1. Басқару шешімдерін қабылдау теориясында мақсат пен балама категориялары, олардың өзара байланысы кешенді әрі жүйелі түрде зерттеліп қарастырылады. «Мақсат» және «балама» категориялары өзара байланысты.
Мақсат – қол жеткізілуі тиіс нәтиже нысаны. Балама – мақсатқа қол жеткізу құралы, іс-әрекеттердің нұсқасы. Метамақсат – бұл аралық мақсаттар.
Мақсат пен баламалардың өзара детерминанттылығы (байланыстылығы) төмендегі жағдайлармен анықталады:
мақсатқа қол жеткізу құралдарының біреуі болмаса да, оған қол жеткізу мүмкін
емес;
мақсаттың қандай да бір компонентінің маңыздылығы артса, оған қол жеткізу құралдарын да дамыту қажет;
қысқа мерзімде мақсатқа қол жеткізудің жетіспейтін құралдарының орнын басқа құралдар есебінен толықтыруға болады;
мақсаттар мен құралдар жүйесінің барлық элементтері бірдей, бірақ орын алатын басқару ситуациясына байланысты бұл элементтердің мәні өзгеріп отырады; әр иерархиялық деңгейдің өзінің нақты мақсаттары мен оларға қол жеткізу
құралдары болады, ал метамақсаттар болған жағдайда әр түрлі басқару деңгейіндегі мақсат пен оған қол жеткізу құралдары сәйкес келуі тиіс.
Мақсаттың сапасына белгілі бір талаптар қойылады. Оларға келесілер жатады: кешенділік. Күтілетін нәтижені сипаттағанда проблемалық жағдайдың барлық негізгі тұстары қамтылуы керек. Бұлай болмаған жағдайда қабылданған шешім ұтымды болмайды, оны жүзеге асыру барысында қарама-қайшылықтар туындайды;
жүйелілік. Мақсат ұйымдағы өзге басқару міндеттеріне қайшы келмей, олармен байланыста болу керек;
келісімділік. Мақсаттық жүйе компоненттері өзара бір-біріне қайшы келмеуі тиіс; нақтылық. Мақсат дәл қойылуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу үшін нақты іс-әрекет баламалары болмаса, бұл мақсат жәй ғана иллюзия болып қалады.
Мақсат шектелмеген (бағыт беруші, яғни траекториялық мақсаттар) және шектеулі (нүктелік, нақты мақсаттар) сипатта болуы мүмкін.
Басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру процесі жоспарланған мақсатқа қол жеткізуге бағдарлануы керек. Бұған басқару шешімдерін әзірлеу мен жүзеге асыру барысында кәсіби басқару технологияларын қолдану нәтижесінде қол жеткізіледі. Басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы – бұл басқарушының ұйымның жалпы және негізгі мақсаттарына жету үшін персоналға басқарушылық ықпал ету дағдысы, шеберлігі және өнері. Басқару шешімдерін әзірлеу технологиясы келесі элементтерден тұрады:
ақпаратты жинау, өңдеу әдістері мен құралдары;
персоналға тиімді ықпал ету тәсілдері;
ұйым мен басқарудың қағидалары, заңдары мен заңдылықтары; бақылау жүйелері.
2. Басқару шешімдерін әзірлеу технологиялары құрамына басқару шешімдерін әзірлеудің мақсаттық технологиялары және процестік технологиялар кіреді.
Процестік технологиялар мақсаттық технологияларға қызмет етеді, мақсаттық технологиялардың құралдары болып табылады.
Мақсаттық технология – бұл мақсаттардың жағдайлардан басымдығына негізделген технология. Мақсаттық технологияның негізгі пәні мақсат болып табылады. Мақсат аса ұсақ мақсаттарға (мақсаттар иерархиясы) бөлінуі мүмкін. Мақсаттық технологиялар ынталылықмақсаттық, бағдарламалық-мақсаттық және регламенттік технологиялардан тұрады.
Ынталылық-мақсаттық технология — тапсырмаларды орындау әдістері мен құралдарын көрсетпей, мақсатты ұсынуға (көрсетуге) негізделген технология. Ол ынталы, кәсіби орындаушыға негізделген. Ынталылық-мақсаттық технология бойынша мақсат, оған қол жеткізу мерзімі көрсетіледі, бірақ қол жеткізу механизмі көрсетілмейді. Мақсатқа белгілі бір себептерге байланысты қол жеткізілмеуі мүмкін, белгіленген мерзімде немесе одан бұрын жету мүмкін, белгіленген мерзім шегінен тыс жету мүмкін. Ынталылық-мақсаттық технология қарамағындағылардың, яғни қызметкерлердің ынталы шешімдері үшін үлкен еркіндік береді.
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
ұйым немесе оның бөлімінің қызметкерлерінің штаты 10 адамнан артпауы тиіс;
тапсырманы беру және орындау уақытының арасының ұзақтығы 1 айдан аспауы керек;
персоналдың жоғары кәсібилігі, басшы жағынан оған үлкен сенімділіктің артылуы;
жаңа тауарлар, қызметтер өндірісі, жаңа ақпарат пен білімнің қажеттігі;
ұжымдағы тұрақты бейресми қатынастардың болуы.
Берілген технология үшін ұйымдық қатынастардың сызықтық басқару құрылымы тиімді. Тапсырманы орындау кәсібилігі тапсырманы орындаушының біліктілігімен анықталады, ал басшының біліктілігі екінші рөлге ие. Технология мақсатқа жетуге кепілдік бермейді.
Бағдарламалық-мақсаттық технология бойынша тапсырмаларды орындау құралдары, әдістері, уақыты көрсетіледі, орындау үшін тапсырмалар (мақсаттар, міндеттер) беріледі.
Тапсырманы орындау кәсібилігі басшы біліктілігімен анықталады, ал орындаушы біліктілігі қосалқы рөлге ие. Бағдарламалық-мақсаттық технология, әдетте, мақсатқа жетуге кепілдік береді.
Бағдарламалық-мақсаттық технологияны қолдану келесі негізгі нәтижеге алып келуі мүмкін:
метамақсаттан аз ауытқулар орын алған жағдайда белгіленген мерзімде мақсатқа жету; метамақсаттан айтарлықтай ауытқулар орын алған жағдайда белгіленген мерзімде мақсатқа жету;
белгіленген мерзімде мақсатқа тұрақты қол жеткізбеу.
Берілген технология бойынша басшы басқару мақсаттарын, оларды іске асыру құралдарын, әдістерін, мерзімін және процестің аралық мәндерін әзірлейді. Егер қандай да бір белгіленген аралық мәнге (метамақсатқа) қол жеткізілмесе, онда оны орындауға қосымша ресурстар беріледі, егер белгіленген аралық мән жоспарланғаннан асып түссе, онда ресурстар бөлігі басқа қажеттіліктерге ауыстырылады және мақсатқа белгіленген мерзімде қол жеткізіледі.
Бағдарламалық-мақсаттық технология қазіргі білімге, экономикалық-математикалық әдістерге және ақпараттық технологияларға негізделеді.
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
қызметкерлер штаты 1000-1500 адамнан аспауы керек;
тапсырманы беру және орындау уақытының арасының ұзақтығы 1 жылдан аспауы керек;
басқарушылық және өндірістік ресурстардың айқындығы және қол жетімділігі;
басқарушылық және өндірістік еңбектің нақты бөлінуі;
ұзақ уақыт бойы сериялық және жаппай өнім шығару;
типтік процедуралардың, жағдайлар мен шешімдердің көп болуы.
Регламенттік технология бойынша тапсырманы орындаудың әдістері, уақыты, құралдары, олардың мүмкін шектеулері көрсетіледі, орындау үшін тапсырмалар (мақсаттар, міндеттер) беріледі. Бұл технологияда мақсатқа жақындау процесі катаң бақыланып отырады. Тапсырманы орындау кәсібилігі басшының, тапсырма берушінің және орындаушының біліктілігімен анықталады. Бұл технология тапсырманы орындау процесінің оң өзгерісіне қатаң бақылау жүргізумен ерекшеленеді.
Регламенттік технология келесі нәтижеге алып келуі мүмкін:
мақсатты орындау процесінде елеулі оң нәтижелерге қол жеткізу;
белгіленген уақыт бойы айтарлықтай маңызды оң нәтижелердің болмауы.
Регламенттік технология бойынша басшы басқарудың соңғы мақсатын анықтайды және әртүрлі ресурстардың (материалдық, адам, қаржылық және т.б.) шектеулігі жағдайында стратегия әзірлейді. Мұнда мақсатқа міндетті түрде қол жеткізіледі. Мақсатқа жетуге қатаң бақылау нәтижесінде ғана кепілдік беріледі.
Берілген технологияны қолданудың негізгі шарттары:
мақсатты орындауға тартылған орындаушылар штаты 10 мың адамнан кем болмауы керек;
мақсатты немесе оны құрайтын міндеттерді орындау уақыты нақты белгіленуі керек;
ресурстардың (қаржылық, технологиялық, шикізаттық және т.б.) шектеулігі;
әзірлемелердің инновациялық және ұзақ мерзімді сипаты;
мақсатқа жетудің болжамды уақыты – 1 жылдан артық болуы керек.
Берілген технология статистикалық әдістерге, белгісіздік жағдайында шешімдерді әзірлеу теориясына негізделген. Бұл технология бойынша басқарудың құрылымдары сызықтық-функционалдық, өнімдік және тұтынушыға бағдарланған болып табылады.
3. Мақсатқа қол жеткізудің баламалары – бұл іс-әрекет нұсқаларының сипаттамасы. Мақсатқа қол жеткізу барысында түрлі баламаларды салыстыруға тура келеді. Баламаларды салыстыру үшін олар белгілі бір жүйге келтіріліп, реттелуі тиіс.
Баламаларды реттеу келесі факторларға сүйене отырып жүргізіледі:
— уақыт;
— объектінің сапасы;
— өндіріс ауқымы;
— инфляция;
— өндірістегі объектінің игерілу дәрежесі;
— басқару шешімін қабылдау үшін ақпарат алу әдісі; — объектіні пайдалану жағдайы; — тәуекел мен айқынсыздық.
Балама нұсқалар келесі қасиеттерге ие:
баламалардың салыстырмалығы; баламалардың өзара орын басуы;
баламалардың толыққандылығы.
Баламалардың салыстырмалығын қамтамасыз ету үшін келесі шарттар орындалуы тиіс:
— балама нұсқалар саны кемінде үшеу болуы тиіс;
— балама нұсқаларды қалыптастыру басқару шешімдерінің жоғары сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етуі тиіс;
— уақытты үнемдеу, шешім сапасын арттыру, шығынды азайту мақсатында басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз етудің заманауи техникалық құралдарын кеңінен қолдану керек;
— баламалар бойынша ақпарат алу әдістері бір типті болуы тиіс. Егер бір нұсқа бойынша экстраполяция, екінші нұсқа бойынша эксперттік әдіс, ал үшіншісі бойынша параметрлік әдіс қолданылса, бұл нұсқалар өзара салыстыруға келмейді.
Баламалардың өзара орын басуы , яғни бір мезгілде екі баламаны жүзеге асыру мүмкін емес.
Баламаның толыққандығы, бұл ақпараттарды жинаумен, өңдеумен және олардың жеткілікті болуымен байланысты.
4. Балама нұсқаларды бағалауда көптеген әдістерді қолдану барысында бірқатар проблемалар туындайды. Мәселен, жекелеген критерийлер бойынша баламаны қалай бағалауға болады, осы бағаларды қалай біріктіріп, олардан ортақ баға шығаруға болады, т.с.с.
Шешім қабылдаудың дәстүрлі әдістерін жүргізуге, әдетте, шешім қабылдаушы тұлға, сарапшы және консультант қатысады. Консультанттар критерийлер тізімін әзірлейді (әдетте, басқару шешімін қабылдаушы тұлғамен бірлесе отырып). Әр критерий бойынша баламалар сапасын қалай өлшеуге болатыны анықталады, яғни өлшеу шкаласы құрылады. Әдетте, баллдық шкала құрылады.
Сарапшылар баламаларды әр критерий бойынша шкалаға сәйкес бағалайды. Егер бірнеше сарапшы болса, олардың бағалары біріктіріледі. Әр критерий бойынша баға алынғаннан кейін баламалардың құндылығының жалпы бағасы анықталады. Бұл кезде, көбінесе, формулалар қолданылады. Көп баламалар мен критерийлер болса, ЭЕМ қолданылуы мүм кін. ЭЕМ-на формула енгізіледі.
Баламаларды көп критерийлі бағалау әдістері:
1) тікелей әдістер. Баламаның жалпы пайдалылығының жеке критерийлер бойынша бағасынан тәуелділігі алдын-ала белгілі болады. Мыс., «шешімдер ағашы» әдісі. Бұл әдісте балама нұсқаның жүзеге асу ықтималдығы есептеледі және ол нұсқаның ақшалай түрдегі құндылығына көбейтіледі;
2) компенсациялау әдісі. Бұл әдісте әр баламаның артықшылықтары мен кемшіліктері жазылады. Бірнеше баламаны қатар алып, олардың ұқсас артықшылықтар мен кемшіліктері жұп-жұбымен сызылып тасталады. Ал қалған ерекшеліктеріне талдау жасалады. 3) адам-машина әдісі. Проблема туралы ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда ЭЕМ қолданылады.
Бұл әдістер жалпылама алынған. Олардың құрамында бізге танымал басқару щешімдерінің әдістері қамтылады. Мысалы, эксперименталдық, аналогиялық (бұрынғы тәжірибе ескерілетін), эксперттік, сценарий әдісі, «ми шабуылы» т.б. көптеген әдістер. Студенттің өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Мақсаттың кешенділігі деген ұғымды қалай түсінесіз?
2. Мақсатта үйлесімділіктің болуы не үшін қажет?
3. Баламаларды қандай критерийлер бойынша салыстыруға болады?
4. Баламаларды бағалаудың әдістеріне тоқталыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Юкаева В.С. Принятие управленческих решений: Учебник/ В.С. Юкаева, Е.В. Зубарева, В.В. Чувикова. — М.: Дашков и К, 2011. — 324 с.
2. Карданская Н.Л. Принятие управленческого решения: Учебник/ Н.Л. Карданская. — М.: ЮНИТИ, 1999. — 407 с.
3. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений/ О.И. Ларичев. — М.: Логос, 2000. — 294 с.
4. Литвак Б.Г. Разработка управленческого решения: Учебник/ Б.Г. Литвак. — М.: «Дело», 2000. — 392 с.
5. Смирнов Э.А. Разработка управленческих решений: Учебник/ Э.А. Смирнов. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002. — 271 с.
6. Саак А. Э. Разработка управленческого решения: учебник по спец. «Государственное и муниципальное управление» / А. Э. Саак, В. Н. Тюшняков. — СПб.: Питер, 2007. — 272 с. 7. Разработка управленческих решений : учеб.-метод. комплекс для студентов специальности 080504 «Государственное и муниципальное управление»/ Сост.: Ф. Г. Давлятова – Уфа : РИО БАГСУ, 2008. — 77 c.
8. Учебно-методический комплекс по дисциплине «Управленческие решения» для студентов специальности 080507.65 «Менеджмент организации». – Самара: Изд-во: СИБиУ, 2010 9. Пирогова Е.В. Управленческие решения:Учебное пособие.- Ульяновск: УлГТУ, 2010. – 176 с.
10. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. — М.: Гардарики, 2000. — 296 с.
11. Виханский О.С. Стратегическое управление: Учебник/ О.С. Виханский. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Гардарика, 1998. — 296 с.