АТҚОНАҚ

АТҚОНАҚ (лат. Phleum) – астық тұқымдасына жататын, қарабас шалғын деп аталатын дәнді шөптердің бір туысы, бір немесе көп жылдық өсімдіктер. Негізінен Жерорта теңізі жағалауларында өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Еуропада 18 ғ-дан бастап мәдени өсімдік ретінде өсіріліп келеді. Қазақстанның оңтүстік-шығыс, оңтүстік, орталық, шығыс аудандарында өседі. Атқонақтың далалық атқонақ, альпілік атқонақ, шашақты атқонақ, рожевиц атқонақсияқты түрлері бар. Олардың ішіндегі ең маңыздысы және жиі кездесетін түрі – шалғындық Атқонақ (Phpratensіs). Оның биікт. 60 – 100 см. Сабағы көп жапырақты болады. Жапырағытүп жағында көп болғандықтан, шоғырлана өседі.Гүлшоғыры – жалған масақ. Масағы ұсақ, бір гүлді келеді. Тұқымы – ұсақ ақшыл түсті, сопақша дән. Маусым – шілде айларында гүлдейді. Атқонақ – қолдан өсірілетін жоғарғы өнімді, бағалы мал азығы. Оның әр га-сынан 30 – 40 ц өнім алынады. Ылғал жеткілікті болса, жылына екі рет оруға болады. Атқонақтың топырақ тыңайту үшін де маңызы зор. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *