АТҚАМІНЕР

АТҚАМІНЕР — ел басқарушы қызметкердің ауызекі тілдегі жалпылама атауы. Халықтық дәстүрлі түсінікте олар кейде жағымды, кейде жағымсыз айтылады. Атқамінерлердің арасында өз ауылын, ұжымын пайдалы істерге жұмылдырғандары көп болды. Олардың мұндай қызметі ел шетіне жау тигенде, ашаршылық, жұт келгенде, ұжымдық шаруашылық, қоғамдық құрылыстар жүргізгенде т.б. жағдайларда айқын аңғарылған. Белгілі бір топтың немесе өзінің пайдасын ойлап кеткен атқамінерлер халық арасында жағымсыз әсер қалдырды. Әсіресе, кеңес дәуірінде солақай саясат ықпалымен елдің болашағын, халықтың тағдырын ойламай асыра сілтегендерді “шолақ белсенділер” деп те атаған. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *