Жоспар:
- Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивті және интенсивті даму жолдары
- Өсімдік шаруашылығы
- Техникалық дақылдар
4 Мал шаруашылығы. 1.Ауылшаруашылығының тарихи-географиялық даму кезеңдерінде оның табиғи ортаға әсері, ғылыми — техникалық — әлеуметтік – экономикалық бірнеше сатыдан өткені байқалады. Әрбір сатыда еңбек бөлісуінің тауарлылығының жоғарлауына техникалық және энергетикалық деңгейінің өсуіне байланысты, агроценоздағы зат айналысы қарқындап, еңбек өнімділігі артып, жерді пайдалану өзгерді. Ғылыми тұрғыдан алғанда егіншілік жүйесінің дамуы, әсіресе үш танапты, кейіннен кең көлемді ауыспалы егістіктерге ауысуы өның өнімділігін жоғарылатты. Әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі заңдылықтардың бірі-бұл ауылшаруашылығындағы еңбеккерлердің үлесінің шамамен 2-3 % болуы. Активті тұрғындардың 47 % ауылшаруашылығында еңбек етсе, осы көрсеткіш АҚШ,Англия, Германия, Франция сиақты дамыған елдерде 2-3 %, ал қалған дамушы елдерде тұрғындардың 60-76 % ауыл шаруашылығында еңбек етеді.Жалпы алғанда ауылшаруашылығы материалды өндірістің басқа салаларымен салыстырғанда кешеуілдеп қалған, себебі еңбек өнімділігі төмен, әлемдік жалпы ішкі өнімнің тек 10 % ауылшаруашылығы береді.
Ауылшаруашылығының дамуының бірнеше сатылы кезеңдерден өтті.
- шамамен 10 мың жыл бұрын ежелгі адамдар табиғаттан жинаудан мәдени егіншілікке өткенде болды.
- екінші кезеңнің жетістігі ретінде біздің дәуірдің басында соқаның пайда болуы.
-үшінші кезеңде, 18-19 ғасырда Еуропада ауыспалы егістіктерді енгізу. - төртінші 1930 жылдардан бастап трактор, комбайн сиақты техникалық құрал жабдықтардың пайда болып, олардың көбеюі.Нәтижесінде ауылшаруашылығында индустриалды кезең басталды. Сонымен бірге 1950-1960 жылдары егіншілікте тыңайтқыштар, мәдени дақылдардың жаңа сорттарын қолданудың негізінде ауылшаруашылығының интенситвті кезеңі басталды. 20 ғасырдың аяғында ауыл шаруашылығында ҒТР-дің жаңа бағыттары, әсіресе биотехнологиялық жаңалықтардың нәтижелері өндіріске енгізіле басталды. Сонмен бірге ҒТР ауышларуашылығына жанама әсері де елеулі деңгейде болды.Мысалы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық талаптар, транспорттық инфрақұрылымның дамуы. Европада, Солтүстік Америкада экологиялық таза өнім өндіретін агроөнеркәсіптердің қалыптасуына себепші болды. Өз кезегінде агроөнеркәсіп кешені үш саладан тұрады.
- Ауылшаруашылығы үшін химиялық заттар, тұқым, құрал –жабдықтар жасау, өндіру салалары.
- Ауылшаруашылығы
-Өнімді тасымалдау, өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар.
Ауылшаруашылығында өнім өндіру көлемін ұлғайтудың келесідей бағыттары бар. - экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
- интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледін.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.
Ауылшаруашылығында негізгі өндіріс құралы жер болған себепті және тұрғындардың әлеуметтік құрылымына байланысты бір мемлекеттің өзінде әлеуметтік-өндірістік белгілері бойынша өзгешеленетін ауыл шаруашылығы аудандарын бөлуге болады. Соған байланысты көптеген ғалымдар ауыл шаруашылығын аудандасуына тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты бірнеше типтерген бөлген. Біздің елімізде А.Н.Ракитниковтың ұсынған типологиясы қолданылады. Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгелі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы, тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі. Бір немесе бірнеше типтер таралған кең ареалдарды ауылшаруашылығы аудандары деп атайды. Жалпы ауылшаруашылығы географиясы өнеркәсіппен салыстарғанда баяу өзгеретін тұрақты сала. Соңғы уақытта әрбір табиғи аймақта өзімдік маманданған аграрлық өндірістер қалыптасқан. Соған байланысты қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының негізгі келесідей әлеуметтік – типтік топтары бар. - дәстүрлі өнімін өзі тұтынатын немесе жартылай тұтынатын шаруашылық.
- дәстүрлі жартылыай тауарлы латифундистік- қожалықтық шаруашылықтар.
- нарықтық –тауарлы іскерліктік шаруашылықтар.
- мемлекеттік бірлестіктік шаруашылықтар.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде тауарлы іскерліктік шаруашылықтар көп дамыған, ал дамушы елдерде дәстүрлі шаруашылықтар мен нарықтық- тауарлы іскерлікті шаруашылықтар дамыған.
Ауыл шаруашылығының аумақтық-өндірістік бірлігі – бұл шаруа қожалығы немесе кәсіпорын, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, көбінесе өндірілген жалпы тауарлы өнімнің көлемі мен бірге жер көлеміне байланысты да анықталады. Осы көрсеткіш Австралиядағы шаруа қожалығының жер көлемі бойынша 1,5 мың гектар болса, АҚШ пен Канадада 200 гектар, Еуропада 17 гектар, Жапонияда шамамен 2 гектар.
2 Өсімдік шаруашылығы
Дәнді дақылдар. Дүниежүзілік егін шаруашылығының ең маңызды саласы – дәнді дақылдарды өсіру. Дәнді дақылдар барлық егістік жерлердің жартысын алады. Дәнді дақылдар әр түрлі мақсатта қолданылады, яғни тамақ және мал азығы ретінде 75% -ға дейін қолданылса, керісінше, дамушы елдерде 90% -ға дейін азық-түлік ретінде қолданылады. 1950 жылдары жерді жырту кезінде КСРО-да дәнді дақылдарды егу қарқынды түрде жүрді. «Жасыл революция» 60-80 жылдары Латын Америкасында және Азияда дәнді дақыл өнімдерді жоғарғы сапасына зор әсерін тигізді. 30 жыл ішінде дәнді дақылдың өнімділігі 18-ден 29 ц/га дейін өсті. КСРО-ның құлауынан кейін ТМД елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің құлдырауы дәнді дақылдардан да көрініс тапты. Керісінше бағыт Қытайда байқалды, яғни дәнді дақылдардың өнімділігінің артуы және жоғары сапалы түрді енгізу.
Дәнді дақылдардың дүние жүзілік географиясы өзгерді. Дәнді дақылдарды жинау бойынша алғашқы орында – Азия, екінші орында Солтүстік Америка. дүниежүзілік өнімнің 1/5-ін береді.
Дәнді дақылдардың жиналу қоры халықтың жан басына шаққандағы үлесі мал шаруашылығының өнімі және азық-түлікпен мемлекетті қамтамасыз ете алумен анықталады. Дүние жүзінде халық санының өсуіне байланысты бір адамға шаққандағы өнім 392 кг-нан 336 кг-ға дейін азайды.Дүние жүзінде дәнді дақылдарға бидай, күріш, жүгері, арпа, сұлы, тары, қара бидай жатады.Дәнді дақылдардың тауарлылығы және экспортқа шығарылуы әр түрлі ең жоғары көлемде экспортқа бидай шығарылды, кейінгі орындарда күріш, тары, астық тұқымдас өсімдіктер. Дүние жүзі дәнді дақылдар рыногында ең басты тауар – бидай, жүгері және күріш. Бидай – шамамен алғанда адам баласының жартысының басты азығы. Қара топырақты жерде жақсы өнім береді. Бидай өсіру қоңыржай белдеудің дала және орманды дала зонасының табиғи климаттық жағдайы қолайлы болып келеді.
Бидай өнімдерінің тауарлы аудандары негізінен қоңыржай белдеудің дала және орманды дала зонасында таралған. Қысы суық, климаты континентті болып келетін аудандарында, яғни /Канаданың далалық провинциясы, Ресейдің азиялық бөлігі, Солтүстік Қазақстан, Монғолия және т.б./ жаздық бидай керісінше климаты қоңыржай континетті аудандарда, яғни қысы жылы /ҚАШ, Батыс және Шығыс Европа т.б./ күздік бидай өсіріледі. Академик Н.И.Вавилов /1887-1943 ж/ бұл дақылдың шыққан ошағы Алдыңғы Азия мен Жерорта теңізі аймағы деп анықтағанын білеміз. Бұл жерлерде ол бірте-бірте дүние жүзіне тараған. Қазіргі кезде дүниежүзілік бидай егісі адам мекендейтін барлық континеттерді қамтиды. Бидайдың бас белдеуі солтүстік жарты шарда өседі, Оңтүстік жарты шардағылардың көлемі шағынырақ. Жыл ішінде жер шарының қандай болсын бір бөлігінде бұл дақыл жиналмайтын бірде-бір ай жоқ.
Дәнді дақылдардың ішінде бидайдың алып жатқан ауданы /228 млн.га/, өнімділігі бойынша – 599 млн қазіргі кезде бұл астық дүниежүзілік рынокта 1-орында.
1990 жылдың басына дейін КСРО мемлекеті бидай өнімін жинау бойынша 1-орынды алса, ал қазіргі кезде Қытай мемлекеті. Бұл мемлекетте астықты жинау 5 есеге, яғни 115 млн.т жетті. Соңғы жылдары АҚШ-да бидай өнімін жинау /60 млн.т/ қалыпты жағдайға жетті, керісінше «Жасыл революцияның» әсері Үндістанда айрықша байқалды, қазіргі кезде бидай өнімін 10 есеге көтеріп, 3-орында.
Бүкіл континеттің дала зонасында бидай өнімін егу ХІХ ғ. қалыптасты. Бидай егу барысында топырақ құнарлы болса, тыңайтқыш аз себіледі.
Жиналған бидайдың 1/5 бөлігі дүниежүзілік рынокқа түседі. Негізгі экспортерлер – Солтүстік Америка /АҚШ, Канада/, Оңтүстік Еуропа /Франция, Импортерлар –ҚХР, Жапония, Бразилия, Корея Республикасы, Алжир, Ресей және де дамушы елдер/.
Дүние жүзінде астықты көп өндіретін – Қытай /100 млн. т. Дейін/
Бидай 70-ке тарта елде өсіріледі, бірақ оның жалпы өнімінің басым бөлігі тек бірнеше елге тиеді. АҚШ-та, Канада да, Австралияда, сондай-ақ Ресейде, Қазақстанда, Украинада дүниежүзілік басты астықты өңір – бидай шаруашылығына маманданған ауылдар қалыптасқан. Аса ірі астықты өлкелердің бірі – сотүстігінде Канаданың далалық провинцияларымен шектелетін АҚШ-тың Орталық жазықтары. Бұлар ХХ ғасырдың басындағы «астық науқаны» кезінде жыртылып тасталған шексіз алқаптар. Мұнда көбінесе жоғары сапалы нан пісіруге лайықты қасиеттерімен көзге түсетін қатты бидай өсіріледі. Виннипег қаласын Канаданың «бидай астанасы» деп атайды.
Күріш-муссондық климаттың негізгі дақылы, ол әр кезде дерлік қолдан суарылып өсіріледі. Бұл дақылдың түрі б.э.д. ҮІ ғасырда Қытайда өсірілген. Ал Үндістан мен Африкада б.э.д. ІІ ғ, Европада б.э.д. ҮІІ ғ пайда болған. Ұлы географиялық ашылулар кезінде күріш Америкаға таралған. Қазіргі кезде егістік алқаптары 151 млн. /га жерді алып жатыр.
Өнімнің жоғары кезде орташа 38 ц/га жерден 578 млн. т өнім алады. Азия елдерінде әлемдік күріш жинаудың 9/10 –ы, ал қалған бөлігі Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Африкаға келеді. Күріш шаруашылығымен Европа және Австралия айланысады. Дәстүрлі күріш өндіруші елдер ҚХР /198 млн. т/ яғни әлемдік өнімнің 1-3-і, Үндістан 121 млн. т, сондай-ақ Индонезия, Бангладий, Вьетнам, Тайланд, Мьянма Ірі күріш өнімдерін жинаушылар Жапония, АҚШ, Бразилия мемлекеттері.
Оңтүстік Шығыс және Оңтүстік Азияда суармалы күріш өнімдерінің ұзақ тауарлы аупринтенсивті спецификалық типі қалыптасып, дами бастады.
АҚШ-ң оңтүстігінде және де Францияның оңтүстігінде ірі тауарлы жоғары интенсивті механикаландырылған шаруашылық типі қалыптасқан.
Импорттаушылар – Азия елдері /Индонезия, Филиппин, ҚХР, Сауд Аравиясы, БАЭ/ Латын Америкасында /Бразилия, Куба/ және де Африкада /ОАР/ Күріш экспорттаушылар – Тайланд, АҚШ жоғары экспорттаушылығымен ерекшеленеді. АҚШ-ы өзінің жарты өнімінің сыртқа шығарады. Соңғы жылдары күрішті Үндістан, Пәкістан, Вьетнам және де ҚХР экспорттайды.
Жүгері – жылу сүйгіш өсімдік. /Температуралық мөлшері 2100-29000С/, топырақтың құнарлылығын қажет етеді. Астық дақылдары ішінде әлемдік сауда да 2-ші орынды алады және де өнімділігінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Жүгерінің отаны – Америка.
Жүгері тамақ және мал азықтық дақылы ретінде қолданылады. Мал шаруашылығы дамыған елдерде жүгері алқабына біршама жер бөлінеді.
Соңғы 50 жылдарда жүгері алқаптары ½ -ге өсті, оған себеп, жоғары өнімділік /4 есе өскен/ 1990 жылдары жүгері әлемдегі астық дақылдарының ішінде 2-сі болды. Егістік алқабы 140 млн. га жер. Өнімділігі 42 ц/га болғанда 592 млн. т. өнім береді. Жүгері дақылы Солтүстік Америкада шоғырланған, бірақ қазіргі кезде оның концентрация деңгейі төмендеуде /1949-1951 жж. 3/5 және 1993-1995 жж. әлемдік өнімнің 2/5-і /. Жүгерінің 2-ші басты ауданы Азия, оның үлес салмағы 1/10 –дан әлемдік жүгері жинаудың ¼ көтеріледі.
Табиғат және экономикалық жағдайдың қолайлы болуына қарай жүгеріні басты өндіруші және экспорттаушы болуына қарай, жүгеріні басты өндіруші және экспорттаушы болуына үлесі қазіргі кезде төмендеуде, әлемдік жүгері жинақтаудың 40 пайызы, бұл дақылды экспорттаудың 78 пайызы үлесіне келеді.
Әлемдік жүгері өндірісінің біршама бөлігі жылына 450-500 млн. т Солтүстік және Латын Америкасына /АҚШ, Мексика, Бразилия, Аргентина/ және Қытайдың үлесіне келеді. Басқа да ірі өндірушілер Қытай, Бразилия, Мексика, Франция. Осы кезеңдерде АҚШ-да 3 есе, Бразилия 5 есе, Қытайда 10 есеге жүгері жинау өсті. АҚШ-ынан басқа халықаралық рынокқа жүгері шығаратындар Аргентина, ал өндірісінің көлемі бойынша Қытай ерекшеленеді. Оның үлесіне әлемдік жүгері жинаудың 1/5 бөлігі келеді.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету мен негізгі базаны нығайту мақсатында жүгеріні көптеген Европа елдерінде /Франция, Венгрия, Румыния, Молдовия, Украина, Ресей және т.б/ және де Африка мемлекетінде /ОАР, Кения, Ангола, Мозамбин, Молави және т.б/ өсіріледі.
Бразилияда жүгері жинаудың өсуін техникалық спирт өндірісі үшін – этанол 1970 жылы энергетикалық дағдарыс кезінде өте ауқымды болып табылады. Бірақ, жүгері өндірісін экспортқа шығару көлемі жоғары емес /әлемдік жүгері жинаудың өндірісін жинаудың 12 %/. Негізгі жүгері сатып алушылар – Жапония, Корея республикасы, ҚХР, Малайзия, Ұлыбритания, Бельгия/. Осы уақытқа дейін жүгеріні импорттаушы Ресей болып табылады.
Тары және астық тұқымдас өсімдік – жылу сүйгіш және құрғақшылыққа шыдамды. Тары – Солтүстік Африкадан шыққан өсімдік, ертеректе Африка мен Азияның бөліктерінде таралған. 20 ғ. ол Жаңа дүниеге ауысты, одан 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-ң маңызды дақылдарының қатарына енді. Астық тұқымдас – ол ежелгі азиаттық өсімдік дақылы. Ол адам және мал азығы ретінде қолданылады. Оның алқаптары Азия мен Африкада шоғырланған. Астық тұқымдас дақылды ҚХР-да, Үндістанда, ТМД елдерінде, Латын Америкасы мен Африка мемлекеттерінде субтропикалық және тропикалық климат обьлыстарында өсіреді. АҚШ-та әлемдік өнімдердің ¼ бөлігі, Азияның /Үндістан мен Қытай/ және Африканың далалы, жартылай шөлді аудандарында өсіріледі. Соңғы 15 жылда бұл астықты егу алқаптары қысқаруда және өнімділік деңгейі төмендеуде. 1990 жылдың ортасында тары мен астық тұқымдас өсімдік 83 млн. га жерді алып жатса, жыл сайын 95 млн.т өнім береді, орташа өнімділіктен 11,2 ц/га құрайды.
Арпа — әлемдік дақылдардың ішінде жүгеріден кейінгі 2-ші орынды алады. Арпа концентрацияланған азық ретінде сыра қайнатуда және азық түлік өндірісінде қолданылады. Бұл өсімдік топырақтың құнарлылығын қажет етеді, бірақ жылу мен ылғалды әр түрлі қабылдауына қарай географиялық таралуы өте ауқымды. Соңғы жарты ғасырда егу алқаптары 2/5-ке, ал өнімді жинау 3 есеге өсті. 1900 жылы 64 млн. га жерге егілген арпадан өнімділігі 23 ц/га орташа жылдық жинаудың 150 млн.т өнімін берді. Осыған байланысты әлем аумақтарындағы өнімді жинау біршама өзгерді. Яғни алдыңғы қатарлы Шығыс Европаның үлесі төмендеп, ал Батыс Европа 1-ші орынға шықты /36%/.
1900 жылға дейін арпа өнімін өндіруде КСРО 1-ші орында болды. КСРО құлағаннан кейін Ресей 1-ші орынды сақтап қалды. Ірі арпа өндірушілер қатарына Канада, Украина, ФРГ сондай-ақ АҚШ, Франция, Испания, Турция жатады.
Сұлы — әлемде азық дақылының маңыздылығы бойынша 3-ші орынды алады, бірақ жылқы басы санының азаюына және механизациялануына байланысты оның рөлі тез төмендеді. 1949 жылдан бастап егу алқаптары /16 млн.га дейін/ және жинау /30 млн.т дейін/ 2 есеге қысқарды. Өнімділік 19ц/га.
Сұлы – қоңыржай белдеудің өсімдігі. Жылу мен ылғалды қажет етеді, бірақ әр түрлі топырақта өседі. Сұлының географиясы өзгеру үстінде: Шығыс Европаның үлес салмағы жоғарылағанда, Солтүстік Американың үлесі бірден төмендеді, ол қазір әлемдік өнім жинаудың ½ бөлігін береді. Ресей сұлы өндіруде көшбасшылықты сақтап қалуда. АҚШ соғыс жылдарынан кейін 1-ші орында болса, кейін 2-ші орынға алмасты. Ал 1990 жылы өз орнын Канадаға берді. Ірі арпа өндіруші елдер – Польша, ФРГ және Австралия.
Қара бидай – қоңыржай белдеудің орман зонасында құнарлы қара топырақта өседі. Алдыңғы Азия өсімдігі. Қазіргі кезде орталық және шығыс Европада нан пісіруге, сондай-ақ техникалық, азықтық дақыл ретінде өсіріледі. Соңғы 50 жылда қара бидайдың егістік алқабы 4 есеге /11 млн. га.дейін/ өнімді жинау 2/5 –ге /23 млн. т дейін/ әлемдік өнімділіктің жоғарылауына қарамастан 1998-2000 ж. орташа 25 ц/ га –ға қысқарды. Дәстүрлі өндіруші Ресей қара бидайдың әлемдік өнімінің ¼ -ін өсіреді. Польша, ФРГ және Белоруссия өнімінің біршама бөлігін жинайды. Қара бидайдың географиялық концентрациясы жоғары, өнімнің қалыпты бөлігін Солтүстік Америка /Канада, АҚШ/ Азия елдерінің /ҚХР, Қазақстан/ шаруашылық ұжымдары береді.
Техникалық дақылдар.Адамдарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдардан басқа майлы, түйнек жемісті, қант, талшықты дақылдар, сергіткіш, көкөніс-жеміс дақылдары да кеңінен пайдаланылады. Дәнді дақылдармен салыстырғанда олар, әдетте, еңбекті көп қажет етеді.
Майлы дақылдардың құрамында бұршақ тұқымдас дақылдар, қыша, арахис, зәйтүн, күнбағыс, майлы пальма ағашы кіреді.
Бұршақ тұқымдас дақылдар ХХ ғ. 2-ші жартысында қарқынды түрде өндірілді. Бұл Қытай елінен енген дақыл жоғары ақуызды концентратталған азық ретінде қолданылады. 50 жыл ішінде егістік алқабы 4 есеге, өнімді жинау 9 есеге өсті. Жылдық өнім жинау 144 млн.т, ал егістік алқабы 66 млн. га-ға жетті. Бұршақ – климаты ылғалды субтропиктік өсімдік, құнарлы топырақты қажет етеді. Қазіргі кезде бұршақты азық-түлік, жем және техникалық дақылдар ретінде қолданылады.
Бұршақтың таралу ареалы қатты өзгерді. Егер алғашқы соғыс жылдарынан кейін дақылды көп мөлшерде жинау Азияның үлесіне тисе, кейін 1970 жылдардан бастап Солтүстік Америка алдыңғы қатарға шықты. Солтүстік Америка әлемдік өнімнің ¾-ін берді. Бірақ қазіргі кезде Солтүстік Американың ролі төмендеп, ал Оңтүстік Американың деңгейі көтерілді. Солтүстік Америка жиналған өнімнің жартысын, 1/3-ін , ал Азия 1/5-ін берді.
Дамыған елдердің сұранысы артқан сайын бұршақ дүниежүзілік рынокқа қажет тауардың бірі болды.
Өнімнің ¼-і экспортқа шығарылды. Басты өндіруші және экспортқа шығарушы – АҚШ. АҚШ жылына 70 млн.т бұршақ өнімін жинайды және 2/3-і бөлігін экспортқа шығарады.Бұршақ өнімін экспортқа шығару жөнінен Бразилия 2-орында.
Жаңа сортты енгізуге байланысты қышаны тамақ өнеркәсібінде қолдану аясы біршама жоғары. Бұл Азиялық өсімдік Солтүстік Америка мен Европада таралған. Жылдық өнімнің мөлшері 33 млн.т. Өнімнің ¼-бөлігін ҚХР, 1/5 Үндістан береді. Рапстың егістік алқабының кеңеюіне байланысты. Бразилия қазіргі кезде бірінші орында. /Әлемдік өнім жинаудың 1/5-ін берді/. Ірі қыша өндірушілер — Франция, Ұлыбритания және ФРГ.
Түйнек жемісті дақылдар. Азық дақылдың бұл тобы барлық елдерде үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, түйнек жеміс – картоп /Ирлан/, тәттә картоп /бостат/, қант қызылшасы. Олар қоңыржай белдеуде өсіріледі. Түйнек жемістердің өнімін жинақтауға бір жылдық көрсеткіш 638 млн.т болды. Соның ішінде Азия әлемдік өнім жинаудың 2/5 –ін , Қытай ¼-ін , Африка 1/5-ін береді. Көп мөлшерде өнімді ТМД, Бразилия, Үндістан, Польша, АҚШ және Заир алады.
Картоп – топырақ таңдайтын, қоңыржай белдеуде өсетін оңтүстік Америкалық дақыл. Тамақ өнеркәсібінде спирт және крахмал алуда, сонымен қатар жем ретінде кеңінен қолданылады.Елу жыл ішінде өнім көлемінің өсуіне байланысты әлемдік өнім жинау 289 млн.т-ға дейін өсті.
Картоп өнімінің таралуы ХХ ғасырда күрт өзгерді. Егер алғашқы соғыстан кейінгі уақытта Шығыс Европа және КСРО елдері әлемдік өнім жинаудың ½-ін берсе, бұл жылдары ¼-ге дейін төмендеді. Сол уақытта Азия әлемдік өнім жинаудың 6-30 % берді. Ал Батыс Европа өнімінің 1/5-1/3 бөлігін жинауда және бұл елдерде каортоп жем мен техникалық дақыл ретінде қолданылды.
1990 жылы ең ірі картоп өндірушілер Ресей, Польша, Қытай болды, кейінірек Қытай алдыңғы орынға шықты. Ірі картоп өсіру АҚШ-да Үндістанда. Жан басына шаққанда кортоппен қамтамасыз етілу Белоруссияда /931 кг%/ және Польшада. Ең негізгі экспортерлар Батыс Европаның және Солтүстік Американың дамыған елдері болып табылады, яғни Нидерланды, Франция, ФРГ, Канада.
Адамдардың азығында қантты дақылдар үлкен орын алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 млн.т-дан астам қант өндіріледі. Оның 60%-ы қант құрамынан 40% қант қызылшасынан алынады.
Қант қызылшасы – құнарлы топырақты қажет ететін, Жерорта теңіздерін жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Қант алуға және азықтық дақыл ретінде қолданылады. Бұл дақылды егу негізінен қоңыржай белдеулерде таралған, яғни Европа және ТМД елдерінде. 1900 ж. басында қант қызылшасын егу 7-млн-га жерді алды. Үнемі өнімділіктің жоғары болуына байланысты /орташа 364 ц/га/ қант қызылшасын жинау үш есеге өсті.
Негізгі қызылша егу аудандары Шығыс және Батыс Европа. Олардың әрқайсысы әлемдік өнімнің 2/5-ін берді. Жарты ғасыр ішінде қызылша өндірісі Азияда көбейді, оның мөлшері – 2-19 %-ға өсті.
Ұзақ уақыт бойы қант қызылшасын өндіруде алдыңғы қатарда КСРО яғни Украина және Ресей мемлекеттері болды. Соңғы 10 жыл ішінде бұрынғы КСРО мелекеттері өнім жинаудан төмендеді, бірақ Украина -1-орынды сақтап қалып, /30 млн.т/ кейін төртінші орынға түсті. Ресей тек 5-орында. Екінші орынға, кейінірек бірінші орынға Франция шықты. 3-орында ФРГ, екінші орында АҚШ.
Қант құрағы. Оңтүстік Азиядан шыққан тропикалық және субтропикалық зонаның көпжылдық шөптесін өсімдігі. Қант құрағы – Америкада, тропиктік және субтропиктік климатты аудандарда көп өсіріледі.
1949-1999 жж қант құрағын жинау 2 есеге өсті. Ал плантация ауданы 19 млн.га жетті. Қант құрағы дүниежүзілік қанттың 1/5-ін береді. Қазіргі кезде қант құрағын жинау бойынша 1-орында Бразилия, 2-орында Үндістан, 3-орында Қытай. Ары қарай Таиланд, Пәкістан, Мексика және Куба.
Талшықты дақылдардан ең маңыздысы мақта, лен, джут, сизаль. Бұл дақылдардың маңыздылығы ХХ ғ. төмендеді. Оған себеп синтетикалық және жасанды талшықтардың бәсекелестігі.
Мақта – бұл құнарлы топырақты қажет ететін, қоңыржай белдеудің жылу және ылғал сүйгіш өсімдігі. Май алу үшін мақта – спрецтің ішінде 2/5-і талшық, 3/5 ұрық болады.
Мақтаны қолдан суарылатын жерге өсіреді. Соңғы жарты ғасырда мақта өсіру екі есеге өсті /19 млн.т. дейін/. Оған себеп өнімнің жоғары сапалылығы. Мақтаның орналасу географиясы өзгерді. Егер соғыстан кейінгі жылдары әлемдік өнім жинаудың 2/1 бөлігін Солтүстік Америка, ал Азия 1/5-ін берсе, кейін 90 жылдарға қарай Азия өнімнің 3/5 бөлігін, керісінше Солтүстік Америка 1/5 –ін береді.
Мақтаны жоғары дәрежеде экспортқа шығарады /33%/. Негізгі экспорттаушылар АҚШ /әлемдік экспорттың ¼-і/. Екінші ірі жабдықтаушы — Өзбекстан. Содан кейін Түрмения және Австралия. Дәстүрлі ұзынталшықты мақта өнімі Египедте өндірілуде. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі 20 млн.т. құрайды. Мақта егісінің көлемі және мақта жинау жөнінен бірінші орынды мақта өсірудің ежелгі ауданы – Азия елдері, екінші орынды – Америка елдері, үшінші орынды – Африка елдері алады.
Табиғи каучук өндіру өте күшті шоғырланумен ерекше көзге түседі. Соңғы 50 жыл ішінде каучук өніміне деген мұраныс 3 есеге өскен /6,7 млн.т/. Табиғи каучуктың таралу географиясы аз өзгерген. Азия елдері табиғи каучуктың 9/10-ын береді, яғни 85%-ы, әсіресе Малайзия, Индонезия және Тайланд. Қалған өнім Африкада, Оңтүстік Америкада өсіріледі.
Басқа талшықты дақылдар – зығырдың және джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүниежүзілік зығыр өндірудің ¾-не жуығы Ресей мен Беларусьқа, джут өндіруден — Бангладешке тиеді. зығыр
Мақта, джут, табиғи каучук – дүниежүзілік сауданың маңызды тауарлары. Есірткі заттар мен контрабандалық сауцда жасау өте кең өріс алып барады.
Сергітпе дақылдар ретінде әдетте шай, кофе және какао қолданылады. Олардың бәрі де тропиктерде /шай сонымен бірге субтропиктерде де/ өсіріледі және ареалдары айтарлықтай шектеулі келеді.
Шайдың отаны – Қытай. Ол Еуропаға ХҮІІ ғасырда ғана белгілі болды да, әсіресе оны мұнда үш діңгекті тез жүзетін желкенді кемелермен – шай кемелермен жеткізе бастағаннан кейін кеңінен белгілі болды. Қазір дүние жүзінде жиналатын шайдың шамамен 4/5 Азия елдері, әсіресе Үндістан, Қытай және Шри-Ланка береді. Ал кофе және какао дақылдары уақыт өте келе өз «қоныстарын» өзгерткен. Кофенің отаны – Африка, бірақ қазір оның түсімінің 2/3-ін Латын Америкасы елдері, әсіресе Бразилия мен Колумбия береді. Какао дақылы, керісінше, Америкадан шыққан, бірақ қазір оның негізгі өндірушілер Африканың Гвинея жағалауында орналасқан.
Адамдардың әл-ауқаты артқан сайын көкеністермен жемістер олардың тағамдарынан көп орын алады. Оларда денсаулыққа қажетті микроэлементтер мен витаминдер болады.
Азық-түлік дақылдары ішінде ең басты орынды жеміс-жидек алады. Апельсин, лимон және қызанақ өндіруден бірінші орынды АҚШ, бананнан Бразилия, виноградтан Италия, мандариннен Жапония, сарымсақтан Қытай алады.
Майлы, қантты, жеміс және әсіресе сергітпе дақылдардың едәуір бөлігі дүниежүзілік рынокқа түседі. Басты экспорттаушылар көбінесе дамушы елдер ал импорттаушылар экономикасы дамыған елдер болып табылады.
Дүниежүзінің кейбір елдеріндегі суармалы жерлер
Ел Өндірілетін жерлердің ауданы, млн.га Суармалы жерлердің ауданы, млн.га Суармалы жерлердің үлес салмағы /%/
Тұтас дүние жүзі
Соның ішінде
Үндістан
ҚХР
АҚШ
Пәкістан
Иран
Индонезия
Мексика
Тайланд
Испания
Италия
Румыния 1500
143
147
123
22
18
14
24
7,5
11
9,5
10 230 астам
40,1
44,2
18,1
15,4
5,7
5,3
4,9
3,6
3,2
3,0
3,0 15
28
30
15
70
32
39
20
48
29
31
30
4 Мал шаруашылығы.
Мал шаруашылығы дәнді дақылдар секілді барлық жерге дерлік таралған. Мұнда шабындықтар мен жайылымды егістік жерлермен салыстырғанда үш есе артық территорияны алып жатыр. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Өндірілетін бүкіл астықтың жартысына жуығы малға жем ретінде пайдаланылатынын да ескеру қажет.
Дүние жүзінің мал шаруашылығы ең алдымен малдың таралуына байланысты. Мал басының жалпы саны 4 млрд-қа жақындап келеді. Мұның өзінде үш сала бастылары болады.
Қазіргі заманғы мал шаруашылығы әр алуан: оған мүйізді ірі қара мал, шошқа, қой-ешкі, буйвол, жылқы, есек қашыр және басқа да кейбір сүтқоректі жануарлар өсіру, сондай-ақ құс өсіру, омарта шаруашылығы, жібек құртын өсіру қамтылады.
Ірі қара өсірудің /1,3 млрд.бас/ арқасында одан сүт түгелдей дерлік және еттің 1/3 –інен астамы алынады. Интенсивті сүтті және етті-сүтті мал шаруашылығы қоңыржай белдеулердің орман және орманды дала зоналарында көбірек тараған. Мұнда мал қолда бағылады немесе қолда әрі жайылымда бағылады. Етті мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында өсіріледі. Онда отарлап, әрі жайылымда бағатын экстенсивті мал шаруашылығы басын. АҚШ-тың, Канаданың, Аргентинаның, Австралияның кейбір аудандарында көлемі ауқымды тауарлы шаруашылықтар нағыз «ет фабрикалары» шықты.
Ірі қара малдың саны жағынан бірінші орында Үндістан /32 млн.бас/, екінші орында – Ресей, үшінші орында – АҚШ. Ал, керісінше, әлемдік сүт өндіруден бірінші орында – АҚШ-ы, екінші – Ресей және үшінші орында – Үндістан, сонымен қатар Нидерланды, Белоруссия, Францияда жетекші орындарда. Жан басына шаққанда ет өндіруден алғаш орында АҚШ, Франция және Қытай.
Шошқа шаруашылығы /0,8 млрд. астам/ бүкіл дүниежүзілік ет өнімінің 2/5-сі алынатын негізгі көз. Ол адамдар тығыз қоныстанған аймақтар мен ірі өнеркәсіп орталықтарына, интенсивті мал шаруашылығы, картоп өсіретінаудандарға жақын орналасқан. Бүкіл дүниежүзілік шошқа басының жартысына жуығы Азияға ең алдымен Қытайға келді – 47 %. Шошқа шаруашылығымен Латын Америкасында – Бразилия, Мексика, Батыс Европада – ФРГ, Испания, Франция және Шығыс Европа — Ресей, Польша елдері шұғылданды.
Ет – жүн бағытындағы қой шаруашылығы /1,2 млрд.бас/ ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарға, биязы және жартылай биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарға тән. Биязы және жартылай биязы жүнді, жартылай қатты жүнді, қатты жүнді қой шаруашылығын бөліп қарастырды. Биязы және жартылай биязы жүнді қойдың жүнінен жоғарысапалы тері алады. Қаракөл шаруашылығы Өзбекстанда, Түркіменстанда, Қазақстанда, Тәжікстанда, Украинада, ОАР- да шоғырланған.
Қой шаруашылығының дүние жүзіндегі аса ірі аймағы – Австралияның дала және шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығы станцияларында /«шипстейнз»/ болды. Мұндай станцияларда қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің де едәуір бөлігі дүниежүзілік рынокқа түседі. Оны басты экспорттаушылар – экономикасы дамыған, сонымен бірге кейбір дамушы елдер.
Балық шаруашылығы
Балық аулау – адамизатың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол кемінде 15 млн. адамның тоннадайы балықты қолдан өсіру – аквакультура арқылы, оның ішінде жартысынан астамы – теңіз балықтары мен ондағы басқа да ірі организмдерден алынады. Балықты қолдан өсіру Қытайда бұдан 4 мың жыл бұрын басталған, бұл ел әлі күнге дейін әлемдік біріншілікті бермей келеді. Жалпы алғанда, аквакультура өнімдерінің 4/5-інен астамын Азия елдері берді.
Дүниежүзілік ауыл шаруашылық өндірісінің географиясы. Дүниежүзілік агроөнеркәсіп кешені (ДАӨК)
Жоспар:
1. Құрамы және орналасу ерекшеліктері, экстенсивті және интенсивті даму жолдары
2. Өсімдік шаруашылығы
3. Техникалық дақылдар
4 Мал шаруашылығы.
1.Ауылшаруашылығының тарихи-географиялық даму кезеңдерінде оның табиғи ортаға әсері, ғылыми — техникалық — әлеуметтік – экономикалық бірнеше сатыдан өткені байқалады. Әрбір сатыда еңбек бөлісуінің тауарлылығының жоғарлауына техникалық және энергетикалық деңгейінің өсуіне байланысты, агроценоздағы зат айналысы қарқындап, еңбек өнімділігі артып, жерді пайдалану өзгерді. Ғылыми тұрғыдан алғанда егіншілік жүйесінің дамуы, әсіресе үш танапты, кейіннен кең көлемді ауыспалы егістіктерге ауысуы өның өнімділігін жоғарылатты. Әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі заңдылықтардың бірі-бұл ауылшаруашылығындағы еңбеккерлердің үлесінің шамамен 2-3 % болуы. Активті тұрғындардың 47 % ауылшаруашылығында еңбек етсе, осы көрсеткіш АҚШ,Англия, Германия, Франция сиақты дамыған елдерде 2-3 %, ал қалған дамушы елдерде тұрғындардың 60-76 % ауыл шаруашылығында еңбек етеді.Жалпы алғанда ауылшаруашылығы материалды өндірістің басқа салаларымен салыстырғанда кешеуілдеп қалған, себебі еңбек өнімділігі төмен, әлемдік жалпы ішкі өнімнің тек 10 % ауылшаруашылығы береді.
Ауылшаруашылығының дамуының бірнеше сатылы кезеңдерден өтті.
— шамамен 10 мың жыл бұрын ежелгі адамдар табиғаттан жинаудан мәдени егіншілікке өткенде болды.
— екінші кезеңнің жетістігі ретінде біздің дәуірдің басында соқаның пайда болуы.
-үшінші кезеңде, 18-19 ғасырда Еуропада ауыспалы егістіктерді енгізу.
— төртінші 1930 жылдардан бастап трактор, комбайн сиақты техникалық құрал жабдықтардың пайда болып, олардың көбеюі.Нәтижесінде ауылшаруашылығында индустриалды кезең басталды. Сонымен бірге 1950-1960 жылдары егіншілікте тыңайтқыштар, мәдени дақылдардың жаңа сорттарын қолданудың негізінде ауылшаруашылығының интенситвті кезеңі басталды. 20 ғасырдың аяғында ауыл шаруашылығында ҒТР-дің жаңа бағыттары, әсіресе биотехнологиялық жаңалықтардың нәтижелері өндіріске енгізіле басталды. Сонмен бірге ҒТР ауышларуашылығына жанама әсері де елеулі деңгейде болды.Мысалы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық талаптар, транспорттық инфрақұрылымның дамуы. Европада, Солтүстік Америкада экологиялық таза өнім өндіретін агроөнеркәсіптердің қалыптасуына себепші болды. Өз кезегінде агроөнеркәсіп кешені үш саладан тұрады.
— Ауылшаруашылығы үшін химиялық заттар, тұқым, құрал –жабдықтар жасау, өндіру салалары.
— Ауылшаруашылығы
-Өнімді тасымалдау, өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар.
Ауылшаруашылығында өнім өндіру көлемін ұлғайтудың келесідей бағыттары бар.
— экстенсивті өндіріс, өнім көлемі негізінен өндірістің көлемін ұлғайту арқылы жүргізіледі. Мысалы, егіншілік жерлерді, мал басын көбейту, т.б.
— интенсивті өндіріс, өнім көлемі өндірістің өнімділігін арттыру арқылы жүргізіледін.Мысалы, егіншіліктің түсімін жаңа тұқым арқылы арттыру, малдың сүттік немесе еттік өнімділігін жоғарылату.
Ауылшаруашылығында негізгі өндіріс құралы жер болған себепті және тұрғындардың әлеуметтік құрылымына байланысты бір мемлекеттің өзінде әлеуметтік-өндірістік белгілері бойынша өзгешеленетін ауыл шаруашылығы аудандарын бөлуге болады. Соған байланысты көптеген ғалымдар ауыл шаруашылығын аудандасуына тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты бірнеше типтерген бөлген. Біздің елімізде А.Н.Ракитниковтың ұсынған типологиясы қолданылады. Ауыл шаруашылығы типі дегеніміз – бұл белгелі бір аграрлық қатынастардың тұрақты жиынтығы, тауарлық-мамандануы және шаруашылықты жүргізу жүйесі. Бір немесе бірнеше типтер таралған кең ареалдарды ауылшаруашылығы аудандары деп атайды. Жалпы ауылшаруашылығы географиясы өнеркәсіппен салыстарғанда баяу өзгеретін тұрақты сала. Соңғы уақытта әрбір табиғи аймақта өзімдік маманданған аграрлық өндірістер қалыптасқан. Соған байланысты қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының негізгі келесідей әлеуметтік – типтік топтары бар.
— дәстүрлі өнімін өзі тұтынатын немесе жартылай тұтынатын шаруашылық.
— дәстүрлі жартылыай тауарлы латифундистік- қожалықтық шаруашылықтар.
— нарықтық –тауарлы іскерліктік шаруашылықтар.
— мемлекеттік бірлестіктік шаруашылықтар.