АТ ҚҰЛАҚ

АТ ҚҰЛАҚ , атқұлақ (лат. Rumex confertus) – тарандартұқымдасы, қымыздық туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның солт., батыс, шығыс облыстарындағы өзен жағалауларында, орманды алқаптарында және шалғынды-жайылымды жерлерінде өседі. Биікт. 150 см-дей, сабағы тік, қырлы болады. Шоқтана біткен жапырағының сырт пішіні аттың құлағына ұқсас болғандықтан өсімдіктің аты соған байланысты қойылған. Шеті тілімденген, гүлшоғыры ұзынша келеді, кейде шоғырлана орналасады. Гүлшоғырына жиналған гүлі майда, ақшылдау. Мамыр – маусымда гүлдейді. Жемісі – үшқырлы жаңғақша. А. қ-ты мал жемейді. Оның тамырында 8 – 12% илік заттар бар. Одан сары немесе қара бояу алынады. Тамырынаналынғандәрілікзаттар – ішжәнетеріауруларына ем. Халық медицинасындабауыр ауруын емдеуге де пайдаланады, тұқымынанқайнатып алынған дәрімен дененің күйген жерін емдейді. А. қ-тың құрамында 13% белок, 2%-ға жуық шикі май және ерітіндітемірқоспасы бар. Сондықтан оның сабағы мен дәніненұнқоспасын алуға болады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *