АТЛАС ТАУЛАРЫ — Африканың солт.-батысындағы тау жүйесі. Атлас таулары Жерорта теңізіжағалауындағы Алжир, Марокко, Тунисмемлекеттері аумағында орналасқан. Ол оңттүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 2000 км-ге созылып, бір-біріне параллель жатқан бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Солтүстігіндегі Эр-Риф және Тель-Атлас жоталары неогендегі альпілік қатпарлану кезінде көтерілген. Тау жүйесінің қалған бөлігі палеогон және неоген дәуірлеріндегі жаңа тектоник. қозғалыстар әсерінен әр түрлі дәрежедегі көтерілуге және майысуға ұшырап, күрделі құрылымды жер бедері пішіндері қалыптасқан. Атлас тауларының ең биік нүктесі — Тубкаль тауы (4165 м). Орташа ауа температурасы қыс айында 10–13°С, жазда 26–28°С. Жылдық жауын-шашын мөлшерінің ең жоғарғы көрсеткіші 1800 мм, (Үлкен Кабилия массиві) және ол оңт-ке қарай 400 мм-ге дейін азаяды. Таулар Азор максимумының ықпалы салдарынан ыстық әрі құрғақ болады. Өзендері негізінен жаңбыр суымен толығады, қыста суы мол болады, көпшілігі жазда құрғап жатады. Ірі өзендері — уэд Шелиф және уэд Мулия. Эр-Риф пен Телль-Атлас тауларының 1200-1300 м биіктігінде мәңгі жасыл орман өскен, одан әрі 1700 м дейін аралас орман, 2200 м биіктікке дейін қылқанды орман, (Атлас самырсыны) төменгі сатыда каштан, жабайы алмұрт, жабайы жүзім, ломонос лианасы өседі. Одан да биікте аласа аршалы бұталар мен жалаңаш жартастар кездеседі. Жануарлар дүниесі адам әрекеті салдарынан өте жұтаңдаған.