экономиканың нақты саласынан тәуелді емес. Стандарттар сапаны басқару бойынша жетекші нұсқаулықтарды қамтиды.
2. Сапалы басқару шешімдерін әзірлеудің объективті экономикалық шарттары:
1) басқару объектісі дамуының нақты тенденциясын білу;
2) ұйым қызметінде қалыптасқан тенденцияларды оңтайлы қолдану әдістерін меңгеру;
3) ел экономикасының мақсатына бағдарлану;
4) объектінің, сыртқы ортаның жай-күйі туралы нақты түсініктің болуы; 5) өзгерістерге дер кезінде бейімделу.
Бұл шарттардың сақталуы үшін жетекші әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпараттарға ие болуы керек. Алайда, ақпаратпен жақсы қамтамасыз етілген жағдайдың өзінде дұрыс та, қате де шешімдер қабылдануы мүмкін. Бұл оларға әсер ететін факторлар мен орын алып отырған жағдайларға байланысты.
Басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің сапасына: ақпарат, басқару мақсаттары, басқару шешімдерін әзірлеу әдістері, қолданылатын басқару технологиясы, басқару шешімдерін жүзеге асыру процесі едәуір ықпал жасайды.
Жалпы, басқару шешімдерінің сапасына әсер ететін факторларды 2 топқа топтастыруға болады: 1) ситуацияны ұғыну және проблеманы құрастыру факторлары; 2) шешім қабылдау процесіндегі жетекшінің мінез-құлқын анықтаушы факторлар.
Ситуацияны ұғыну және проблеманы құрастыру факторлары:
мәселені түсіну (анықтау);
ғылыми болжау;
талдау;
білім алу әдістері;
басқаруды ұйымдастыру.
Шешім қабылдау процесіндегі жетекшінің мінез-құлқын анықтаушы факторлар:
мінез-құлық стилі;
саяси және әлеуметтік орта;
қоғамдық және құқықтық нормалар; мүдделер мен қызығушылықтар;
жетекшінің тұлғалық қасиеттері, біліктілігі.
3. Басқару саласында сапасыз шешімдерді қабылдау жиі кездеседі. Жүргізілген зерттеу материалдары шешімдердің орындалмай қалуының себептері мен олардың үлестерін келесідей етіп топтастырды:
— болжанылмаған (күтпеген) жағдайлар – 40%;
— шешімдердің сапасының төмендігі – 30%; — орындаушылардың кінәсі – 30%.
Қабылданатын шешімдер сапасына ықпал ететін себептер ұйымдастырушылық, экономикалық және психологиялық сипатта болады. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
қабылданатын шешімдер санының көптігі. Жетекші жылына 300-1000 аралығындағы
(кейде одан да көп) бұйрықтарға қол қояды екен;
қабылданатын шешімдердің алдыңғы шешімдермен сабақтаспауы, бұрынғыларды қайталауы;
псевдошешімдердің қабылдануы (мазмұнының шашыраңқылығы, түсініксіздігі). Көптеген шешімдер жалпылама сипатта болады, мысалы, «… көңіл аудару керек», «… арттыру керек», «… тиісті шараны қабылдау керек», «… талапты күшейту керек». шешімдерді дайындау және қабылдау процесінің жеткіліксіз технологияландырылуы;
түрлі проблемалардың ұйымның шағын жүйелеріне ықпалының теңгерімсіздігі;
шешімдерді орындаушылармен келісу процедурасының болмауы;
жұмысты орындау үшін мерзімдерінің дұрыс қойылмауы;
инновациялық шешімдердің төмен деңгейі;
шешімді дайындауда іс жүргізу стандарттарының сақталмауы;
шешім қабылдау үшін ақпаратпен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі;
жүзеге асқан шешімдер тиімділігін бағалау механизмінің жетілмеуі;
шешімдердің эмоция ықпалымен қабылдануы;
жүйелі және кешенді тәсілдерді жоққа шығару;
тәуекел мүмкіндігі мен оның салдарының ескерілмеуі;
шешімнің асығыс қабылдануы, қабылданған нұсқаға экономикалық жағынан терең талдау жасалмауы;
жалған алғышарттарды пайдалану;
шешімдерді компромисс негізінде қабылдау (түрлі көзқарастарды ымыраға келтіру үшін).
Басқару шешімдерін дайындау сапасын жоғарлату мен оны жүзеге асыру нәтижелерінің тиімділігі ұйымдастырушылық қызметке байланысты. Ең алдымен шығармашылық ұжым құру керек. Басшы ұжымның тиімді жұмысы үшін келесідей ынталандырушы жағдайлар қалыптастыруы керек:
басқару шешімдерін дайындау кезінде шығармашылық жағдай жасау;
әзірлеушілерді ақпаратпен толық және уақытында қамтамасыз ету;
заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
ұжымда шешім әзірлеушілермен кәсіби тұрғыдан «ми шабуылын» өткізу және алынған нәтижені тіркеу;
шешілетін тапсырма бойынша кәсіби мамандардың тәжірибесі мен білімдерін қолдану;
басқару шешімдерін дайындау мен жүзеге асыру процесінің барлық кезеңдерін, әсіресе ситуацияны жан-жақтан қарастыру;
субъективизмді және боямашылықты (мезеттік нәтижені) жеңуге ұмтылу;
шешімдерде беделді мамандар мойындаған ұжымның негізгі жетістіктерін (ғылымда, әдіснамада, технологияда) көрсету;
шешімдер мониторингін жүзеге асыру.
Сапалы басқару шешімдерін қабылдау бойынша нұсқаулар ұсынылады:
барлық бөліктерді егжей-тегжейлі қарастырмас бұрыны, проблеманы тұтастай көре білу керек;
барлық мүкін нұсқаларды қарастырмай тұрып, шешім қабылдамаңыз;
күмәнданыңыз. Көпшілікпен мойындалған ақиқаттардың өзі күмән туғызуы керек;
табысқа жету мүмкіндігі тым аз болса да, мәселеге жан-жақты қарап көріңіз;
шешілетін мәселенің мәнін дұрыс түсінуге мүмкіндік беретін модельді немесе аналогияны табыңыз;
мүмкіндігінше көп сұрақ қойыңыз. Дұрыс қойылған сұрақ жауап мазмұнынын түбегейлі өзгертуі мүмкін;
ойыңызға келген, бірінші шешіммен қанағаттанып қалмаңыз. Басқаларын іздестіріңіз. Олардың кемшілік тұстарын анықтаңыз, бір-бірімен салыстырңыз, оңтайлысын таңдаңыз;
соңғы шешімді қабылдамас бұрын өз проблемаңыз туралы біреумен сөйлесіңіз. Басқалардың пікірін тыңдаған дұрыс. Сіз елемеген тұсты басқалар байқауы мүмкін.
Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Шешімдердің сапасына қандай талаптар қойылады?
2. Шешімдердің сапасы қандай көрсеткіштермен бағаланады?
3. Сапалы шешімдерді таңдау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с.
2. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 407 с.
3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
4. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело», 2000. — 392 с.
5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с.
6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с. 7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г.
Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010
9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 176 с.
10. Башкатова Ю.И. Управленческие решения. – Московский международный институт эконометрики, информатики, финансов и права. М., 2003. – 89 с.
11. Практика принятия решений в менеджменте. Методические рекомендации для проведения практических занятий по направлению подготовки 080200 «Менеджмент» / Сост. М. П. Прохорова. – Н.Новгород: Изд-во ВГИПУ, 2011. – 57 с.
12. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. –
176 с.